Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері, пәні мен объектісі



бет9/16
Дата02.05.2023
өлшемі117,96 Kb.
#175888
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Ïñèõîëîãèÿ ?ûëûì ðåò³íäå. Ìà?ñàòû, ì³íäåòòåð³, ï?í³ ìåí îáúåêò³ñ

Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың жақсы білімдеріне, өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып, өзінің компрописке баратынын көрсетеді. Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.
Лидердің екі психологиялық типі бар: « ойыншылыр және ашықтық».

  1. Біріншілерінің сыртқы бейнесі сенімді икемді, тиімді болып көрінеді. Олар «көзге шөп сала » біледі, сондықтан да өздерінің жеке қызығушылықтарына байланысты позитцияларын (көзқарастарын) тез өзгертеді. Шынайы жағдайларда олар тоық беріліп, жұмыс жасай алмайды және мәселелер шешімін қиын табады.

  2. Ашық лидерлер айтарлықтай көрінбейді, бірақ олардың жауапкершіліктері жоғары болады; олар әр түрлі ең қиын жұмыстарға кіріседі ар ұяттарына негізделе кірісуге тырысады. Оларда икемді және іс әрекеттерін жағдайға байланысты жасайды, бірақ бүгінгі күнмен өмір сүрмей болашаққа тырысып өмір сүреді. Дәл ослар шынайы лидерлер болып табылады, өз бағынушылырының арасында тіл тимейтін беделді тұлғалар. Бағынушыларға өз қателіктерін шынайы мойындайтын, еркін шешім қабылдайтын, жауапкершілікті өз мойнына алатын жетекші ұнайды.




  1. Қарым-қатынастың перцептивті жағы.

Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі дегеніміз – адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы.
Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Сонымен, әлеуметтік перцепция – адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын. Айтылғанды схема түрінде көрсетуге болады
Әлеуметтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас партнерін тануы, өзара түсіністік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеуметтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет: қабылданатын адамның (субьект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауына.
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификацияда басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.
Идентификация дегеніміз – бұл басқа адамды сол субьектінің өзінің ерекшеліктеріне саналы немесе санасыз ұқсастыру арқылы түсіну тәсілі.
Қарым-қатынас жағдайында адамдар өзін сол адамның орнына қою әрекеті негізінде басқа адамның ішкі қалпы, ой ниеті, мотивтері мен сезімдері туралы болжамдар жасайды.
Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұсына білу деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойланылса», эмпатияда «сезініледі». Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.
Эмпатия – басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеуметтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.

  1. Каузальды атрибуция.

Адам іс-әрекеті мотивациясының ең маңызды мәселелерінің бірі- оның қылықтарын себепті тұрғыдан түсіндіру. Психологияда осындай түсіндіру каузальды атрибуция деп аталады.
Каузальды атрибуция адамның мінез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебін анықтауға, адамның оларды алдын ала болжау қабілетін дамытуға бағытталған когнитивті түрдегі мотивацияланған мінез-құлық болып табылады. Бір адам басқа біреудің істеген қылығының себебін біліп жатса, оны түсіндірмек түгілі болжай да алады. Бұл адамдар арасындағы қатынастар мен әрекеттер үшін өте маңызды.
Бұған қоса каузальды атрибуция адамның көріп жүрген құбылыстарын түсіндіруге деген қажеттілігі ретінде болып келеді. Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді.
Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Осы кітаппен бірге баспада адам туралы ақпаратты көрсету арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Білімнің осы саласында Г.Келлидің жеке адамдық құрылымына адамның әлемді қабылдауға мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі болып табылатын тұрақты когнитивті-бағдарлама құрылымдар теориясы жөніндегі жұмыстары үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз – бір адамның басқа бір адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретін мінездемелерінде жиі кездесетін қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, “ақ-қара, “жақсы-жаман”).Бір адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелуге болады. Мұндай құрылымдар адамның мінез-құлқын болжау , оны мотивациялық-когнитивтік тұрғыдан түсіндіру (каузальды атрибуция) қызметін тақарады.

  1. Эмпатия және антипатия.

Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.
Антипатия (др.-греч. ἀντιπάθεια, ἀντι - - " қарсы "және πάθος — "құмарлық") — дұшпандық, келіспеушілік немесе жиіркеніш сезімі, біреуді немесе бір нәрсені қабылдамаудың эмоционалды қатынасы. Керісінше жанашырлық. Антипатия, симпатия сияқты, көбінесе Есепсіз сезім болып табылады және подсознание шешімімен анықталады, бірақ ол белгілі бір қоғамда қабылданған көзқарастар жүйесін айыптайтын адамдарға, тіршілік иелеріне немесе құбылыстарға моральдық бағалау нәтижесінде толығымен саналы түрде пайда болуы мүмкін.
Антипатия өзінің жеке немесе тұқым қуалайтын тәжірибесімен алынған немесе тәрбиемен егілген антипатия объектісінің зияндылығы, қауіптілігі, деформациясы, жетілмегендігі туралы түсінікке ие. Бұл сезімнің негізі адамның жүйке жүйесінің ерекше қозғыштығы болуы мүмкін

  1. Стереотип психологиялық мәселе ретінде.

Стереотип-бұл әлеуметтік топтың, адамның, оқиғаның немесе құбылыстың салыстырмалы түрде тұрақты және жеңілдетілген бейнесі. Стереотип, қабылдаудың дайын схемасы ретінде адамға әлемнің өзгеретін жағдайларына жауап беру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге стереотип жаңа ойлар мен идеялардың пайда болуына кедергі келтіруі мүмкін. Әр халықтың, әр ұлттың қоршаған әлем туралы, адамдар туралы, басқа мәдениеттің өкілдері туралы өзіндік стереотиптік идеялары бар.
Психологияда әлеуметтік стереотиптер адамның дүниетанымын құрайтын адамдардың кез-келген тобында тұрақты және эмоционалды түсті идеялар ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, біз мойындаған стереотиптер-бұл біздің мүдделерімізден, қалауларымыздан, әдеттерімізден тұратын әлемнің өзіндік бейнесі. И. с. Кохтың айтуынша, "стереотиптеу дегеніміз-күрделі жеке құбылыс механикалық түрде қарапайым формулаға немесе осындай құбылыстардың класын сипаттайтын кескінге беріледі".
Адамды қоршап тұрған барлық нәрсе оның ішкі мұраттарымен еріксіз салыстырылады. Сондықтан стереотиптер оң немесе теріс болуы мүмкін, мысалы," барлық балалар таза "және" әйелдер ерлерге қарағанда ақымақ". Барлық стереотиптер қабылдау ерекшеліктерін көрсетеді және адамдардың шындықты білу процесін жеңілдетеді. Бірақ бұл шындық көп жағдайда объективті емес, өйткені стереотип – бұл біржақты пікір. Сонда қандай негізде стереотип оң құбылыс немесе жоқ деген қорытынды жасауға болады?
Ұзақ уақыт бойы стереотиптер теріс әлеуметтік құбылыс болып саналды, бірақ бүгінгі таңда талдау олардың теріс ғана емес, сонымен қатар жағымды ерекшеліктері мен салдарын да ескереді. Мұның себебі батыс және отандық зерттеушілер стереотиптердің маңызды функцияларын анықтады, олар топтық және жеке деңгейде жүзеге асырылады. Оларға топтарды сәйкестендіру, олардың идеологияларын қалыптастыру және қолдау, және, әрине, ойлауды жеңілдету жатады. Стереотиптің мәні – оң немесе теріс – қазіргі жағдайға байланысты екенін түсіну керек, өйткені кейбір жағдайларда стереотип дұрыс болуы мүмкін, ал басқаларында ол шындыққа сәйкес келмейді. Стереотиптер белгілі бір жағдайлардың әсерінен пайда болады, олар кез-келген уақытта өзгеруі мүмкін, содан кейін теріс пікір ұзақ жылдар бойы болады.

  1. Идентификация, аттракция және рефлексия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет