PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Акмеологияның басқа ғылымдармен байланысы



бет23/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Акмеологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Өзінің қоғамдық-гуманитарлық табиғатына және аксиологиялық-гносиологиялық мәртебесіне сай акмеология сонымен қатар тарих, мәдениеттану, әлеуметтану, экономика, саясаттану, педагогика мен экология ғылымдарымен тікелей байланысады. Бұл байланыстың күре тамырында адамның өзінің таңдаған жұмысының саласындағы кәсіби-экзистенционалдық өзін-өзі іске қосуы, жылдам өзгеріске ұшырап жатқан экологиялық және экономикалық ортада өтіп жатқан өнер мен ғылым, еңбек пен демалыс саласындағы, отбасындағы, іскерлік өмірдегі серіктестерімен өзара байланыста іске асатын адамның тұлға ретіндегі өмір сүретін әлеуметтік-мәдени және білімдік кеңістігі жатады. Дәл осы саналы еңбектің жаратушылық категориясы акмеологияның қоғамдық ғылымдармен байланысына негізделе отырып, еңбекке қатысты әрекет, кәсіби шеберлік, ұйымдастыру және басқару сияқты тірек ұғымдарының әлеуметтік астарларын қарастырады.
Акмеологияның қоғамдық ғылымдармен және оның адам жөніндегі басқа да салаларымен байланысының негізгі өзегі - шығармашылық болып табылады. Дәл осы категория акмеологияға тән: кемелдену, акмеологиялық орта, кәсібилік, акмеологиялық технологиялар, акмеологиялық позиция және тағы басқа түсініктерді анықтайды және оларды төмендегіше түсіндіреді:
- кәсібилік - еңбектің субъектісі ретінде адамның дамуының жоғарғы деңгейі. Егер «кемелдену» өмірдегі әрекеттің келесі кезеңіне дайындық болса, ал кәсібилік сол дайын болуды тиімді деңгейде жүзеге асыра алу;
- акмеологияльқ технологиялар-өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа бағытталған технологиялар;
- мұғалімнің акмеологиялық позициясы - өзінің педагогикалық әрекетін жаңашылдық тұрғыда табысты болуға бағыттай алуы.
Акмеологияға адам дамуының тетіктері мен тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде әрине, психология өте жақын тұр. Жалпы және қолданбалы психологиядан жинақталған білімдер нақты акмеологиялық зерттеулерде адамның психикалық мүмкіндіктері жайлы фрагменттік деректерде қолданылады. Дегенмен психологияның дифференционалдық және жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық, сондай-ақ еңбек және шығармашылық психологиясы, ойлау мен рефлексия, түсіну мен басқару, дарындылық пен даралық сияқты салалары акмеология үшін аса маңызды болып табылады.
Акмеология үшін негізгі ұстанымдардың бірі тіршілік әрекеттері- адамның өмірінің мәні жетілу, алға ұмтылу үрдісі деген құнды ойға негізделеді. Осы ойға өзінше К.А.Абульханова кей адамдар бұл жолда жаяу жүрсе, кейбірі поезбен, ал енді біреулері ұшаққа мінеді деген образды түрдегі сипаттама береді. Таңдау әр адамның өмірлік стратегиясына байланысты деген пікір білдіреді .
Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасына мыналар жатқызылады:
- кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
- жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
- инновацияға бейімділік;
- жалпы және кейбір арнайы интеллектінің жоғарғы деңгейде болуы;
- ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік;
- жақсы дамыған елестете алушылық;
- мінез-қүлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлілік;
- дербестік;
- өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Акмеология бағыттары:
Жалпы акмеология негіздері (А. А. Бодалев, Ю. А. Гагин, А. А. Деркач, Н. В. Кузьмина, Г. И. Хозяинов).
Кәсіби акмеология (А. А. Бодалев, Н. В. Кузьмина, К. Е. Перепелкина) оған:
Педагогикалық акмеология (А. А. Бодалев, А. А. Деркач, В. Н. Тарасова);
Әскери акмеология (В. Г. Михайловский, Л. Г. Лаптев, В. Н. Новиков);
Әлеуметтік акмеология (А. И. Лященко, Г. П. Филиппова);
Мектеп акмеологиясы (В. Н. Максимова);
Медициналық акмеология (В. П. Андронов, А. Г. Васюк, С. Н. Толстов).
Басқару акмеологиясы (А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин)
Креативті акмеология (Н. Ф. Вишнякова, А. А. Деркач, К. Е. Перепелкина).
Білім беру акмеологиясы (Н. В. Кузьмина, А. А. Деркач, Н. П. Фетискин и др.).
Коррекциялық акмеология (В. Н. Тарасова).
Этникалық амеология (В. П. Бранский).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет