PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет39/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Өзіндік бақылау сұрақтары

  1. Авторитарлық қабілетке анықтама беріңіз?

  2. Беделді педагогтың ықпал ету тәсілдері қандай?

  3. Беделді педагогке қойылатын талаптарды атаңыз?



Әдебиеттер:
1.Кан – КаликВ.А. Учителю о педагогическом общении - М., 1987г.
2. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя. СПб., 1995 г.
3. Леонтьев А.А. Педагогическое общение. - М., 1979 г.
4. Самыгин С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления-Ростов-на-Дону, 1997 г.
5.Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения М:1998 г.

7-дәріс.Ғылыми – педагогикалыққабілеттер.


1.Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері


2.Ғылыми зерттеу әдістері:бақылау,сауалнама, эксперимент.
Ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері
Ғылыми-педагогикалық қабілетпедагогикалық сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, шығармашылық, ізденімпаздылықпен әртүрлі тәжірибелер ұйымдастыру, жүйелі түрде әдебиетпен әріптестерінің іс-тәжірибесін зерттеумен айқындалады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесінің негізгі кезеңдері:

  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау,проблемаларды табу);

  • зерттеу саласын анықтау (зерттеу мәселелерді белгілеу);

  • зерттеу тақырыбын таңдау(зерттеу шеңберін белгілеу);

  • шешімге келу тәсілдерін анықтау,жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • ақпараттар жинау,реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • алынған материалдарды жинақтау,талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып материалдарды жинақтау);

  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру,зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

  • баяндама (зерттеу нәтижелерін баяндау,сұрақтарға жауап беру).

Тақырып–проблеманыңсипатын ашып береді.Ғылыми-зерттеутақырыбы студенттің қалауы мен қызығушылығына жауап беру тиіс.Тақырыпты тандағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек.Болжам деген сөз-"hypothesis"-ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөніндегі негіздеме деген ұғымды білдіреді.
Болжам- бұл әлі айқындалмаған,логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім.Болжам шындық та,жалған да болуы мүмкін емес,ол тек ғана анықталмаған құбылыс.Егер болжам теорияға айналмаса,жалғанға айналады.болжамдағы басты талап нақты материалдарға негізделуі тиіс.
Зерттеу обьектісі - теория мен практикадағы байланыстар,қатынастар,қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.
Зерттеу пәні- нақтырақ.Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады,ғылыми ізденістің шекарасын орнатады.Әрбір обьектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады.Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат- зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа,нақты болады.Ол зерттеудің міндеттері арқылы дамытылады,айқындалады.
Зерттеудің келесі кезеңі зерттеу әдістерін таңдауболып табылады.Ол таңдауға бақылау,эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау т.б зерттеу әдістері негіз бола алады.
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен материалдар жинайды және төмендегітәртіппен жүйелейді:
1.Ойлау;
2.Өзіне өзі сұрақ қою;
3.Басқа адамнан сұрау;
4.Әдебиетті сараптау;
5.Эксперимент жүргізу;
6.Интернет жүйесін қарау;
7.Материалдар жинақтау;
8.Қорытынды жасау;
Зерттеудің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады.
Қорғау- зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады.Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15мин)беріледі.Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс,сондай-ақ жұмыстың логикасы,тілі,құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.
Ғылыми- зеттеу жұмысын орындау кезеңдері:

  • Алдымен студент ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын өз қалауы бойынша таңдайды.

  • Таңдалған тақырып бойынша жетекшіден кеңес алынады,сосын кафедра мәжілісінде талқыланады.

  • Зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттерге талдау жасалынады.

  • Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасалады.

  • Тероиялық материалдар негізінде зерттеу жұмысы жүргізіледі.

  • Жұмысты рәсімдеп,секцияның қорытынды конференциясында 7-10 мин көлемінде баяндама жасалады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін баяндау барысында төмендегі талаптарды орындаған жөн:

    • материалды баяндау нақты және түсінікті болуы;

    • жұмыстың мазмұнға сәйкестілігі ;

    • жұмыстың өзектілігінің көрсетілуі;

    • зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерінің айқындалуы;

    • теориялық және практикалық мәнділігі;

    • автордың тақырып бойынша ізденіс шеберлігі;

    • өзіндік көзқарасы мен поблема бойынша қорытындысы;

    • тақырып бойынша арнайы терминдер мен әдебиеттерді қолдана білуі;

    • ғылыми жұмыстары рәсімдеу;

Ғылыми - зерттеу жұмысын жазу үшін студентке қажетті зерттеу дағдылары:

  1. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.Әдебиетпен жұмыс жасау барысында материалдарды терминдерді,түсініктермен таныса отырып ретімен оқыған жөн.Әрбір терминмен,ұғыммен жете таныс болу үшін олардың практикалық түсініктерін ашуға тырысу керек.

  2. Әдебиеттегі материалдарға талдау,сараптама жасай білу. Әрбір студенттің әдебиетте көрсетілген материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін практикант өзіне "әдебиеттегі қай пікір нақтырақ?","теориялық пікірлер практикададәлелдеді ме? " сынды сұрақтар қоюына болады:

  3. Өзінің ойын нақты және түсінікті жеткізе білу. Студент өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп, бір мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып жүргізу қажет.

Жұмыста "біздің ойымызша'', ''біздін пікрімізше'', ''дәлелдемелер жасалған талдау көрсеткендей'' деген сияқты сөздер қолданылуы тиіс.
Оқытушылық практикада әртүрлі құбылыстар, жағдайлар кездеседі. Ал оны зерттеу бір ғана емес, көптеген әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Олардың әрқайсысының тәрбие мен білім беруде үрдістің жан-жақтылығын көрсетуге көмектесетін өзіндік ерекшеліктері бар. Педагогикалық зерттеуде қолданылатын келесі әдістер бар: іс қағаздарды үйрену, антропометрия және физиометрия, хронометраж, тензометрия, окулография, циклография, хроноциклография, пневмометрия, дистанциометрия және т.б. Іс қағаздарды жүргізуді үйрену ұзақ уақыт бойы оқытушының тәрбие және білім беру жұмыстарын нақты сипаттауға көмектеседі. Олардың жұмыстарын көрсететін материалдарды анықтайды (сабақ жоспары, сынып журналының толтырылуы, тәрбие жұмыстарының жоспары және күнделіктері, педагогикалық кеңес отырыстарының хаттамасы, т.б.).Жазғы демалыстың тиімділігі, балалардың денсаулығының жақсаруы жағынан қарағанда, антропометрия және физиометрия көмегімен белгіленеді. Яғни, бойының ұзындығы, салмағы, кеуде шеңбері, жұдырық күші, спирометрия ауытқулары арқылы анықталады. Хронометраж осы немесе басқа да әсерлердің уақытын, себептерін, қозғалыстарын нақты тіркеу үшін қолданылады. Тензометрия күш көлемін дәл тіркейді. Окулография көрсетілімді қабылдау немесе қандай да бір суретті қабылдау кезіндегі көздің қозғалысын тіркейді.Циклография және хроноциклография қозғалыс траекториясын дәл тіркейді.Тремография тремор бойынша (саусақ дірілі) оқушының шаршау дәрежесін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ оның жүйке жүйесінің деңгейін, оның сабаққа дайындығын анықтайды. Пневмография дене қысымын тіркеуде қолданылады.Электрофизиологиялық зерттеулер көмегімен әртүрлі тітіркендіргіштерге жастардың реакцияларын анықтайтын биотоктарды тіркейді. Мысалы: мадақтау немесе жазалау кезіндегі.Радиометриялық әдістер зерттелушінің белсенді демалыс немесе әртүрлі жұмыстар кезіндегі организмнің жағдайын зерттеуге көмектеседі.Өзінің педагогиккалық шеберлігін көрсетуге тырысу педагогтың озық маман екенін білдіреді. Сондай-ақ зерттеу әдістерін еркін қолдануы да көрсетеді.Ғылыми-педагогикалық жұмысты жүргізуді бастаған оқытушы алдымен өзінің мүмкіншіліктері мен әлсіздіктерін жақсы білуі керек. Онсыз жоғары дәрежелі ғылыми маман болу мүмкін емес.
Ғылыми-зертеу жұмысын белсенді жүргізу мүмкіндіктерін бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет