Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері мен түрлері Қабылдаудың тұтастылығы деп объетінің кейбір қабылданатын элементтерінің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден ,жеке бөліктерден тұрғанымен ,біз оларды бүтіндей,тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесінде қалыптасатын тұтас бейне түйсіну түрінде алынатын заттың жеке қасиеттері мен сапалары жөніндегі білімдерді жалпылау негізінде құрылады. Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Біз белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес,тұтас құрылым ретінде қабылдаймыз. Мыслы,музыканы қабылдағанда ,біз оны жеке ноталар бойынша емес,тұтас әуен ретінде қабылдап,қайта жаңғырта аламыз. Қабылдауың заттылығы – қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүние нің белгілі бір заттарына жатқызу. Бұл объективация лық қасиет болмаса қабылдау өзінің бағдарлаушы және реттеуші қызметін атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық іс-әрекеті маңызды рөл атқарады. Қабылдаудың мағыналылығы.Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы жақсы көрінеді. Объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше,оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша,олар толық қабылданбайды. Егер объектінің аты сөзбен берілсе,ол қандай нәрсе болса да,оңай және тез қабылданады. Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,заттардың мөлшері,формасы,түсі, және т.б. қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Қабылдаудағы иллюзия. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған ,теріс бейнелері – галлюцинциялардан ажырату қажет. Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып,оның бұрынғы тәжірибесінде кездескен болса,онда адам оларды дұрысырақ қабылдайды. Енді қабылдаудың түрлеріне келетін болсақ – қабылдаудың түйсіктер сияқты негізгі агализаторға байланысты классификациясы бар. Әдетте,қабылдау процесі өзара әрекеттесетін анализаторлар негізінде жүзеге асады. Қозғалыстық қабылдаулар белгілі бір дәрежеде қабылдаулардың барлық түрлеріне қатысады. Мысалы,сипап сезу қабылдауында тактилдік және кинестезиялық анализаторлар қатысады. Қабылдаудың әр түрі таза күйде сирек кездеседі. Олар көбінесе комбинацияланып қабылдаудың күрделі түрлерін құрайды. Қабылдаудың келесі жіктелуінде материяның тіршілік етуінің белгілі бір формалары – кеңістік, уақыт, қозғалыс негізінде алынады. Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, тереңдігін және алыстығын,бағытын қабылдау.Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адамның сонда бағдарлауының қажетті шарты болып табылады. Кеңістікті қабылдау кеңістіктің объективті көрінісінің бейнеленуі болып табылады және объектердің формасын,көлемін және өзара орналасуын,олардың рельефін,қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады. Заттардың көлемі мен түрін қабылдау. Заттардың көлемі мен түрін қабылдауда олардың көздің тор қабығында бейнеленуінің үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескін,кіші заттарға кіші кескін сәйкес келеді. Адамның көз құрылысының ерекшелігіне байланысты алыста орналасқан зат көлемі жағынан бірдей болғанымен,жақын қашықтықтағы затқа қарағанда,кіші болып бейнеленеді. Заттардың көлемі мен түрін қабылдау көру,сипап сезу және бұлшық еттік-қимылдық түйсіктердің күрделі үйлесімі негізінде жүзеге асады. Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау.Заттардың аумақтылығын немесе тереңдігін қабылдауда бинокулярлық көру(немесе екі көзбен көре қабылдау)негізгі рөл атқарады. Монокулярлық көру (бір көзбен қарау) қашықтықты белгілі бір шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулі тұрған жіңішке жіпке бір көзбен қарасақ,жоғарыдан тасталған кішкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенін айыру қиын. Тереңдікті қабылдауда көз бұлшық еттерінің жиырылуы мен жазылуынан пайда болатын бұлшық еттік –қозғалыстық түйсіктердің маңызы аз емес. Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау –бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру. И.П.Павлов пен оның ізбасарлары тәжірибе жүзінде дәлелдеген адамдарда үнемі жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесінің физиологиялық негізі болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмінде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл ,тікелей қабылдауға көнетін тек қысқа мерзімді интервалдар ғана. Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді. Қызықты ,маңызды істерге толы уақыт зымырап тез өтеді. Адам уақытты қабылдаудағы субъективтіліктен практикалық іс-әрекет пен тәжірибесі негізінде арыла алады. Қозғалысты қабылдау – бұл объектілердің кеістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие. Қозғалысқа көру жүйесінің перифериялық бөлімі сезімтал келеді. Объект табылғанда,көру аумағының орталығына ауысады,осы жерде бұл объектіні ажырату мен тану жүзеге асады.Заттың қозғалысын қабылдау , негізінен,оның қандай да бір фонда орын ауыстырып немесе жылжи отырып , көз торының түрлі клеткаларының кезекті қозуын тудырады. Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізгі рөл атқарады.
Ес 1.Естің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Естің психологиялық теориялары.Естің негізгі түрлері 2. Ойлаудың психологиялық теориялары.