1-кезең. Психология жан туралы ғылым. Адам өміріндегі түсініксіз болмысты жаның бар болуымен түсіндіреді. Бұдан екі мың жыл бұрынғы көзқарас. (Мұнда философиялық және идеологиялық мәселелерді талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнелейтін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан, нақты осы қасйеті арқылы барша табйғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.)
2-кезең. Психология – сана туралы ғылым. XVIIғ. Басталады. Сезіну қабілеті мен ойлауы сана деп аталады. Негізгі әдіс адамның өзін-өзі бақылауы болып табылады.(Бұл уақытта психологияны зерттеу объектісі сана деп қарастырылады, мұнда ұзақ уақыт интроцпекция әдістемесі ғана емес, жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалды; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін "жабық", ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдамадан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк.).
3-кезең. Психология-мінез құлық туралы ғылым. XX ғ.психология – адамның мінез-құлқын реакциясын т.б. бақылап отырған.(Психологияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Утсон (1878-1958ж) негізін салған).
4-кезең. Психология-психикалық құбылысты зерттейтін ғылым. XX ғасырдың екінші жартысынан басталады. (Психикалық құбылыстардың механизімдері мен заңдылықтары зерттеледі. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубеинштеейін, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ.-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.).
Іс-әрекеттің психологиялық теориясы. Психологиядағы тұлға мәселесі Жоспар Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы