Үрей түрлері
Шкала бойынша сумма
Мектептік
Өзін бағалау
Өзаралық
1 4 6 9 10 13 16 20 25 30
3 5 12 14 19 22 23 27 28 29
2 7 8 11 15 17 18 21 24 26
Суицидтік әрекетті анықтауға арналған әдістемелер
Жеке және жағдайға байланысты ( реактивті) алаңдаушылық шкаласы( Ц.Д.Спилбергер – Ю.Л.Ханин)
Жеке адамның қасиеті ретінде алаңдаушылықтың деңгейін анықтау өте маңызды, себебі бұл қасиет субьектінің мінез- құлқын жете білуге мүмкіндік береді. Алаңдаушылықты жеке және жағдайға байланысты (реактивті) қасиет ретінде жіктеп зерттеуде Ч.С. Спилбергердің әдістемесі көп қолданылуда, оны орысшаға аударып, бейімдеген Ю.Л. Ханин болды.
Жағдайға байланысты алаңдаушылық адамның ширығушылық, абыржушылық, қамкөңілділік, күйгелектік, т.б. сияқты эмоциялық жағдайларында туындайды.
Ю.Л. Ханин бойынша жағдайға байланысты алаңдаушылық адамда әртүрлі әлеуметтік-психологиялық күйзеліске (стресс) қарсы реакция ртінде пайда болады.
Бұл әдістеме бойынша тұлға өз алаңдаушылығының дәрежесін анықтай алады. Әдістеменің қорытындысы тұлғаның психодинамикалық ерекшеліктерін айқындап қана қоймай, тұлғаның әрекет қабілеттілігі мен белсенділігін, оның темпераменті мен мінезінің параметрлерінің өзара байланысы туралы жалпы мәселені де қамтиды. Әдітеме тұлғаның кең көлемдегі субьективті сипаттамасы болып келеді, дегенмен бұл психодиагностикалық жоспарда оның құндылықтарын төмендетпейді.
Жекелік алаңдаушылықтың мөлшері тұлғаның өткен тәжірибесін сипаттайды, яғни, оның басынан кешірген жағдайға байланысты алаңдаушылықтың дәрежесін анықтайды. Жағдайға байланысты және жеке алаңдаушылық шкалалары жеке-жеке болып келеді.
Жағдайға байланысты алаңдаушылық
Сұрақнама
Нұсқау. Қазіргі сәттегі өз жағдайыңызға байланысты сәйкес келетін, кестедегі сандардың бірін көрсетіңіз:
«жоқ, ол тіп тен де олай емес»;
«бәлкім, солай»;
« дұрыс»;
«әбден дұрыс».
Достарыңызбен бөлісу: |