Программа по предметам подготовительного отделения детских музыкальных


)  білім  алушының  ритм,  есту  қабілетін,  зейінін,  есте  сақтау



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата11.06.2020
өлшемі0,78 Mb.
#73005
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
1548748908238 (1)

1)  білім  алушының  ритм,  есту  қабілетін,  зейінін,  есте  сақтау 

жадын,  ойлауын,  шығармашылық  қабілеттерін,  елестетуін, 

музыкалық-эстетикалық талғамын дамыту;  

2)  балалардың  музыканы  тануға  деген  қызығушылығын  дамыту 

және оны қоршаған ортамен салыстыру; 



19 

 

3)  музыкалық  шығарманы  есте  сақтау  және  оны  талдау 



қабілетін дамыту

Тәрбиелік: 

1) жаңа музыкалық шығарманы және түсінік беретін материалды 

әрі қарай меңгеруге қажетті музыканы тыңдау мәдениетін тәрбиелеу; 

2)  үздік  классикалық  және  халық  өнері  үлгілері  негізінде  білім 

алушылардың музыкалық талғамын тәрбиелеу; 

3) тұлғаны зияткерлік және рухани дамыту; 

4) музыка мектебіне түсуге уәждемелеу. 

52. «Музыканы тыңдау» пәнінің бағдарламалық талаптары: 

1)  білім  алушылар  оқу  жылының  ішінде  әр  түрлі  музыкалық-

шығармашылық қызметтің түрлері бойынша практикалық біліктер мен 

дағдыларды  меңгереді:  музыканы  тыңдау,  ән  айту,  оның  ішінде 

ноталық  жазбаға  бағдарлана  отырып,  аспаппен  музыка  ойнау, 

музыкалық-пластикалық 

қимыл, 

суырып 


салу, 

орындалатын 

шығармаларды драмалау; 

2)  білім  алушы  музыка,  оның  ырғақтық-бейнелі  табиғаты, 

жанрлық  және  стильдік  түрлілігі,  музыкалық  тілдің  ерекшелігі, 

музыкалық  фольклор,  классикалық  мұра  және  отандық  және  шетел 

композиторларының  заманауи  шығармашылығы,  музыканың  адамға 

әсері,  оның  басқа  да  өнер  түрлерімен  және  өмірмен  өзара  байланысы 

туралы білімді меңгереді; 

3) оқу жылының ішінде білім алушы «Музыканттардың қатарына 

қосылу  мейрамы»,  «Музыкалық  сыйлық»,  «Күзгі  ноталар»  және 

басқалары  сияқты  ұжымдық  шығармашылық  істерге  дайындауға 

қатысады. 

53. «Музыканы тыңдау» оқу пәнінің мазмұны. 

Тақырыптық жоспарлау. 

«Әлем және музыка» тарауы. 

1-тақырып.  Адамдар  мен  балалардың  өміріндегі  музыка.  Халық 

және  композиторлық  (авторлық)  музыка.  Шығарманың  сипатын 

талқылау.  Музыканы  тыңдап  отырып  сурет  салу.  Термин  сөздердің 

сөздігін жасау.  

2-тақырып.  Музыка  және  көңіл-күй.  Музыканың  адамдардың 

көңіл-күйіне  әсер  етуі  және  музыкалық  шығарманың  көңіл-күйді  бере 

білу  қабілеті.  Тыңдалған  шығарманың  сипатын  талқылау.  Таныстыру 

слайдтарын  қарау.  Музыка  тыңдап  отырып  сурет  салу.  «Көңілді. 

Көңілсіз» музыкалық ойын. 

3-тақырып.  Музыка  жанрлары.  Ән.  Бесік  жыры.  Сөздікті 

терминдермен  толықтыру  жұмысы.  «Бесік  жыры»  фольклорлық 

шығарманы  тыңдау.  Шығарманың  сипатын  талқылау.  Ойын-әндерді 

жаттау  арқылы  ән  жанрын  меңгеру.  Әннің  әуеніне  сәйкес  қозғалу. 

Сөздікті  толықтыру  бойынша  жұмыс.  Негізгі  сөз:  ән.  Тақырыптық 




20 

 

таныстыру слайдын қарау. Музыка тыңдап отырып сурет салу. 



4-тақырып.  Музыка  жанрлары.  Марш.  Марш  және  оның 

ерекшеліктері  туралы  әңгіме.  Сөздікті  толықтыру  бойынша  жұмыс. 

Негізгі  сөз:  марш.  Марштармен  танысу.  Таныстыру  слайдын  қарау. 

Жылдам ойналатын ойындар, марштық қадамды жаттау. 

5-тақырып.  Музыка  жанрлары.  Вальс.  Вальстің  қимылдарын 

жаттау,  пластика  арқылы  музыканың  сипатын  жеткізу.  Сөздікті 

толықтыру бойынша жұмыс. Негізгі сөз: вальс. 

6-тақырып. Музыка және ертегі. Адамдардың өміріндегі ертегінің 

мәні. Терминдік сөздікті толықтыру бойынша жұмыс.  

7-тақырып.  Музыкадағы  аңыздар.  Музыкалық  аспаптардың 

шығуы. Домбыра туралы аңыз. Күйлерді тыңдау.  

8-тақырып.  Музыка  және  мультипликация.  Мультипликация  – 

өнердің түрі, оның ерекшеліктері және айрықша белгілері. Өнердің екі 

түрін біріктіру. Музыкалық бейнелер мен кейіпкерлерді салу. 

9-тақырып. Тоқсанның қорытынды сабағы. Өткен материалдарды 

қайталау. 

Музыкалық-ритмикалық 

жаттығулар 

мен 

ойындар. 



Тоқсанның нәтижесін шығару. 

10-тақырып. Табиғат және музыка: Сары-Арқа. Қазақстан туралы 

таныстыру  слайдын  қарау.  Күйлерді  тыңдау.  «Жез  киік  туралы  аңыз» 

таныстыру  слайдын  қарау.  Музыканы  тыңдап  отырып  табиғат 

бейнелерін  сурет  салу.  «Құс  қанаты»,  «Қос  мүйіз»  қазақ  халық 

билерінің  элементтерін  пайдалана  отырып,  музыкалық-ритмикалық 

жаттығуларды орындау.  

11-тақырып.  Шөл  дала.  Әлемнің  шөл  далалары  және  оларда 

мекендейтіндер  туралы  әңгіме.  Қазақстан  және  әлемнің  елдерінің 

композиторларының  музыкалық  шығармашылықтарындағы  табиғат, 

жануарлар  әлемінің  бейнесі.  Музыканың  мәнерлік  құралы.  Таныстыру 

слайдын  қарау.  Музыканы  тыңдап  отырып,  табиғаттың  бейнесін 

бейнелеу.  Аңдардың  қимылдарын  келтіре  отырып,  музыкалық-

ритмикалық жаттығуларды орындау. 

12-тақырып.  Теңіз  бен  су.  Музыка  мен  су  дыбыстарының 

ұқсастығы. Музының мәнерлік құралы. Негізгі сөз: тембр. Тақырыптық 

таныстыру  слайдын  қарау.  Музыканы  тыңдап  отырып,  музыкалық 

шығарманың кейіпкерлерін бейнелеу. Жылдам ойындар. 

13-тақырып.  Табиғат.  Табиғат  пен  музыка  жанрларының 

түрлілігі.  Музыкалық  пародия.  Музыканың  мәнерлік  құралы.  Негізгі 

сөз:  регистр.  Музыкалық  шығармаларды  тыңдау.  Таныстыру 

слайдтарын  және  табиғат  туралы  деректі  фильмнен  үзінді  көрсету. 

Музыка  тыңдап  отырып,  музыкалық  шығармалардың  кейіпкерлерін 

бейнелеу. Музыкалық-ритмикалық ойындар. 

14-тақырып.  Таулар.  Табиғаттың  байлығы  мен  үлкендігі.  Таулар 

және  олардың  ғажайып  тұрғындары.  Музыканың  мәнерлілік 




21 

 

құралдары.  Музыканың  дыбыстық  бейнелеу  құралдары.  Негізгі  сөз: 



динамика.  Музыкалық  шығармаларды  тыңдау.  Музыкада  бейнеленген 

музыкалық-ритмикалық  жаттығулар.  Қолдарға  арналған  музыкалық-

ритмикалық жаттығулар. 

15-тақырып.  Орман.  Табиғаттың  әсемдігі  және  құпиялығы. 

Орманның ғажайып тұрғындары. Музыканың мәнерлік құралдары және 

жанрлары  туралы  әңгіме  және  балет  жанрымен  шолу  таныстыру. 

Музыка тыңдап отырып сурет салу. Вальс элементтері бар музыкалық-

ритмикалық жаттығулар. 

16-тақырып.  Тоқсанның  қорытынды  сабағы.  Қайталау,  бекіту. 

Өткен  тақырыптар  бойынша  ауызша  сұрау.  Қозғалыстық  және 

зияткерлік  ойындар.  Өткен  шығармалардың  материалдары  бойынша 

викторина. Музыка тыңдап отырып сурет салу. 

17-тақырып. Бізді қоршаған әлем. Балалардың өміріндегі музыка. 

Балалармен олардың өміріндегі музыка туралы әңгімелесу. Музыкалық 

шығармаларды  тыңдау.  Мультфильмдерді  қарау.  Музыканы  тыңдап 

отырып сүйікті кейіпкерлері мен ойыншықтарын салу.  

18-тақырып.  Балалардың  орындауындағы  музыка.  Кішкентай 

орындаушылар  туралы  сұхбат-әңгіме  жүргізу.  Концерттерге  бару. 

Концерттерде  өзін  ұстау  этикасының  негізі.  Фортепиано  кабинетіне 

саяхат. Музыкалық шығармаларды тыңдау. Тік аппликация - бояуларды 

орындау.  

19-тақырып.  Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  қызметтің  негізгі 

түрі.  Музыкалық  шығармаларды  орындау.  Музыканы  тыңдап  отырып 

аппликация-бояуларды орындау. 

20-тақырып.  Әлем  балалардың  көзімен.  Циркке  виртуалды 

саяхат.  Клоундар  туралы  әңгіме.  Цирк  туралы  музыкалық 

шығармаларды  тыңдау.  Музыка  тыңдап  отырып  сурет  салу.  Клоундар 

мен цирк туралы әңгіме құрастыру. 

21-тақырып.  Классиктер  –  балаларға.  Балалардың  орындауына 

арналған  шығармаларды  жазған  композиторлар  туралы  әңгіме. 

Балалардың дүниетанымдық әсері арқылы музыка шығару. Музыкалық 

шығармаларды тыңдау. Қуыршақтың суретін салу. Жіптерден қуыршақ 

дайындау. 

22-тақырып.  Музыкадағы  тірі  табиғат.  Музыкада  табиғатты 

бейнелеген  композиторлар  туралы  әңгіме.  «Музыканың  мәнерлік 

құралдары»  тақырыбы  бойынша  терминдерді  қайталау.  Музыкалық 

шығармаларды тыңдау. 

Тақырыптық таныстыру слайдын қарау. Бояу немесе аппликация 

техникасындағы суреттермен жұмыс. 

23-тақырып.  Музыкалық  табиғат.  «Музыка  сурет  сала  алады  ма 

немесе  музыкалық  суреттер  қалай  салынады»  тақырыбына  әңгіме. 

Сөздікпен жұмыс. 




22 

 

Лад,  тембр,  регистр,  динамика.  Музыкалық  шығармаларды 



тыңдау.  Музыка  желісі  бойынша  тақырыптық  таныстыру  слайдын 

қарау. Штрихтау техникасындағы суреттермен жұмыс. 

24-тақырып.  Музыкада  бейнеленген  табиғат  көріністері. 

Музыкалық  құралдармен  қанық  жеткізуге  болатын  табиғат  көріністері 

туралы әңгімелесу. 

Шығармаларды 

тыңдау. 

Мультфильмді 

көру. 

Бояу 


техникасындағы суреттермен жұмыс. 

25-тақырып. 

Ересектерге 

арналған 

музыка. 

Музыкалық 

шығармаларды  тыңдау.  Тыңдалған  шығармалардың  желісі  бойынша 

таныстыру  слайдтарын  қарау.  Сурет  салу  немесе  қолдан  бұйымдар 

жасау. 

26-тақырып. 

Тоқсанның 

қорытынды 

сабағы. 

Өткен 


материалдарды қайталау. Викторина. Білім аушының таңдауы бойынша 

музыкалық-ритмикалық жаттығулар мен ойындар.  

27-тақырып.  Музыкадағы  жыл  мезгілдері.  Қыс  пен  көктем. 

Музыкадағы  қыс  пен  көктем  табиғатының  суреттері.  Қыс  пен 

көктемнің  айырмашылығы.  Музыкалық  пейзаж  бен  суреттеменің 

мәнерлілік 

құралдары. 

Музыкалық 

шығармаларды 

саралап 


қабылдауды,  музыканың  бейнелеу  ерекшеліктерін  ажырату  білігін 

дамыту. Жыл мезгілдері туралы музыкалық шығармаларды тыңдау. 

«Қыс.  Көктем»  таныстыру  слайдын  қарау.  «Қар  ұшқыны»  және 

«парақшалар» аппликацияларын орындау. 

28-тақырып.  Музыкадағы  жыл  мезгілдері.  Жаз  бен  күз. 

Музыкадағы жазғы және күзгі табиғат суреттері. Музыкалық пейзажды 

жеткізу  құралдары.  Музыкалық  шығармаларды  саралап  қабылдауды, 

музыканың  бейнелеу  құралдарын  ажырату  білігін  дамыту.  Жыл 

мезгілдері туралы музыкалық шығармаларды тыңдау. 

Жыл  мезгілдері  туралы  бейне  жазбаны  қарау.  «Күз»  таныстыру 

слайды.  Музыкамен  сурет  салу.  «Күзде  жапырақтардың  түсуі» 

музыкалық-ритмикалық қимыл. 

29-тақырып.  Оркестр  және  аспаптар  тобы.  Симфониялық 

оркестрдің қалыптасуы туралы қысқа әңгіме. Дыбыс шығару тәсілдері, 

топтар  мен  тегіне  жіктеу.  Симофниялық  оркестрдің  орындауыдағы 

музыкалық  шығарманы  тыңдау.  «Смфониялық  оркестр»  слайд-

таныстыру. Филармонияға саяхат. Аспаптарды салу (бояу). 

30-тақырып.  Қазақ  халық  аспаптары.  Қазақ  халық  аспаптары 

туралы  әңгіме,  оларды  топқа  жіктеу.  Жетіген  туралы  аңыз.  Күйлерді 

тыңдау.  «Қазақ  халық  аспаптары  оркестрі»  таныстыру  слайды.  Қазақ 

халық  оркестрінің  концерттеріне  бару.  Сөздікпен  жұмыс.  Аңыз-күй, 

жырау, күйші, ақын терминдері. 

31-тақырып.  Ерекше  аспаптар.  Шарманкамен,  музыкалық 

сандықшамен, челеста аспабымен, фисгармониямен, ара (пила) танысу. 




23 

 

Дыбыс  шығару  тәсілдерін  сипаттау.  Аспаптарды  тұрмыста  қолдану 



және  композиторлар  шығармашылығында  пайдалану.  Музыкалық 

шығармаларды тыңдау. Балеттерден күзінді көру. 

32-тақырып.  Аспаптардың  ғажайып  шеберханасы.  Халық 

аспаптарының  шеберлері  мен  шеберханалары  туралы  әңгіме.  Табиғи 

және  қолда  бар  материалдардан  балалардың  өздерінің  аспап  жасауы. 

Ұжымдық музыка ойнау. Практикалық қызмет арқылы шығармашылық 

қабілет  пен  өзін  өзі  танытуды  дамыту.  Таңдау  бойынша  музыканы 

тыңдау  және  танымал  әнді  ұсынылған  ритмде  өздерінің  шулы 

аспаптарымен сүйемелдеу. 

33-тақырып.  Оқу  жылында  өткен  тақырыптарды  қайталау. 

Музыкалық  шығармалардың  бейнелері  мен  кейіпкерлерін  визуалдау 

арқылы  ассоциацияны  дамыту.  Музыкалық  терминдік  сөздікті 

қалыптастыру.  «Аспапты  тап?»,  «Кімнің  дауысы  дыбысталуда?» 

ойындары. Музыкалық жұмбақтар. 

34-тақырып. Жаттығулар мен ойындар.  

54.  «Музыканы  тыңдау»  бағдарламасын  игеруден  күтілетін 

нәтижелер. 

Оқу  жылының  соңында  білім  алушылар  келесі  білім,  білік  және 

дағдыларға ие болады: 

1) өнердің түрі ретінде музының ерекшелігін түсінеді; 

2)  шығарманың  жалпы  сипатын  және  бейнелі  қатарын 

анықтайды; 

3) музыканың мәнерлік құралдарын анықтайды; 

4) музыкалық терминдерді біледі; 

5) ноталық сауаттың негіздерін біледі; 

6) өз ойларын жеткізуді, тыңдаған шығармалары туралы қысқаша 

әңгіме құруды біледі; 

7) симфониялық және халық музыка аспаптарын таниды; 

8) сабақтағы өзінің оқу қызметін бағалай алады;  

9) аудиалды мәдениеттің алғашқы дағдыларына ие болады; 

10)  коммуникативтік  қабілеттерге  және  сыныпта  араласу 

дағдыларына ие болады. 

55.    Балаларды  оқыту  нәтижелерін  қадағалау  және  бағалау 

портфолио құру, концерттерге, байқауларға қатысу арқылы жүргізіледі. 

Білім 

алушының 



портфолиосына 

концерттік, 

байқаулық 

көрсетілімдердің фото суреттерді, іштей және қашықтықтан өткізілетін 

музыкалық  байқаулардың  материалдарын  қамтилады.  Тыңдалым, 

концерттік,  байқаулық  көрсетілімдер  сабақтың  маңызды  қорытынды 

кезеңі  болып  табылады:  тыңдалымдар  әр  сабақтың  соңында  талдау 

мақсатында  жүргізіледі,  концерттік  көрсетілімдер  –  тарауларды, 

тақырыптарды  оқу  нәтижесі  бойынша,  қорытынды  концерттік 

көрсетілімдер оқы жылының аяғында ұйымдастырылады.  




24 

 

56.  Әр  жарты  жылдықтың  соңында  педагог  бекітілген  жеке 



жоспардағы  репертуарлық  тізбеге  енгізілген  өзгерістерді  көрсетіп, 

жоспардың  орындалуын  белгілейді,  ал  жылдың  соңында  білім 

алушының  музыкалық  және  техникалық  дамуына,  жетістіктері  және 

еңбек қабілеттеріне сипаттама береді. 

57.  Жылдың  соңында  берілген  мінездеме  білім  алушы 

даралығының келесі жақтарын ашып көрсетеді: 

1) музыкалық қабілеттерінің деңгейі (естуі, ырғақ, жады); 

2) білім алушының аталған аспапқа орындаушылық аппаратының 

сәйкестігі; 

3) аспапқа икемделу деңгейі; 

4)  жалпы  дамуы,  эмоциялығы,  қабылдауы,  реакциясының 

жылдамдығы; 

5) музыкамен айналысуға көзқарасы; 

6) еңбекке қабілеттілігі, жинақылығы; 

7) өз бетінше жұмыс істеу білігі; 

8) мәтінді талдаудағы сауаттылық дәрежесі; 

9) музыкалық шығармаларды меңгеру жылдамдығы; 

10) жылдың соңындағы жетістіктері; 

11)  білім  алушының  музыкалық-техникалық  дамуындағы 

кемшіліктері және оларды жеңу бойынша міндеттері. 

58.  Білім  алушыны  сипаттауда  мақсатқа  жетуге  ұмтылуы, 

көркемдік қиялының болуы, аспапты еркін игеруі, техникалық жағынан 

еркіндігінің  болуы  сияқты  жеке  қасиеттері  көрсетіледі.  Педагог 

баланың  барлық  ерекшеліктерін  ескереді,  жағымды  жақтарын  баса 

назар  қояды  және  дамыта  отырып,  осы  қабілеттерін  педагогикалық 

процесте оңтайлы пайдаланады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет