Психолог шеберліктерін арттыру мектебі аутодеструктивті мінез-қҰЛЫҚТЫҢ алдын алу жұмыстары



бет14/16
Дата02.09.2022
өлшемі3,68 Mb.
#148641
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
аутоагрес

«МЕНІҢ СЫНЫБЫМ» ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың назарына сыныбтың суреті салынған парақ көрсетіледі.

Нұсқау: «Балалар! Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген. Ортанғы орындықта апайың (мұғалім) отыр, апайдың айналасындағы оқушылар өздерінің жұмыстарымен шұғылдануда. Ал, қалған балалар ауланың сыртында ойын ойнауда. Осы суреттегі оқушылардың ішінен өзіңді тауып алып белгілеп, жанына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Өзіңді белгілеп болған соң суреттен өзіңнің досыңды тап та жанына аты-жөнін жаз».
Талдау нәтежесі:

  1. «Мұғалімнен алыста» позициясында тұрған болса – баланың сынып ұжымына бейімделуінде қиындықтардың бар екенін көрсетеді.

  2. Өзге баллармен өзін теңестіру, жұп болып тұруы, ойыншылармен бірге – баланың бейімделуі жақсы деңгейде.

  3. Мұғаліммен бірге: бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі.

  4. Ойын позициясы: оқу позициясымен сәйкес келмейді.

ЖАҒДАЙЛЫҚ ҮРЕЙ ШКАЛАСЫ


( Кондаша әдістемесі)


Нұсқау: Бланк қағазда сіздер үнемі өмірде кездестіретін жағдайлар жазылған. Осындағы кейбіреулері сіздерге жағымсыздық пен алаңдаушылық, үрей қорқыныш әкелуі мүмкін. Әр сөйлемді көңіл қойып оқып, оң жақта тұрған 1, 2, 3, 4 сандарға назар аударыңдар.
Егер жағдай сізге мүлдем әсер етпесе, 0 санын белгілеңіз . Егер ол сізді кішкене алаңдатса, 1 санын белгілеңіз. Егер жағдай жетерліктей жағымсыз және алаңдаушылық шақырса және сіз одан қашсаңыз, 2 санын белгілеңіз. Егер осы жағдайлар қатты жағымсыз және сізге алаңдаушылық, үрей әкелсе, 3 санын белгілеңіз. Егер жағдай сізге шектен тыс қатты жағымсыз және алаңдатушылық әкелсе, 4 санын белгілеңіз.
Әдістеме мәтіні (бланк) өз жынысыңызды көрсетіңіз (қыз. / ұл.)

1

Тақтаның алдында жауап беру.

0 1 2 3 4

2

Танымайтын адамның үйіне бару.

0 1 2 3 4

3

Жарыстарға,сайыстарға қатысу.

0 1 2 3 4

4

Мектеп директорымен сөйлесу.

0 1 2 3 4

5

Өз болашағымды ойлау.

0 1 2 3 4

6

Мұғалім үй тапсырамны сұрау үшін журналға қарағанда.

0 1 2 3 4

7

Сені сынағанда.

0 1 2 3 4

8

Сен бір нәрсе жасап жатқанда саған қарап тұрса.

0 1 2 3 4

9

Бақылау жұмысын жазғанда.

0 1 2 3 4

10

Бақылаудан кейін мұғалім белгілегенде.

0 1 2 3 4

11

Саған көңіл бөлмегенде.

0 1 2 3 4

12

Ештене шықпай қалғанда.

0 1 2 3 4

13

Ата-анаңды ата-аналар жиналысынан күтіп отырғанда.

0 1 2 3 4

14

Саған сәтсіздік келгенде.

0 1 2 3 4

15

Артыңда күліп отырса.

0 1 2 3 4

16

Мектепте емтихан тапсырғанда.

0 1 2 3 4

17

Саған біреу ренжісе.

0 1 2 3 4

18

Үлкен аудиторияның алдына шыққанда.

0 1 2 3 4

19

Маңызды шешім қабылдар алдында.

0 1 2 3 4

20

Мұғалімнің айтқанын түсінбегенде.

0 1 2 3 4

21

Сенімен келіспей, саған қарсы шықса.

0 1 2 3 4

22

Өзіңді басқалармен салыстырасың.

0 1 2 3 4

23

Сенің қабілетің сыналғанда.

0 1 2 3 4

24

Саған кішкентай бала сияқты қарайды.

0 1 2 3 4

25

Сабақ кезінде мұғалім аяқ астынан сұрақ қояды.

0 1 2 3 4

26

Сен келгенде, бәрі үндемей қалды.

0 1 2 3 4

27

Сенің жұмысың бағаланғанда.

0 1 2 3 4

28

Өз жұмыстарыңды ойлайсың.

0 1 2 3 4

29

Саған өз шешіміңді қабылдау керек болады.

0 1 2 3 4

30

Үй тапсырмасын орындай алмай жатырсың.

0 1 2 3 4



Кілті:
Әдістеме үш жағдай типін қосады:

  1. Мектептегі, мұғаліммен қарым-қатынастағы жағдайлар;

  2. Өзі туралы ойлау туралы жағдайлар;

  3. Қарым-қатынас жағдайлары.

Үрей түрлері шкала бойынша келесідей болып бөлінеді; мектептік, өзін бағалау, өзаралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет