Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы


Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі



бет21/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, thesis134512, №4 лекция
Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
Жоспар:

  1. Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы

  2. Қабілеттің даму деңгейі мен дербес ерекшелігі

Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатынын тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады.


Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда «қабілет» термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше тмәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлы мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі тике бөлуге болады. Бірінші жағдайда, қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығы түсіндірілед. Бұл қабілет терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден, қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететініскелік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVII-XIX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек ғана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.
Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына үлкен үлес қосқан отандық белгілі ғалым - Б. М. Теплов. Ол «қабілеттің» төмендегідей негізгі үш типін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамынң келесісінен өзгешеленентін дербес психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттік туралы ешкім сөз етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандай да бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді айтады.
Үшіншіден, «қабілет» түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылар мен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.
Қабілеттің отногенезде даму мәселесі бойынша профессор С.М. Жақыпов өзінің еңбектерін де көрсетеді: Қабілеттердің нышандардың негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс-әреке барысында нышан қабілетке айналадыдеген тұжырымныңөзі де әлі күнге дейін дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс-әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мәселесінің мәні, оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну нтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубенштейннің еңбектерінде көрінеді. Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғтын құрайды деген. Бірақ адам табиғаты тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді (адамның еңбек іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасады). Бірақ Рубенштейн осы мәселені нақтылағысыкеленмен, сол мәселенің шеімінен алшақтайды. «Нышандар – қабілеттің алғышарты», - дейді С.Л. Рубенштейн. Қабілеттер нышандар негізінда дамымағанмен, қабілет бәрі бір нышаннның функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.
Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезиі мәселесін пйдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады. Лейтес жастық шақта дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рөлі: бейімділік қабілеттің алдынада жүреді, дамудың алдында жүредәі және дамудың негізгі факторларының бірі ми қатысатын процестерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқолқты жоғарылатады, ұйқыдағы күштерді оятады.
50-60 жылдары, Ананьев Б.Г., Коалев А.Г., Крутецкий В.А., Леоньтев А.Н., Платонов К. К., Рубенштейн С.Л., Дружинин В.Н., және тағы басқа кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің арқасында қабілет мәселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам жасалды. С.Л. Рубенштейн 30-ы жылдары қабілетке байланыстыөз көзқараын айта бастайды. Оның алғашқы жұмысының мазмұны кеңірек «Жалпы психология негіздері» оқулығында баяндалды. Онда автор осы мәселеге деген көзқарасын айта отырып, қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы дарындылық пен арнайы қабілеттер сұрақтарын қарастырады.
1. Жалпы 2. Арнайы
Арнайы қабілеттер адамның іс-әрекетінің жеке арнайы салаларындағы жетістіктерін анықтайды. Ол арнайы қабілеттердің түрге жіктелуінен көрінеді (математтика, музыка, әдебиет, т.б.). Жалпы және арнайы қабілеттердің арақатынасын жалпы жалпы және ерекшенің арақатынасы ретінде қарастырады. Ғылымда олардың жіктеуінің белгілі әрекеттері бар. Бұл жіктелулердің көпшіліг алдымен табиғи және шынайы қабілет және қоғамдық-тарихи шығу тегі бар арнайы адами қабілет деп өзгешеленеді.
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілеттілік, дарындылық, таланттыық, данышпандық.
Кез келген қабілет өзінің даму процесінде алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көрсететін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдымен талаптылықты құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділіук пен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастыруды жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Мысалы тума бейімділік ретінде алуан түрлі анализаторлардың даму ерекшелігі шыға келеді. Солай, музыкалық қабілетті дамытуға арналған негіз ретінде естуді қабылдаудың белгілі бір сипаттамалары бой көтере алады. Ал интеллектуалдық қабілет бейімділігі ең әуелі ми қызметінде - үлкен немесе кіші қозуы, жүйке жүйесінің тума ерекшеліктерімен айқындалады. Бұл қасиеттерге мыналар жатады:

  • қоздыруға қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни қарқынды және жиі қайталанатын жүктемеге, оның белгілі шекте тежеуді болдырмай, ұзақ мерзімге төзіп тұра алатын қабілеттілік;

  • тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни ұзақ және жиі қайталанатын тежеу әсеріне төзіп тұра алатын қабілеттілік;

  • қоздыру және тежеу әсерінің жауабына жүйке жүйесінің біркелкі реактивті анықталатын қоздыруға және тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің салмақтылығы;

  • қоздыру немесе тежеудің жүйке процесіндегі пайда болу мен тоқтатылудың жылдамдығы бойынша бағаланатын жүйке жүйесінің тұрақсыздығы.

Қабілетпен қандай да бір әрекеттің табысты орындалуына қатысты дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Сондықтан қабілет тұлғалықтың негізгі қасиеті ретінде қарастырылады. Алайда ешбір жекелеген қабілет іс-әрекеттің нәтижелі орындалуын өзі ғана қамтамасыз ете алмайды. Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі орындалуын әрқашан бірқатар қабілетке қатысты болады. Жақсы жазушы болу үшін ол қаншалықты жетілген болса да, бір ғана байқампаздығы жеткіліксіз. Жазушы үшін бірінші дәрежелі мәнділік байқампаздық, кескінді есте сақтау, ойлаудың бірқатар түрлері, жазба тілмен байланысты қабілет, назарды шоғырландыратын қабілет және басқа да қабілеттердің болуы.
Екінші жағынан, кез келген нақты қабілеттің құрылымына іс-әрекеттің сан алуан түрлері мен арнайы қасиеттердің талаптарына жауап беретін, іс-әрекеттің тек қана бір түрін табыспен қамтамасыз ететін әмбеьап және жалпы қасиеттер жатады.
Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады.
Бұл анықтама дарындылықтан әрекеттің жеткіліксіз орындалуы емес, тек сондай жетістіктің орындалу мүмкіндігі ғана тәуелді екенін атап өту керек. Кез келген әрекетті табысты орындау үшін тек қана лайықты қабілеттің сәйкестігі болуы ғана талап етілмейді, сонымен қоса қажетті білім мен дағдыны талап етеді. Адам қандай да феноменалдық математикалық дарындылығы болса ад, егер ол ешқашан математика оқымаған болса, ол осы саладағы ең қарапайым қызметті табысты атқара алмайды. Дарындылық әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндігін іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытатының және қандай білім мен дағды игерте алатынын анықтайды.
Дарында адамдардың дербес ерекшелігі, қызығушылығы бағыттылықта басты кеіпте білінеді. Мәселен, бір адамдар математикаға, келесісі тарихқа, үшіншісі қоғамдық жұмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы әрекетте өтеді.
Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалығымен ерекшеленеді.
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.
Талант - бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес.Мәселен, талантттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да дамдарды көптеп табуға болады.
Қабілеттің дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады. Данышпандықтың өзіндік «профилі» болады, қандай да бір жағы онымен басым болса, кейбір қабілеттерде айқынырақ болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет