Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы


Естің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы



бет10/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак

1.Естің жалпы сипаттамасы мен анықтамасы
Біздің қоршаған ортадан алған әсерлеріміз есімізде белгілі із қалдырады. Ол іздер жеткілікті ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрынғы қабылданған түрлі әсерлерді,бейнелерді,көңіл-күйлерді,әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды,есте сақтауды,қажет кезде жаңғыртуды немес ұмытуды ес деп атаймыз. Адам естің арқасында бұрынғы білімдері мен біліктерін жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша,ес-бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет,ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап,сақтап,оны пай далануға мүмкіндік береді. Оны түрлі зерттеулерден білуге болады. Мыслы,гипнозға енген адам есіне барлығын түсіре алады. Бұл феноменнің себебін ес зерттеушілері В.СР.отенберг және Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есі басым болуының себебі,мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсіндіреді. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезінде тоқпен мидың түрлі орталықтарын қоздырған. Сол кезде,арнайы аппарат арқылы пациент наркозда болса да,бұрын естіген және ұмтылып кеткен әңгімелер мен әндерді жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен адамның есте сақтау қабілеті өте мол. Адам есінің көлемі он миллионнан астам белгілерді сақтай алады,бірақ қайта жаңғыртудың әр түрлі қиыншылықтарынан және бұл көлемнің бәрін саналы кезінде қолдана бермегендіктен,көп нәрсені еске түсіре алмаймыз. Орыс физиологы И.П.Сеченов айтқандай: «Ес барлық психикалық дамудың негізінде жатады». Егер сезімдеріміз,ойларымыз немесе әрекеттеріміз сақталмаса,олардың байланысуы мен әрекеттесуі мүмкін болмас еді. С.л.Рубенштейн айтқандай: «Біз еске ие болмасақ бір сәттік тіршілік иесі болар едік.Біздің өткен өміріміз болашағымыз үшін жоқ болар еді». Естің жүйке жүйелік жағынан физиологиялық негіздері,ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделі әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тітіркендіргіштер мида өзіндік «іздер» қалдырып отырады. Мұны ашқан И.П.Павлов болды,ол естің негіздерін шартты рефлекстермен түсіндірген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет