PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет42/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Өзара түсінісу механизмдері
Бұл механизм - ерсі жағдайдатаныс пен беймәлім таныс арасындағы байланысты қарастырады. Топаралық механизм өзіне тән тарихқа ие. Олар тұрақты және кең көзқарасты және адамға қоғамның дайын, жазылған тарих дамуын, құқығын, міндеттерін, артықшылығын, тұлғаның қажеттіліктен арылуды ойлануын және іс-әрекетіне жаңа қағида ойлап шығаруға мүмкіндік береді. Өзара түсіністік механизм ілімі кез-келген тәуекелшілдік бұрмалауға және педагогтың оқушылармен және балалар ұжымымен өзарақатынасының тактикасын мистификациялауға қарсы тұрады,педагогтың жұмысын шығармашыл және тиімді қылады. Ол үлкендерге қарым-қатынаста табысқа жетуге,жұмыстан терең моральды қанағат сезімін алуға көмектеседі.Өзаратүсіністіктің механизмдері, адамның эмоционалды жағдайы басқа адамды бағалауда әсер ететіндігін естен шығармау керек.Басқа адам жайлы түсінік пен өзіндік тануда тығыз байланыс бар.Басқа адам тодығырақ ашылса, педагогтың өзі туралы түсінігі дұрыс болады,себебі өзін-өзі тану- бұл өзімізді әрдайым айналадағылармен салыстыру процесі.Басқа жағынан қарғанда, дұрыс өзіндік бағалау- басқа адамдар жайлы нақты түсініктің кепілі.
Тұлғааралық механиздер
Тұлғааралық механизмдері тым астарлы және икемді,сондықтан олар бырыңғай жеке-дара.Қарым-қатынас психалогия саласының білікті маманы Л.А.Петровская қызықты эксперименті жайлы өзінің жұмысында баяндайды. Лектор қарым-қатынас проблемалары турасындағы лекциясы барысында аудиториядан ешкімді алдын-ала ескертпей өзіне екі адамды көз жүгіртіп белгілеп алып,келесі іс-әрекетке көшті.Алдымен белгілі бір сылтаумен лектор таңдалған «құрбандықтың»бірін қатаң,сұсты бет-әлпетімен қарама-қарсы байланысты негативті әсермен сөкті.Сосын сол себепті сылтаумен жұртшылық алдында екінші таңдалған тыңдарманға достық қатынастағы сезімді арқадан сипау арқылы білдірді.Осы екі демонстративті актінің нәтижесі әрдайым бірдей болып шығатыны анықталды.Қатаң негативті қарсы байланыс басқа да тыңдармандарға да қолданылды.Сол уақытта позитивті қарсы байланыс экспериментке таңдалғандар мен тыңдармандарды ғана емес,бүкіл аудиторияны да таң қалдырды.Өзінің қауіпті операциясын аяқтай отрып,лектор қатысушыларға қабылдаудың позитивті қарсы байланысының көрнекі иллюстрациялық спецификасының куәгері болғандықтарын түсіндіруге асықты.Эксперименттің екінші бөлімінде аудиторияның эмоционалды реакциялары шын мәнісінде қатаң сөгу, адамды ұрысу- бұл қарым-қатынастың ең жеңіл формасы екенін көрсетеді. Тұлғааралық механизмге: рефлексия, эмпатия, жекелік идентификациясы жатады.
Рефликсия- деп өз-өзін және басқа адамды ақыл, логика, сөз арқылы және шын мәнісінде қалай қабылданып және бағалану түсінігін айтамыз. Рефлексиямен басқарушы тұлға, өзінің мінезінің тактикасынан және қарым-қатынастағы серіктесінің мінезінен ақыл ішінде бірнеше рет ұтылғанымен, қажеттілік жағдайында өзінің мінезін оңай өзгерте алады. Рефлексияның күрделі процесі қарым-қатынасқа түсудегі бет-әлпет көрінісін көрсететін өзара 6 бағыттан тұрады: Тұлға, шын мәнісінде ол қандай, бұл тұлға серіктеспен қалай қабылданады және өзін қалай көреді және осы 3 бағытқа басқа серіктестің қатынасынан тұрады.Басқалар өзін қалай ойласа,өзін «мен сондаймын» депойлайтын шеттелген адамдар да кездесіп жатады.Тұлғаның ішкі өмірі қиынырақ болған сайын,рефлексияның толығатыны анық.Адам тәрбиелі және білімді болған сайын,өзінің мінезіндегі немесе жүріс-тұрысындағы жүйелілікті немесе қарама-қайшылықты шешуге,өз кемшіліктерін түсінуге және оны түзетуге тырысады.Алайда бұл жерде бір мағыналы тәуелділік жоқ.Дамыған интеллект-обьективті өзіндік бағалаудың кепілі емес.Өзіне деген қатынас ақылдың дамуына емес,тұлға мінезінің коммуникативті көрінісіне,оның эмоционалды әлеміне тәуелді.Тұлға әрдайым өзімен-өзі ішінен диалог жүргізіп отырады.Ол өзіне баға берушіні таба отырыпжәне конфликтіге түсе отыра,өзінің ойлау қабілеті мен шығармашылының мазмұнын ажыратады.Оқып отырған жолдасын алаңдатып,шулаған,тәртіп бұзғандарды әр кезде жазаға тартқымыз келеді.Бірақ,рефлексияға ие болған педагог,өзін ұстайды.Ол,тәрбиеленушінің мінез-құлқын анализдейді,өзі-өзі ұстай алмау және ұшқалақтық сол жасқа тән екендігін,оған қоса бұл жігіттің холерик екенін, мысал ретінде физика пәнінің қажеттілік жағдайда,яғни бөлмені құрал-жабдықтармен безендіру, лабораториялық жұмыстың инструменттерін даярлау кезінде көмектесуді ұнатады және бас тартпайтындығын еске түсіреді.Ол-жақсы жолдас және қалыс қалғандарға әрқашан көмектесуге дайын.Демек,оны жөнді тәртіпке келтіру емес,бірдеңеге қызықтыру,қызықты жұмыстармен толық қамтамассыз ету керек.Оқытушы оған өздігінен тәжірибе жинақтауды,тапсырманың тиімді шешу амал-тәсілдерін табуды,қалыс қалғандарға қол ұшын беруін ұсынады. Рефлексия педагогқа дәріс беру барысында кез-келген бағдарлама бойынша оқушыға деген дұрыс қатынас жасауға,оқушыға дауыс көтермей,жазаға тартпай, тіпті ескертпей-ақ оқушыға деген дұрыс әрі жағымды қатынас жасауға көмектеседі.Рефлексияға ие болған оқытушы өзіне деген қарым-қатынастың, істеген іс-әрекеттің,ойының бақылаушысы немесе менеджері және оқимын дегендердің қарым-қатынасың зерттеушісі болып саналады.
Эмпатия– депбасқа адамды сөзсіз, ойланбай-ақ сезіну,сезім,эмоция арқылы және соңынан кейінгі ұғыну арқылы түсінуді айтамыз.Эмпатия арқылы оқушының психикалық жағдайына мимика,жесткейпін анализдей отырып енеді.Эмпатия механизмі 2 топтан тұрады.Алдымен тұлға мәнерлі қозғалысқа сүйене отырып,серіктесінің мимикасына үйреніп,жаттығады.Оның уайымдайды деген ұғымы,өзін оның орнына қою арқылы қол жеткізеді. Екінші этапта серіктесінің уайымдау анализі шығады.Егер екінші этап жоқ болса,эмпатияның толық болмағаны.Оның алдында біреудің мүлкіне деген «қағыну» орнын алады,бірақ серіктестің,оқушының анық түсінуі болмайды.Эмпатия әдетте рефлексияны толықтырып отырады.Көбісі өзі туралы жеке қарым-қатынаста жүрген серіктесіне айта бермейді,оқушы-мұғалімге көптеген мәселелерді айту мүлдем қабылданбаған.Бұл жағдайда сырласушы вербальді емес ақпарат алады.Оның деректері-кейпі,көзі,мимика,жест,жүріс-тұрысы,серіктесінің киген киімі.Олар тәрбие бұзушымен қашан әңгімелесу керектігін,қашан әңгімелесуді кейінге қалдыру керектігін,қашан қалжыңдасу керектігін,қашан үндемеу керектігін,қашан тәрбие оқушыны жұртшылық алдында немесе жекешелеп ұрысу керектігін көрсетіп отырады.
Эмпатиялы адам серіктесінің талап-ниеті мен жағдайын есепке алады. Онымен қарым-қатынас жасау оңай әрі жағымды. Керісінше, эмпатиясы төмен адамды ашушаң, сезімсіз, мейрімсіз деп есептейді. Ол қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болмайды. Оны бірге жұмыс істейтіндер, оқитындар, жалпы алғанда ортадағы адамдар да онша ұната қоймайды. Оның дұшпандары көп болады. Өте жоғары эмпатиялы болуда жақсы емес. Ол көңіл күйдің жақсы болуына және индивиттің іс әрекеті қоршаған ортаны психикалық жағдайына тәуелді болуына әкеп соқтыруы мүмкүн.
Эмпатия жағдайындағы педагог жасөспірімнің психикалық жағдайын, оның эмоционалды және мән-мағыналық нәзіктігін сергек қабылдайды. Ол өзінің емес, басқаның позиция арқылы оқушы болады, оның сезімі мен уайымы арқылы сабақты, үйірме жұмысты және өзін, оқытушыны бағалайды. Ол оқып жатқандардың қырық құбылмалы көңілдерін сезімталдықпен сезінеді. Кейде оқушының немесе студенттін өзі түсінбейтіндіні ол сергек сезеді.Педагогтыңэмпатиясы көптеген конфликтілерден аулақ болуға көмектеседі,мысалы: неліктен қыз парталас көршісіне химия және биология сабақтарынан көмектесуден бас тартты,неліктен оқушы пионист баскетбол командасына қоспауын сұрайды,өзі ақылды,өзі білімді болса да,тіл және әдебиет пәні мұғалімінің нақты тәрбиеге деген антипатиясын қалай түсіндіреміз және т.с.с.Эмпатияның дамуына отбасы және мектептегі психалогиялық климат әсер етеді.Отбасында ата-ананың бір-біріне деген сыйластығы,қамқор болып,назар аударылмаса,мектептегі мұғалімдегідей балада эмпатия дамымайды.
Жекелік идендификациядеп-өзін басқаның орнына қоюды айтамыз.Кішкене кезінен қорыққан бала өзін қорқыныш сезімін шығарған субьектімен жиі теңестіреді.Жекелік идентификациясы жасөспірімнің өмірлік арман-мұратын таңдауда қажеттілікке ынталандырады.Осы қажеттіліктің қалай жүзеге асатынын көру үшін сауалнама жүргізілді.Сауалнама есебі бойынша 64 пайызы өмірлік мұраты бар екендігін көрсетті. Жастарда мұрат таңдауда негізінде жекелік құштарлық,үлкендерді сыйлау және тамсану,еліктеу үшін қыздарға мұраттың талантпен емес,адамдар ара-қатынасы кезіндегі өнеге және мейірбандылықпен жасалатындығы тән.Сауалнамаға қатысқандар абстрактылы,талдап қорытылған оң мұраттылар.Бұл ең салмақты мықты жастар.Олар жақсы оқиды,қоғамдық өмірге белсене араласады,көп оқиды.Қоғамдық мұратқа ауысу,жасанды өнегелік қасиеттерді жасауда белсенді әсер етеді.Қазіргі кезде «мұрат» нақты іс-әрекеттерді белгілемей,белгілі бір іс-әрекеттердің принциптерін көрсетеді. Жекелік идентификация-тұлғаны дамытудағы табиғи процесс.Ол адамның физикалық дамуына аса қажет.Бұл қиын әрі үлкен жұмыс оқытушы тарапынан парасаттылық пен күнделікті басқаруды және бақылауды талап етеді.Оқушылардың мұратын таңдауда көмек көрсету оқу барысының бірінші күнінен,оқуға түскен күннен басталу керек.Сонымен қатар,тәрбиеленушінің жасы,психикалық ерекшклігі және бейімділігі есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет