Әйел ағзасының ерекшеліктерін ескеру.
Қимылдық әрекеттерді орындау ғана емес,сондай-ақ оқытушының айтқанын әр оқушы түрліші қабылдайды. Кейбір оқушылар еңбек дағдыларын түсіндіруден,кейбіреулер көрнекі құралдар арқылы көрсеткенде екнді біреулер тәжірибеде орындағаннан кейін меңгереді. Сабақ барысында әрбір оқушыны мұқият бақылау, білікті педагогқа тән қасиет болып табылады. Тәжірибеде ұлдар ұжымына қарағанда,қыздар ұжымын басқару тиімді.Мұндай ұжымда тыныштықты талап етудің қажеті жоқ.Қыздар нәзік жанды болғандықтан, олардың жылы сөйлескені жөн.Қимылдық сапалардың дамуы кез келген мамандық бойынша жұмыс жасаудың тиімділігі сезім органдарына тікелей байланысты екендігін оқытушы ұмытпауы тиіс.
Мамандықты игерудегі ерік мәселесі
Кез келген мамандық бойынша еңбек дағдыларына үйретуде ерік,күш және төзімділік қажет.Бұл дағдылар әлсіз дамыған оқушыларға гантель,гир көтеру,жеңіл атлетика,гимнастика сияқты жаттығуларды орындауды ұсынған жөн.Бірте-бірте жылдамдықты арттыру қажет,бұл күшті дамытуды арттырады.Жылдамдықты және қайталауды арттыру төзімділікті дамытады.
Оқыту процесі кезінде оқытушыға идеомоторлық жаттығу көмектеседі.Идеомоторлық жаттығу дегеніміз – координация бойынша ерекше күрделі қимылдарды ойша орындау.
Зерттеулер көрсеткендей,идеомоторлық жаттығу қарапайым қабылдаудан гөрі,қимылды тез үйренуге көмектеседі.Ол дағдыны меңгерудің алғашқы сатыларында тиімді болып табылады.
Оқытушы оқушылардың мамандықты таңдауда ұсыныстар мен бағыт бағдар беру үлкен маңыздылыққа ие болып табылады.Алайда абсолютті дәлділікті,кепілді ұсыныстардың болуы мүмкін емес.Сондықтан ең алдымен тұлғаның мінезі мен бағыттылығы маңызды роль атқарады.Қабілеттер оның ішінде психомоторлық қабілеттер іс – әрекетте көрінеді және қалыптасады,бірақ оларды қалыптастыру қажет.Мұнда оқытушы тәжірибеде ешнәрсемен айырбастамайтын психологиялық педагогикалық білімдері ерекше орын алады.Білім мен тәжірибе нағыз педагогтың шеберлігін айқындайды.
Өзіндік бақылау сұрақтары
Психомоторлық қабілетке анықтама беріңіз?
Қимылдық сапаларды қалыптастыру қалай жүзеге асады?
Әдебиеттер:
Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения, М.,1998 г.
Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. - СПб., 1990 г.
Селезнева Е.В. Развитие акмеологической культуры личности. - М., 1999 г.
Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993 г.
№ 15-дәріс.Зейінді шоғырландыру және бөлу қабілеті.
Зейін түрлері мен қасиеттері
Зейіннің жеке дара ерекшеліктері
3. Зейін формалары және оны тәрбиелеу жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |