Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы



бет17/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, thesis134512, №4 лекция
Мақсатты ұғыну. Қажеттіліктерді саналы ұғыну дәрежесіне байланысты елігу және тілек деп бөлінеді.
Туа біткен қажеттілік адам санасында күңгірт, бұлыңғыр зауықтану, елігу түрінде бейнеленеді. Оның күңгірт болатыны оған қажеттілік аз, оның сигналдары мида айқын бейнеленбейді. Адам өзіне әйтеуір бірдеңе қажет сияқты сезінеді, бірақ оның нақты не екенін анық білмейді. Елгуді, әдетте өтпелі күй ретінде қарастырады. Саналы түрде ұғынылмаса ол баяу басылып жоғалады. Не болмаса қажеттіліктің арта түсуіне қарай оны айқын ұғыну белең алып, елігу нақты тілекке айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз – не мазалайтынын, қандай мұқтаж бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын білдіру. Ал тілек дегеніміз – мұрат түрінде өмір сүретін қажеттілік мазмұны.
Тілек әрекетте мотив болуы мүмкін. Іс-әрекеттің мотиві ретінде тілек қажеттілікті айқын ұғыну, жете үсінумен сипатталады. Ал тілеу дегеніміз тілекті қанағаттандыру үшін әрекет жасау болып табылмайды. Тілекте қажеттілік мазмұны бейнеленгенімен, онда әрекет белсенді элементі жоқ. Адам көп нәрсені тілей алады, бірақ бұдан ол барлық бағытта әрекет жасай береді деген ой тумайды. Сонымен, бірдемені тілеу дегеніміз – ол, ең алдымен, қозғаушы стимулдың мазмұнын білу деген сөз.
Бірнеше тілектердің қақтығысынан туындайтын психикалық күйді немесе арасынан біреуін таңдауға тура келетін қарама-қарсы, үйлесімсіз мотивтер қақтығысын мотивтер тартысы деп атайды. Мотивтер тартысы оған қатысты толғаныстарды тудырады. Мотивтер тартысының ақыры шешімге келумен бітеді. Демек, әрекет мақсаты мен тәсілі таңдалады.
Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады. Рас, кейде шешімдерді жүзеге асыру тәсілдері мақсаттың қалыптасуы барысында содан туындап, жалпы түрде белгіленеді. Бірақ бұлай болған жағдайдың өзінде ол тікелей практикалық әрекет алдында мұқият талқылаудан өтеді.
Орындау. Амал-тәсілдер белгіленген соң адам қабылдаған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Көптеген психологтар еріктің мәнін нақ осы қабылдаған шешімді орындаудан көреді. Еріктік әрекеттің орындау сатысының күрделі құрылымы бар. Қабылданған шешімді орындау, ең алдымен белгілі бір уақыт мерзімімен байланысты. Егер шешімді орындау ұзақ уақытқа кейін ысырылса, онда оны орындау ниеті деп айту қабылданған. Ниет өзінің мәні бойынша кейінге қалдырылған әрекетке іштей әзірлік және шешіммен бекітілген мақсатты жүзеге асыру бағыттылығы болып табылады. Алайда тек бір ғана ниет жеткіліксіз. Алдын ала жоспарланған әрекетті жүзеге асыру үшін саналы түрде еріктік күш салу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет