Мадақтау және жазалау.
Оқытушының педагогикалық әдептілігі қатысушының ынталандыру кезінде мадақтау және жазалау әсерінен көрінеді. Осы екі шараны қолдану кезінде, тәрбиелеушінің ойын, оның мотивін, іс-әрекетін, қылығын ескеріп, оның орнына өзіңді қоя білу керек.
Мадақтауды қолдану кезінде – тәрбиелеу әдістемесіне сүйене отырып, тәрбиеленушіге қалай әсер ететінін ескерген дұрыс. Ең бастысы мадақтау кезінде, мадақтаушының еңбекқорлығына, ынтасына, жігерлігіне, ұмтылысына, ерік – жігеріне, ортада өзін жоғары ұстауына, іс-әрекетіне мән берген жөн. Бір жағнан мадақтау кезінде, бірдей нәтиже көрсетіп отырған мадақтаушылар мадақтауды әртүрлі қабылдайды. Оларды анықтау үшін, мадақтаушының ұмтылысына, оның сенімділігіне, дайындығына, мотивіне, қылығына қарап мадақтайды. Әрине, оқудағы үлгіріміне, еңбегіне, өзі-өзінің сенімділігіне, сондай- ақ спортта да мадақтау қажет. Мұның ең басты мақсаты, басқа әдістемелелер сияқты тәрбиенің әдептілігі- тәрбие әдептілігінің жоғары қалыптасуы. Мадақтау оқытушыдан және ұжымнан айтылуы қажет. Егер оқытушы беделді болмаса, тәрбиеленушімен дау-дамайда болса, оқытушының мадақтауын тәрбиеленушілер ұжыммен қарым-қатынасын түзету ретінде қабылдайды. Проблеманы қарай отырып, италян психологі Ю.А.Цагарелли осыған байланысты жұмыс жасады. Ол өз-өзін бағалау қажеттілігін ғылыми тұрғыда және қоорғаныш компонентті ретінде түсіндірді.
Г
Ц агарелли формуласындаА =
З
А- дәл өз-өзіне баға беру
Г- ғылыми компоненттері
З- қорғаныш компоненттері
З жоғары болған сайын, сенімсіздік күшее түседі және дәл өз-өзіне баға беру азая түседі, тәрбиеленушіне мадақтау кезінде осыны ескеру қажет.
«Адам денсаулығының психологиясы» тестінде американ психологі К.Роджерс ұсынады, субъектінің көзқарасын, оның жағымды жақтарын, өзінің жеке психологиялық қабілеттерін көрсетеді. Мадақтауда жиі қолданған осы түсінікті жақындата түседі. Осы түсініктер жақындаған сайын, психологиялық денсаулыққа деген қабілеті одан бедел жақындай түседі және жеке тұлға ретінде қалыптасуыға көмектеседі. Ұнамды баға адамды- жоғарытады, ал ұнамсыз – төмендетуге дейін жеткізеді.Мадақтау тәрбиелейді, егерде бұл психологиялық тұрақтанса. Оқытушы оқуына және тәртібіне қарап, қорытынды жасап мадақтайды.
Көп жағдайда педагогикалық әдептілікті бұзғандарға жазалау жүргізеді. Бұл байқаусыздан ба? Жоқ, деп ойландырады. Педагогикалық әдептілік теориясы мен практикасында басқа тәрбие жұмыстарын жүргізетін әдістеме жоқ. Барлық педагогика тарихында, жазалау- адамның белсенділігі туралы ең қиын әрекет, бірақ та бөлек оқытушылар, қоғамдық ортада ұсынушылар ең жақсы және ең қарапайым – бұл тәрбиеленушіге беретін жазалау деп ойлайды.
Ең көп тараған ой, бұл жазалау қаншалықты ауыр болса, ол соншалық эффектілі болады.Біз, көрікті оқушыны үнемі жеңіл жазалап, ал ұнамсыз оқушыны – қатаң жазалаймыз. Бұл жерде жиі оқытушылар ескерту алып отырады. Практикада оқытушылар, әсіресе жас мұғалымдар қаталдықты төмендетеді. Жалқаулық, жеңілдік осы қаталдықтың болмауынан байқалады. Осының барлығы оқу процесінде еркіндікті, оқу-тәрбие процесіне, мұғалімнің сенімділігіне ие болып, ұжымға кедергі келтіреді. Тәрбие берушінің ақылдылығы- педагогтыңерекше қалыптасуын көрсетеді, қатысушы мықты болса, оған деген талапта соғұрлым жоғары болу қажет. Жазалау– барлық ұжымды тәрбиелеу шарасы. Сондықтан да жаза қолдану барысында жеке емес, барлық ұжым алдында қолданған жөн. Әрине, 1-ші жаза жеке айтылады. Жазаны орындамаған жағдайда, мұғалімнің репутациясына әсерін тигізеді. Сондай-ақ ұжым лидеріне, соның ішінде холериктерді жазалған жағдайда жеке айтқан дұрыс болар.Мақсаткерлік әрине тек іс -әрекетіне қарай айта алмаймыз, 1- шіден , - тәртіпсіздігін, жауапкершіліксіздігін, жалқаулығын, сөйлеу мәлениетін, аморальдық іс-әрекетін ескеру керек. Егер қатысушы ынтасын білдірсе, оны әңгіме етіп немесе жазалау қажет емес. Жазалау кезінде ең алдымен мотивтерін білген абзал.
Мұғалімдер Ф.М.Достоевскийдің нақыл сөздерін ұмытпаса керек, ол жазалау ар -амысынан арылтады деген болатын. Жай жазалаған дұрыс, жазалаушының көңіліне, ар-намысына тигізбеу қажет.Педагогтің әдептілігі оның жас ерекшелік және қатысушылардың индивидуалдық қабілеттерін, оның жұмсақтығын, қарым-қатынаста сыпайылығын және қайсарлық санасында, олар: алған іс-әрекетін соңына дейін жеткізу, өз -өзін ұстауы, шыдамдылығы. К.Д.Ушинский мектебінде- салмақтылық басым болу керек, қалжынды түсініп, бірақта әрдайым қалжындауға болмайды, әдептілік түрткісіз, жақсылық жамандықсыз, тәртіп әдептіліксіз болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |