«Бірнеше жылдарда шетел
тілінде сөйлеуге үйрену қиын
болса, бала оған бар болғаны
бірнеше айда ғана үйреніп
алады.»
К.Д.Ушинский.
«Орыс тілі» бағдарламасына
түсіндірме жазба
Мектепке дейінгі жастағы балалар айрықша механикалық есте сақтау қабілетті, еш қиындықсыз естігенді жаттап алу қабілетін иеленеді. Олардың еліктеуге деген қабілеті өте жақсы дамыған.
Үйретудің ең басынан бастап балаларды орыс тілінде сөйлесу дәстүрін қалыптастыру қажет. Бірнеше «ережелерді енгізіп, сақтау керек: сәлемдесу, қоштасу, дене-күш сергіту сәттері, орыс тілінде қабылдандан әдептілік үлгілері. Мұндай «ережелер» балаларды шет тілде сөйлеуге оңай үйретеді, орысша сөздерге көшуді жеңілдетуге, бөбектерді тәртіпке үйретуге мүмкіндік беріп, сабақтың басталғанын, мұқият назар қою қажеттігін, қазір қысқаша сергу басталатындығын және соған орай қозғалуға болатындығын көрсетеді. Кіші және орташа топтардың балаларымен сабақтар өткізу уақытында балаларды мұғалімді айналдыра отырғыштарға отырғызу, ал дайындық тобында үстелді айнала отырғызу қажет. Бұл көбінесе «Мектепте» ойынында қолданылады.
Қиындықтарды оңай жеңу үшін көрнекілік құралдарын мұқият ойластыру қажет. Сабақтарда бұл құралдарды пайдаланған дұрыс, көрнекіліктердің арқасында балалардың назарын аударуды ұйымдастыруға болады. Балалардың назарын аударуды ұйымдастыру сондай-ақ іс-әрекетерді жиі ауыстырып отыруды пайдалану қажет. Балаларды есте сақтау, тақпақтар. өлеңдер, санамақтар, ұйқастар, жұмбақтар жаттау ерекшеліктерін ескеріп, мұны балаларға секіруге, ойнауға және т.с.с.. мүмкіндік беретін еркін жағдайда жасау қажет.
Менің бүкіл жұмыс тәжірибемнің уақытында мен орыс тілін оқытудың түрлі әдістемелерін қолдандым. Бұл әзірлемелерде маған бір тақырыпты 5-6 сабақ бойына қайталау ұнамайтын. Сондай-ақ бүкіл сабақтың тақырыппен сәйкес келуі. Оларда сабақтың мақсаты грамматикаға көбірек арналған. Тақырыпты түсіндіргенде, ол балаларды жалықтырып жібереді, сабаққа қызықтырмайды. Балалардың жас санаттарын ескере отырып, өзім құрастырған бағдарламада (мектепалды тобы) қайталауды қысқартып, лексикалық тақырыптарды қостым, сол грамматиканы ситуациялық ойын сәттерінде пайдаландым. Балалар орыс тілінде жыл мезгілдерін атауды үйренді, сұрақтар қойып, жануарлар (үй және тағы), оларға ненің ұнайтыны, қандай түсті ойыншықтарының бар екені туралы әңгіме жүргізді, өздері туралы өздерінің отбасылары, киімдері, үйлері, өздеріне ұнайтын істері және т.с.с. туралы айтты, сондай-ақ өлеңдер оқып, әндер айтты, ертеңгіліктерде орыс тіліндегі көріністер қойды.
Әрбір тақырып 2-3 сабақтан тұрады, олар екі аптаға жалғасады. Төртінші немесе бесінші сабақ, әдетте, бекіту және қайталау.
Келесі сабақтарды өзімнің қарауымша жоспарлап, одан әрі әдетте жаңа тақырыпқа дайындық жүргіземін.
Дайындық аясындағы балаларға арналған орыс лексикасының тақырыптары шамамен мынадай болды: «Әдептілік нысандары» «Танысу» «Үй жануарлары мен тағы жануарлар», «Құстар», «Дене мүшелері», «Түстер», «Санау», «Жыл мезгілдері», «Суреттеу әңгімесін құрастыру» және т.с.с.
Балалар көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты заттарды атайтын сөздерді бәрінен жақсы меңгерді.
Ауызша сөйлеудің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жақтарына үйрету өзара байланысында жүзеге асырылды.
Ойын түріндегі фонетикалық жаттығулар сабақтардың сюжетіне үйлесімді түрде енгізілді. Балалар орыс тілінде сөйлеу аппаратының жұмыс жасауының жалпы ерекшеліктері деңгейінде дыбыстау жағын меңгерді. Фонетикалық жаттығулар сөйлеу органдарының қозғалғыштығын, дамытады. Тек орыс тілінде емес, сондай-ақ туған тілде баланың дыбыстауы мен қиналып сөйлеуіндегі ақауларын жоюға ықпал етеді.
Бұл жаттығулар мыналарға бағытталған болуы тиіс:
дұрыс тыныс алуды жолға қоюға;
дауыстың динамикалық және әуезді диапазонын дамытуға;
сөйлеу органдарының қозғалғыштығын дамытуға;
орыс тілінің артикуляциялық базасының жалпы белгілерін жолға қоюға;
орыс тілінің дыбыстық жағын меңгеру үшін негіздер құруға.
Мұндай жаттығулардың мысалдары
На лужайке на ромашке
Жук сидит в цветной рубашке
Жу-жу-жу, жу-жу-жу.
Я с ромашкою дружу.
2. Мна, мно, мну, мны
Нра, нро, нру, нры
Сма, смо, сну, сны
Смы, шмы, смы, шно.
Орыс тілінің ерекшелігі балалардың назарын дыбыстарды дұрыс айту дағдыларына үйренуге аудару. Дыбыстау дағдыларын дамыту үшін және лексикалық бірліктерді енгізу үшін санамақтар мен ұйқастарды пайдалану қажет.
Сөйлеудің лексикалық жағын үйретуді көрнекілікке сүйене отырып жүргізу: ойыншықтар, суреттер: заттардың, сюжеттердің, іс-әрекет көріністері.
Іріктелген лексика мен сөз үлгілері балалардың қажеттіліктерін және осы жастағы балаларға тән тілдің өмірлік маңызды функцияларын көрсетеді.
Баланың қажеттіліктерін қанағаттандыру, ересектермен және басқа да балалармен өзара іс-қимыл жасау және қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаның мүдделерін іске асыру, әуестік, қиялдау, тіл табысқыштық.
Кейбір лексикалық бірліктерді жақсы меңгеру үшін (мысалы: доп, ит, машина) өз сабақтарымда мен түрлі-түсті көрнекілік құралдарына сүйене отырып, дыбыстық ұйқастарды пайдаландым.
Бұл ұйқастарды жаттай отырып, балалар лексикалық бірліктерді қуана меңгерді, нақты дыбыстау дағдыларын алды.
Грамматиканы үйреткенде балаларға қызықты және қолжетімді нысанда түсіндіруді пайдаландым (грамматикалық ертегілер, тарих, тақпақтар, әзіл өлеңдер). Бірінші кезеңде (орташа топтар) грамматиканы түсіндірмедім. Грамматикалық құрылымдарды сөйлеу үлгілері түрінде енгіздім. Балалар оларды жаттады, кейін сөйлеуде қолданды. Екінші кезеңде (дайындық тобының балалары) мұндай түсіндірулерді ойын түрінде оқу процесіне қостым. Олар өте қарапайым және қысқа. Бұл жаста балалар мұғалімнің ұзақ уақыт түсіндіргенін қабылдамайтындықтан. Сөйлеуге үйрету және аудирование тек сөйлесу нысанында жүргізілді. Олар баламен диалог нысанында, бүкіл топпен балалар арасында немесе ойындар барысында ойыншықтармен жүргізіледі.
Сөйлеу мен аудированиеге арналған тілдік материал негізінен қоршаған заттардың атауларын, сондай-ақ іс-әрекеттерді қамтиды.
Аудированиеге арналған барлық сөйлеу үлгілері сабақтарда сөйлесу және ойын жағдайлоры уақытында енгізілді.
Төрт-алты жастағы балалармен жұмыс жасауда сабақтарда ойын сәттерін пайдаланудың, оларды үнемі ауыстырып отырудың үлкен мәні бар. Үзақ түсіндіруді туған тілге және иллюстрацияларға сүйенген әңгімелермен алмастыруға тура келеді. Бұл жастағы балалардың тұрақсыз назарын ашық жарқын, бейнелі көрнекілікпен тоқтатуға болады. Сондықтан сабақтарда мен ашық жарқын түстегі суреттерді, заттар мен ойыншықтарлы пайдаландым; мұның барлығы балалардың бейнелі және ассоциативтік есте сақтау қабілетін дамытты, ал нақты міндеттері қою сөздік логикалық есте сақтауды дамытты.
Төрт-алты жастағы балаларды орыс тіліне үйрету балалардың осы тілге қызығушылығын тудыруға және осы тілде сөйлесуге деген ұмтылысын оятуға бағытталды. Сөйлесу ойын жағдайларында ұйымдастырылды, оларда балалар ойыншықтар, өздері, топтағы достары, олардың түрлі ойындардағы әрекеттері туралы ақпарат алды. Балаларды орыс тілінде сөйлесуге тарту мақсатын жүзеге асыру үшін балалардың мені мұқият тыңдауына, менің түрлі жағдлайлардағы сөздерімді түсінуіне, менің өтініштерім мен нұсқауларыма барабар әрекет етуіне қол жеткіздім. Балаларды орыс тілін тек қана сабақта сөйлесу үшін емес, сонымен бірге достарымен ойнағанда пайдалануға үйреттім.
Ойын- балалардың сүйікті ісі ғана емес, бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қызметінің жетекші түрі. Ойынның көмегімен оқу қызметіне тарту жүзеге асырылады. Ойын баладан ерікті назар қоюды, ерікті түрде есте сақтап қалуды, эмоционалдық сабырлылықты талап етеді. Өйткені әрбір ойынның ережелері бар, балалар ойындардың заңдары бойынша мұқият назар қоюы, бұл ережелерді сақтауы, әдепті болуы, өзінің еркін ойынның міндеттеріне бағындыруы тиіс.
Сабақтарда әртүрлі ойындарды ұйымдастыра отырып, балалардың орыс тілінде сөйлеу тілегін немесе ең болмаса ойынға қатысу үшін орыс тілінде қалай айту керектігі туралы ойлану тілегін тудырдым.
Ойын тәсілдері шексіз алуан түрлі. Олардың кейбіреулерін атап өтуге болады:
1. Қозғалыс ойындары (жаттығу, жануарлар болып, ойнау, назар қою ойындары);
2. Қозғалыспен сүйемелденетін тақпақтар, әзіл өлеңдер, және әндер;
3. Ойындар-жарыстар (балалар командаларға бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындайды);
4. Доппен ойнау (сұрақ-жауап, сөздік жұмысы);
5. Үстел үсті ойындары (лото, домино, кесілетін картиналар);
6. Телефон ойыны;
Рольдік ойындар.
Қорыта келе , орыс тілін үйрету жеке тұлғаның түрлі жақтарын: есте сақтауды, назар қоюды. тәртіпті дамытатындығын атап өткім келеді. Баланы неғұрлым белсенді ете түседі, топтағы жұмыстың ұжымдық түрлеріне үйретеді. Әуесқойлығын, артистік шеберлікті оятады, баланың зияткерлігі мен талғамын қалыптастырады. Оның үстіне, ерте бастан-ақ балалардың тілдерге деген қабілеттерін анықтаудың және оларды болашақта тілді мақсат қойып үйретуге дайындаудың шынайы мүмкіндігі пайда болады.
«Балабақшадағы орыс тілі» бағдарламасы
Мақсаты:
Балалардың орыс тілінде сөйлеудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру. Өзінің мақсаттарына жету, туындайтын жағдайларда ойлары мен сезімдерін білдіру үшін орыс тілін пайдалану. Тілді одан әрі үйрену үшін оң бағдар беру, қызығушылығын ояту. Сөзге деген белсенді-шығармашылық және эмоционалдық-эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу. Барлық дыбыстардың, тіркестерде, сөз құрамында дұрыс дыбысталуына қол жеткізу. Шағын суреттеу әңгімелерін түрлі-түсті иллюстрацияларға сүйене отырып, құрастыруға үйрету. Байланыстырып сөйлеуде сөйлем-мазмұндау түріндегі ең қарапайым элементтерді пайдалана білу. Түсіну және сұрақтарға жауап беру.
Міндеттер:
Әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Баланың өзбетімен ойлауын, логикасын, есте сақтауын, қиялын дамыту. Оның эмоцияларын қалыптастыру.
Оның коммуникативтік-танымдық қабілеттерін дамыту.
Оқу процесіне деген күшті уәждеме қалыптастыру, бүгінге дейін алынған дағдыларды дамыту және жетілдіру.
Белсенділікті, ортақ жұмысқа қатысу тілегін, тапсырманы соңына дейін орындауға тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер:
Заттық және сюжеттік иллюстрацияларды қарау, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Тақпақтар, жұмбақтар, санамақтар, фонетикалық жаттығулар оқу, сөздік жұмыс.
Дидактикалық ойындар, қозғалмалы ойындар, үстел ойындары, сөз ойындары, кәртішкелермен жұмыс.
Әңгіме, диалог, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Орыс тіліне үйрету өзінің ақырғы нәтижесі ретінде балалардың ауызша түрде өз ойларын грамматикалық дұрыс, жүйелі, дәл, мазмұнды, интонация тұрғысынан әдемі айту қабілетін қалыптастырады.
Қарапайым және күрделі командаларды түсіну, затты және жағдайды суреттеу.
Өзін атауды білу, үйдегілер, ойыншықтар туралы әңгімелеу, заттар мен іс-әрекеттердің жиынтығын білдіру үшін «және» шылауын пайдалану,.
Өтініш және ризашылық білдіргенде, сәлемдескенде, қоштасқанда сөйлеу әдебінің үлгілерін пайдалана білу.
Диалог сөзінің дағдыларын меңгері: сұрақ-жауаптық сөйлеу әрекеттерін орындау, өтініш немесе бас тартуды білдіру, шағын тақпақтарды жатқа оқу, орыс тілінде көріністерді ойнау.
Сөздік жұмыс:
Балалардың сөздік қорын заттарды, қасиеттерін, олардың әрекеттерін білдіретін сөздер есебінен кеңейту. Сондай-ақ антонимдер мен синонимдер. Еркін сөйлеуде мағынасы жағынан неғұрлым дәл сөздерді қолдану. Сөйлеуде сөйлемдерді көп қолдану, диалогтың қысқа және толық нысанында ойларын білдіру.
І тоқсан
Балаларды шетел тілін қабылдауға үйреті. Өтініштерді түсінуге және оларға әрекет етуге үйрету, сөйлегенде қоршаған адамдармен байланыс орнату үшін қажетті сөздерді пайдалану. Түсті, затты, сондай-ақ қорытушы сөздерді білдіру үшін мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді қолдануға үйрету.
Балалардың сөз шығармашылығын, бір сөзден түрлі сөздер жасау қабілетін дамыту. Мұғалімді тақпақтар мен ертегілер оқу уақытында мұқият тыңдауға және тыңдағанды бекітуге үйрету. Сөз бен дыбыстар туралы ұғымды нақтылау және дамыту. Фонетикалық жаттығуларды пайдалану арқылы ызың дауыссыздарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
ІІ тоқсан
Балаларды қатаңдығы мен ұяңдығы бойынша ажыратылатын дауыссыздарды естігенде анық ажырата білуге үйрету. Балалардың шағын сөйлемдерде антонимдер мен синонимдерді табу қабілетін дамыту. Сөйлегенде қорытушы сөздерді қолдану дағдысын дамыту. Сөздерді көпше түрде құрау дағдысын қалыптастыру – жануарлардың, кәсіптердің, көліктің атаулары және т.с.с. Сюжеттік иллюстрациялар бойынша суреттеу әңгімелерін, сөздік қорға сүйене отырып, қалыптастыру. Сөздерді естуді, интонацияны қолдана білуді, көркем туындының мазмұнын айту үшін мәнерлілікті дамыту. Мұғалімнің әңгімесін ойдан жалғастырып, аяқтауға үйрету.
ІІІ тоқсан
Балаларды нақты жағдайда неғұрлым дәл сөздерді қолдануға үйрету. Балаларды сөздердің көпмағыналылығымен таныстыру. Балалардың сөйлеудегі бастамашылдық мәнерлілігін, сөйлесу мәдениетін дамыту. Қорытуды білдіретін сөздерді сөйлегенде белсенді пайдалану. Картиналар бойынша, оқиғалардың орны мен уақытын көрсете отырып, сюжеттік әңгіме құрастыру. Түрлі құрылымдағы сөздерді дыбыстық талдау дағдысын жетілдіру. Балаларды орыс әліпбиінің 18 әрпімен таныстыру.
«1. Ойынға кіріспестен бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз: ойынның мақсаты қандай, бала онда неге үйренуі қажет?
Қандай сөйеу әрекетін орындауы тиіс: сөзбен жасалатын әрекеттің бірі ме әлде сөйлеу құрау ма – дәл қандай және қандай модель бойынша?
Бала мұндай сөйлемді құрастыра ала ма, онда қосымша қиындықтар болмай ма?
Осы сұрақтарға жауап бергенде, өзіңіз балаға айналып, осындай модель бойынша сөйлеу қандай қызықты жағдайда туындауы мүмкіндігін ойлаңыз.
Бала бұл жағдайды бірден қабылдайтындай жағдайды ойластырыңыз.
Өзіңіз балалармен барыңызды салып ойнаіыз.
Бұл үзіндіде үйретуші ойынның басты қасиеттері ескерілген, олар оның атауының өзінде белгіленеді: ол үйретуші болуы тиіс және ол ойын болуы тиіс.
Бес-алты жастағы балалардың сөйлеуді естуі және тілдік есте сақтауы өте жақсы болады. Олардың сондай-ақ тілді эмоционалдық-бейнелік қабылдауы күшті дамыған. Сөздің нысаны, дыбыстық қабығы, сөздің үйлесімділігі мен ырғақтылығы, әдемілігі мен мәнерлілігі бұл жастағы балалар үшін лексикалық мәнінен және грамматикалық құрылысынан маңызды. Сөз оларды ең алдымен өзінің әуезділігімен тартып алады.
Тілтабысқыштық пен оң бағдардың болуына келсек, онда бес-алты жастағы балалар көп жағдайда жеткілікті дәрежеде тілтабысқыш болып келеді. Олар әуесқой және әлемді белсендірек тануға ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |