Байқағыштық қағидасы
Байқағыштық қағидасы– текөмірді ғана ашып оқытпай, оны абстрактылы етпей, оқуды тек түсіндіріп қана қоймай, оқушылардың өзіне түсіндіргелі отырған материалды көрсету керек. Байқағыштық қағидасынғылымға алғаш енгізген Я.А.Коменский бөгде құралдарды ғана емес, нақты заттарды да танып білуге болатыны туралы пікір айтты.Өмірінің басты жаңалығы «Ұлы дидактика» кітабында ол дидактиканың басты заңы:көреттінің бәрі- көруге, естілгеннің бәрі – естуге, бірнеше органдарға берілетін сезім, барлық сезім мүшелеріне де тәуелді болады. Я.А.Коменскийдің ойынша өмірден алынған мысалдың барлығы жылдам түрде Байқағыштық қағидасының міндетін атқарады деп шешті.Я.А.Коменский мұғалім не түсіндірсе де, суреттер арқылы тақырыпты анық етіп түсіндіру керек деп кеңес береді. Бірақ, біріншіден картина немесе сурет- сол суреттің өзі емес, көлеңкесі болуы тиіс, екіншіден қатысушыларға түсінікті, өздері бұрын танитын болса ол суретті көрсетпеген жөн.Отандық дидактика сезгіштік пен ойлауды біртұтас етіп қарастырады. Бірақ байқағыштық оқытудың қолданылу аясы әр түрлі және баланың жас ерекшелігіне, дайындығына байланысты болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым байқағыштық қабілетінің оқу процесінде кеңірек дамып отырғаны жөн. Ортаңғы және жоғары сыныптарда сабақты баланың санасына жеткізу үшін сөзбен жеткізу жеткілікті, бұл жерде мұғалімнің сөйлеген сөзі үлкен рөлге ие. Бұл жерде байқағыштыққа көп көңіл бөлу керсінше нәтиже беруі мүмкін, түсіндіріліп отырған затқа көңіл бөлу аудармай, басқа затқа анық көзге көрінетін заттарға байқампаздық артуы мүмкін. Бұл жағдайды болдырмау үшін оқушыларды үнемі бақылауда ұстау керек. Әуелі байқау мақсатын және ережелерін бекітіп алған жөн. Содан соң қатысушылардың назарын басты нәрсеге аудару керек. Одан соң міндетті түрде үзіліс жасап алу керек. Үзіліс қатысушылардың асықпай нысанды қарап алуына мүмкіндік береді. Соңғы бөлімінде қатысушылардың байқау қортындысын шығарып, оң нәтиже алуына көмектесу керек.Өмірмен байланыстырылған көрнекі құралдарға деген байқағыштық қызығулары мен белсенділігін арттыру үшін көрнекі құралдарды теріс қаратып қою керек. Оларды тек түсіндіру кезінде ғана көрсеткен жөн. Егер плакат, таблитца басқа да көрнекіліктер сыныпта үнемі ілулі тұрса, немесе бір сабақтың аяғына дейін көрсетіліп тұрса онда байқау оң нәтиже бермейді, өткені қызығулары төмендейді.
Байқағыштық қағидасының мынандай түрлері бар:
Нақты байқағыштық - нысан, тарату құралдары.
Көрсету немесе елестету байқағыштығы – суреттер, графика, диограма, диафилындер.
Кең көлемді байқағыштық – геометриялық, фигуралар, моделдер, құралдар.
Символдық байқағыштық – глобустар, карта, сызбалар т.б.
Дыбыстық көрнекілікті құралдар- магнитафон, видиомагнитафон.
Сөздік байқағыштық – көркемсөздер, сезімді оятатыны анық, бояулы сөздер.
Байқауды түсінікпен қатар алып жүру керек, қолданатын заттарды көркем құжаттарды, запистерді, сызбаларды міндетті түрде алдын –ала саралап тексеру керек. Тексерілген құралдардың бір –бірінен айырмашылығын білген оқушыда ойлау қабілеті жақсы дамиды.
Өзіндік бақылау сұрақтары
Дидактикалық қабілетке анықтама беріңіз?
Дидактикалық қабілеттің қандай түрлері бар?
Белсенділік қағидасына анықтама беріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |