Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
transfer-receipt-2066896327, transfer-receipt-2066896327, БОТА ШПОР, 7 сын 2 тоқсан ұлдар
жаттығу: 
«Мейірімді піл»
Мақсаты – қысымды, агрессияны түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету. 
Балалар шеңбер бойына орналасады. Психолог олардың барлығы тұтас 
мейірімді піл екендерін айтады. Әрбір бала алдындағы баланың белінен 
құшақтайды. Нұсқау бойынша көршісінің иығын, басын, арқасын, 
қолдарынан сыйпалайды. Содан кейін бөлме ішімен жүру және орындарына 
отыру ұсынылады.
5 жаттығу: 
«Көңіл-күй өлшегіші» 
Мақсаты – қысымды түсіру, жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау. 
Жүргізуші балалардан жалпы өлшейтін заттар туралы сұрастырады. 
(термометр, дене қызуын өлшеуіш) және ол не үшін қажет. Содан кейін өз 
көңіл-күйлерін тек қолдарымен көрсетеді: нашар көңіл-күй алақан бір-
бірімен жанасады, жақсы – қолдары екі жаққа бағытталған. 
 
5-ші сабақ
Мақсаты – топты біріктіру. Есте сақтау, зейін, ойлау, қиял процестерін 
дамыту.
1 жаттығу: 
«Көңіл-күй өлшегіші» 
Мақсаты – қысымды түсіру, жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау. 
Жүргізуші балалардан жалпы өлшейтін заттар туралы сұрастырады. 
(термометр, дене қызуын өлшеуіш) және ол не үшін қажет. Содан кейін өз 
көңіл-күйлерін тек қолдарымен көрсетеді: нашар көңіл-күй алақан бір-
бірімен жанасады, жақсы – қолдары екі жаққа бағытталған. 
2 жаттығу: 
«Артықты тап»
Мақсаты – түрлі құбылыстар арасында кездейсоқ байланысты орнату 
қабілетін, бір байланыстан екіншіге өтіп, бір мезгілде ой өрісінде бірнеше 
заттарды ұстау және оларды салыстыру іскерліктерін дамыту.
Кез-келген төрт сөз алынады. Қандайда бір ұқсас белгілері бар заттарды 
қалдырып, артық сөзді табу керек.
Кітап, қалам, қызанақ, сызғыш 
Алма, алмұрт, есек, өрік 
3 жаттығу
: «Айырмашылықтарын тап» 
Мақсаты – ерікті есте сақтау, көркемді-бейнелі ойлауды, өзін-өзі бақылауды 
дамыту.Балаларға белгілі бір ерекшеліктер санын табуға арналған суреттер 
беріледі. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет