Өзіндік бақылау сұрақтары
1.Акмеология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар?
2. Педагогикалық қабілеттіліктің түрлерін атаңыз?
Әдебиеттер:
Станкин М. И. "Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения" М.,1998 г.
Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. - СПб., 1990 г.
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. - М., 1987 г.
Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993г.
№3-дәріс. Педагогикалық қарым – қатынас және оның қызметтері.
1.Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік.
2.Педагогикалық қарым – қатынас және оның қызметтері.
3.Педагогикалық қарым –қатынас стильдері.
Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік.
Қарым –қатынас педагог іс-әрекетіндегі маңызды кәсіби құрал болып табылады. Педагогтың жұмысында қарым – қатынастың алатын орны ерекше екендігін А.И.Щербаков, А.Н.Мудрик, А.А.Монтьев, В.А. Кан-Калик, Н.В.Кузьмин,
А.А. Бодалевтің еңбектері дәлелдейді. Педагогикалық қарым –қатынас дегеніміз – сабақта оқытушының оқушылармен жағымды психологиялық климат құруға бағытталған кәсіби қарым–қатынасы. Педагогикалық қарым–қатынастың дұрыс ұйымдастырылмауы мүғалімнің сенімсіз болуына, зейіннің, естің, жұмысқа деген қабілеттілігінің төмендеуіне, сөйлеу динамикасының бұзылуына, соның негізінде оқушылардың стереотипті түсініктерінің қалыптасуына, олардың өздігінен ойлау ептілігі мен қызығушылықтарының төмендеуіне алып келеді. Соның негізінде оқушылардың мүғалімге деген,сонымен қатар пәнге деген тұрақты негативті қатынасы қалыптасады.
Педагогтің балалармен қарым –қатынасын ұйымдастыру ептілігі, олармен қарым-қатынас жасай отырып, іс -әректті басқару педагогтің маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Бұл жөнінде психологиялық–педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің педагогикалық қарым–қатынасты қалыптастыруында комуникативті қабілеттілігі маңызды деп қарастырылған. Мұғалімнің балалармен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі оларға деген махаббатымен негізделуі тиіс. Мұны В.А. Сухомлинский жақсы түсіндіреді. Балаларды сүюді ешқандай оқу орнынан немесе ешқандай кітаптан үйренге болмайды. Бұл қабілет адамның қоғамдық өмірге араласу және басқа адамдармен қарым- қатынас жасау процесінде дамиды. Педагогтің күнделікті балалармен қарым–қатынасы бүкіл адамзатқа деген махаббатын тереңдетеді. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке деген бейімділігі мектепте сол процесс негізінде дамып отырады. Бірақ бұл махаббат педагогикалық қарым–қатынастың заңдары туралы білімдермен толықтырылып отыруы тиіс. Мұғалімнің балалармен қарым–қатынасы арқылы оқу–тәрбие процесі алға жылжып отырады.Бұған Ю.П.Азаров, А.А Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, А.В.Петровскийдің еңбектері дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: |