1)Көрнекі-әрекеттік ойлау;
2)Көрнекі-бейнелік;
3)Сөздік-логикалық;
Мәселенің түріне байланысты: 1)Теориялық ойлау; 2)Практикалық ойлау;
Таным түрі бойынша: Эмпирикалық және теориялық ойлау.
Рефлексия немесе саналау деңгейі бойынша: интуиктивтік және рационалдық (аналитикалық немесе логикалық) ойлау;
Әрекеттің тәсілдері негізінде: вербалдық және көрнекі;
Ойлау бағыттылығымен байланысты: шынайы және аутистік ойлау;
Ойлау іс-әрекетінің өніміне байланысты: продуктивті және репродуктивті;
Ойлаудың фукцияларына байланысты: творчестволық және критикалық ойлау;
Еріктік күштің жұмсалуына байланысты: ырықсыз және ырықты;
Ойлаудың негізгі формалары мен қасиеттері:
Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып екіге бөлінеді. Жалпы ойлау дегеніміздің өзі – мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі - ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз – бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз – жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукция дегеніміз – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Енді ойлаудың қасиеттеріне келетін болсақ, ол сан алуан болады. Солардың негізгілеріне мыналар жатады: Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективті бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкілікті және жан-жақты тексере алу қабілеті. Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселені жан-жақты ойластырып алмай, оның бір жағын бөліп алып, асығыс шешім қабылдауға тырысуы, белгілі бір дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пікірлерді беру.
Достарыңызбен бөлісу: |