PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Оқушылардың әлсіз жақтарына шыдамдылық таныту



бет45/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Оқушылардың әлсіз жақтарына шыдамдылық таныту.
Темпераментті анықтау:

  1. Сіз алдын-ала жоспарланған жұмысты қалайсыз ба?

  2. Сіз жылдам атқарылуы керек жұмыста өзіңізді қанағаттанарлық жағдайда сезінесіз бе?

  3. Танысу кезінде басты қызмет сізде болады ма?

  4. Сізге тез және ұтымды әрекет ету тән бе?

  5. Сіз өзіңізді ашуланшақ адам санайсыз ба?

  6. Көп адамдармен қарым-қатынас жағдайында сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

Кез келген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, иә жауаптарын санайсыз. 3-тен басқа кез келген сан өңдеуге алынады. Егер 3 алсаңыз, сіз белсенді адам болсаңыз, 3-ті 4-ке ауыстырыңыз немесе керісінше 2-ге ауыстырыңыз.

  1. Сізде себепсіз өзіңізді бақытты немесе бақытсыз сезіну болады ма?

  2. Сізге себепсіз жақсы көңіл-күйден нашар көңіл-күйге ауысу тән бе?

  3. Сіз жиі нашар көңіл-күйде боласыз ба?

  4. Сіз ойыңызды жинақтайын деп тырыссаңыз да, ойыңыздың шашырауы бола ма?

  5. Сізде әңгіме барысында ойыңыздың бөлінуі болады ма?

  6. Сіз өзіңізді бір кездері күшті, ал кейбір кездері әлсіз сезінесіз бе?

Егер сізде көңіл-күйіңіз жиі ауытқып отыру тән болса, 3-ті 2-ге ауыстырыңыз немесе бұл қасиеттер тән емес болса, 4-ке ауыстырыңыз.
Көлденең ось бойынша бірінші топ сұрақтарының нәтижесін, тік ось бойынша – екінші топ сұрақтарының нәтижесін белгілейсіз.
Алынған нүктеге перпендикуляр жүргізіп, нүктелердің қиылысқан жеріне белгі қойыңыз. Сол сіздің темпераментіңіздіанықтайды.Педагогикалық зерттеулер қатарына электрофизиологиялық, радиотелеметриялық әдістерді де жатқызуға болады.


Барлық оқытушылар оқушыларға мінездеме жасай отырып, оқуға маңызды жақтарын ескереді. Мысалы: сабаққа қарауы, оқытушыларға қарым-қатынасы, болашақ мамандыққа көзқарасы, психикалық процесстер – зейін, ойлау, ес, мінез сипаттары – тәртібі, үлгерімі,сөзіне және ісіне жауапкершілігі.Кейбір педагогтар оқушылардың тек ішкі сезімдерін ғана қабылдайды. Мұндай жағдайда бағалаудың дұрыстығы аз болады. Кейбір оқытушылар тек психикалық қасиеттерін қабылдайды. Бұл да қате болады. Сол себепті жақсы оқитындарды жиі оқытушылардың барлығы жақсы көріп, нашар оқитындарды керісінше болады.Жақсы оқу психологиялық жақындықтың себебі бола алмайды.Кейде симпатияның туындауына жағдайдың да әсері болады. Оқытушы достарының балаларына, шахматшыға (егер өзі де осы ойын түрімен айналысса), жақсы даусы барларға (егер өзі де ән салса) және т.б. жақын болуы мүмкін.Педагог этикасы оқушыларға және бүкіл сыныпқа қарым-қатынасы бірдей болуы керек. Сондай-ақ оқытушы жеке тұлғаның теріс қылықтарына қарап, оны ешнәрсеге жарамсыз деп санауға болмайтынын естен шығармауы керек. Әсіресе, басқаларды да оны қайта тәрбиелеуден ештеңе шықпайды деп көндіруге болмайды. Жастарда жиі жаңа оқытушыға, оқу өзгерістеріне, тұрмыста, күнтізбеге, еңбегін төмен бағалағанда өзгерістер байқалады.Мұны білетін тәжірибелі оқытушылар оқушылармен алғаш кездесуге жақсылап дайындалады. Тәжірибелі педагог алғаш кездесуде жыл бойына не оқытылатынын қызықтырып айтып береді. Педагог – ұйымдастырушы – орманға, мектеп музейіне экскурсияға апарады. Шебер – кесу, қырқу, тігу, мектеп ауласындағы жұмыстарға үйретеді. Зерттеуші үзілістен келесі үзіліске дейін барлық оқушы жұмыс жасайтындай эксперименттік жұмыс ұйымдастырады.
Көптеген оқытушылар мінездемеге оқушының тек психикалық білімін (білім, дағды, әдеттерін) және қабілеттерін ғана тіркейді.Мінездемелерде көбінесе жеке тұлғаның саяси мәдениетке, мамандық таңдау қабілеті, сабақ қатынасы жайында айтыла бермейді.Оқушыларды зерттеуі бойынша педагогтың шығармашылық жұмысы, білім мен іскерлікті қажет етеді. Тәрбие нәтижесін талдау, даму деңгейін анықтау, оқушыны әр қырынан бағалау қабілеті болуы керек. Жас оқытушылар, 5 жылға дейін жұмыс өтілі барлар, тәрбиеленушілерді терең және жақсы түсінеді. Оларда оқушылардың ішкі дүниесін түсінуге кедергі жасайтын шаблондық реакциялар қалыптасып үлгермеген. Бірақ жас оқытушылар да уақыт өте қартаяды және оқушыларды бағалай алу қабілеті біртіндеп жоғала бастайды. Сондықтан барлық педагогтарға, әсіресе, үлкен оқытушыларға жасөспірімдердің әрекетін анықтай алуды үйренуі қажет.Адамды дұрыс түсінуі оқытушының тек жасына байланысты. Жас оқытушылар оқушылармен қысқа уақыт жұмыс жасағандықтан, ең бастысы жақын қарым-қатынас жасамағандықтан жастарды тұрақты бағалай алады. Ал жиі қарым-қатынас адамның ішкі дүниесіндегі өзгерісті байқауға кері әсерін тигізеді. Ұзақ қарым-қатынастан оқытушы жеке тұлғаның тек ескірген қасиеттерін ғана қабылдайды. Мысалы: оқушының ұзақ уақыт бойы нашар оқығанына қарамастан өткен жылы жақсы оқығандықтан, оған жоғары баға қоюы. Оқушылар әр педагогқа әртүрлі қарайды. Көбінесе орташа оқитындар оқытушыларға мінездемені дұрыс береді. Өйткені жақсы оқитындар оқытушыны мақтан тұтып, оның тек жетістіктерін ғана айтады, ал нашар оқитындар керісінше. Қыздар оқытушыларды ұлдарға қарағанда тереңірек талдайды. Олар сезімтал, оқытушының кемшіліктерін айтқанды ұнатады. Оқушылардың өзіне қарым-қатынасына қарап өз-өзіне баға беруі педагог – шебердің ең маңызды перцептивтік қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет