Сөздің дыбыстық және мағыналық мәні. К.С Станиславский сөздің мәні мен дыбысталуы бар деп есептеді. Егер мәнді ғана түсінсек,адамды тани алмайсың, дыбыс тыңдайсың, оны білесің. Іскерлік мүмкіншіліктерді қолану параленгвистикалық (вокализациялық сөйлеу, оның үндестілігі, тембры) және экстраленгвистикалық (сөйлеудің дауыс қаттылығы, оның екпіні, үзіліс) ауызша контактілердің жемістілігінде білінеді.
Жиірек барлық оқытушылар сөздердің мәніне емес, олардың қандай мағынада айтылғанына өкпелейді. Ең маңыздысы, қатені түзеткенінде, ескертпе жасалады. Оны да бұны да құлшынысты мінезбен жүре келе істеуге болмайды, әсіресе ескертпе ренжулі болып көрінбеу керек. Сөз сыпайы айтылады, яғни көтеріңкі күймен, бұл жағдайда жас кісіге тәртіпті, тұрақты болып өз тапсырмасын орындау үшін шын ниетімен көмектесу қажет.
Сауатты, жігерлендіретін жақсы сөз-міндетті түрде ғажайыптарды орындауға қабілетті. Үлкен кісінің тыныш және сенімді дауысы шипалы ықпалына ие бола алады, яғни тыңдаушыға емдік қасиетін көрсетеді. Солай да керісінше ызаланған, ашуланған оқытушының ушыққан дауысы стрестік жағдайы оқушыларына көшеді. Әсіресе жоғары әйел дауысы – фальцет психикаға қатты әсер етеді. Зерттеу нәтижесі бойынша ол адамды қатты ашуға әкелуі мүмкін.
Қоздырылған күйлі жағдайда фальцет қарапайым қабылданбайды. Оқушылар арасындағы жиі ашуланшақтықтың бір себебі – жіңішке дауыстылардың айтылған ескертулері мұғалімдердің айқайы. Бұндай ескертпелер жүйкесі тозған оқушыларды булығуға апарып соқтырады.
Егер де мұғалімдер өзінің мінезін қадағалап оқушыларды бақылап, сыйластықты қажет етіп, жақсы қарым – қатынаста болып, оқушылармен жылы сөйлессе жоғары тәртіпке аса көңіл бөлсе әлде қайда жеңіл болар еді. А.С.Макакренко педагогикалық шеберлік көрсеткішіне байланысты «жақын кел маған » деген дауысында оншақты өзгешеліктері бар деп әділ есептеген.
Оқушы - жиі ашуланады , себебі оның жолдастары мұғалімнің берген тапсырмасын орындап, ал ол бұл тапсырманы орындай алмай оған көшбасшы топ тарапынан ескертпе айтылғанында сыныптағы қыздың адамгершіліксіз қылығы және соған ұқсас оқиғалар.
Ара қашықтықтың бұзылуы адамдарды қорғану үйлесімділігіне әкеліп соқтырады яғни ара қатынасты қиындатады. Бірақ жиірек қатынас барысында адамдар - " өз орын "тауып алады. Мектеп директорларының арасында өткізілген тәжірибесінде, оқытушылар мен оқу меңгерушілеріне залдан өздеріне көбірек ұнаған орынға отыруын өтінді. Бастықтар орталыққа отыруға құлшынды, яғни оларға дәрісхананы жақсы көріп, естілуі маңызды болды. Өзін-өзі бағалауы төмен мұғалімдер артта немесе шет жаққа отырды, оларың демонстрация жасай алмай, талаптанбайтындығына байланысты.
Іскер және жұмысшы жағдайын әңгімелесушілердің бір – біріне қарсы орналасуына ықпал етеді. Егер де әңгімелесушілердің арасын кең үстел бөліп тұрса, онда әңгіме іскерлік реңін алып жүреді, ал егерде үстел жіңішкелеу және де әңгімелесушілердің ара қашықтығы азырақ болса онда әңгіме достық, кейде сырластық күйінде болады. Демек, егер үстел кең болса, жақсы қарым-қатынастарға ұмтылғанша оданда, қасына жақынырақ немесе бұрыштың екі жақтың біріне отыруы қажет.
Тағы бір вербальды емес құрал – бейнелі қарым-қатынас. Сөздік қарым-қатынас көз контактісі арқылы толығады. Адамдар тобымен сөйлесе отырып, бір тыңдаушыдан басқасына, алдынан артқа, солдан оңға және керісінше, әрқайсысына әсер қалдыруға ұмтылып көз қарасты ауыстырады. Маңыздысы ол зейін объектісі болып таңдалған. Бір жағынан ол экспериментарлы сыпайылықты талап етеді. Сөйлеушіні мұғалім сөйлесіп отырғанда соған қарамаса өте жағымсыз. Екінші жағынан – тыңдаушыны ынталандыру. Мұғалімнің түсіндірулеріне және жолдасының жауабына көңіл бөлмеу, басқа нәрсемен айналысу, яғни жастардың өздері айтқандай, бәрін көру педагог үшін өте ауыр. Нәтижесінде бұл кері байланысты алу. Көздегі тұманды түтін тыңдаушы жұмысқа қосылмағанын білдіреді.Оқушы ықыласты тыңдап, жұмыста жұмысын қуана – қуана жасауы, белсенді дене тұрысына қарай жанарының жарқылынан байқалады.
Қателікті істеу ұят емес, оны өзгертуді ойламай шыдамды қабылдау ұят. Әріптестердің өтініші, жақындарының қателіктерін жөндеу, көркем әдебиетін жиі оқу, сөздікпен жұмыс жасау, әрқашан өзінің сөздік қорын толтыру – табысқа жетуге бірден бір жол.