Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы



бет18/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, thesis134512, №4 лекция
Темперамент психологиясы
Жоспар

  1. Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу

  2. Темпераменттің қасиеттері

  3. Темперамент және жеке адам

Темперамент туралы ілім өте ерте замандарда пайда болған.


Темпераменттің негізін салған ежелге грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. 460-377 ж.) темпераментке алғаш түсініктеме беріп, оны негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен емес, ағзадағы әр түрлі сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) біреуінің басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бірінің басымдығы адамның темпераментін анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса - меланхолик айқындалады екен.
Неміс философы И. Кант темпераментті екіге бөледі:

  1. Сезім темпераменттері – сангвиник пен меланхолик жатса;

  2. Іс-әрекет темпераменттері – барлық темпераменттер жаиады.

Темпераменттердің осы бөліністеріне қысқаша тоқтала кетейік:
Сангвиник сезім темпераменті - олардың сезімдері сырттай күшті көрінгенімен, терең және тұрақты емес.
Меланхолик сезім темпераменті - сырттай күзелістері, онша күшті емес, бірақ іштей терең әрі ұзақ болып келеді.
Сангвиник іс-әрекет темпераменті - оптимист, сенімі мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып, тез қайтады, көп уәде береді, бірақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа, таныс емес адамдармен тез тіл табыса алады, жақсы пікір-таласқа түседі, ол үшін барлық адамдар дос болып келеді. Оның негізгі ерекшелігі көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңілділігі. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.
Меланхолик іс-әрекет темпераменті – себебі ол сангвиникке қарам-қарсы, көңіл-күйі төмен адам. Мұндай адамдардың ішкі өмірі күрделі, олар өзіне қатысты барлық нәрселерге үлкне мән береді, сезімтал жанды, әрі уайымшыл болып келеді. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейді. Берген уәдесін орындай алмағанда көп қиналады.
Холерик іс-әрекет темпераменті – себебі ауланшақ адам. Мұндай адам өте қызба, және ұстамсыз. Гер де онымен бәтуға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бірақ ұзақ емес.
Флегматик іс-әрекет темпераменті – себебі суық адам. Ол күрделі, белсенді жұмыстан гөрі, қол бостылықты қалайды. Оны аудандыру қиын, бірақ ашуланса ұзаққа созылады.
И. Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мінез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшеліктеріне ғана сүйеніп қана қоймай, мінез ге байланысты болады. Себебі ересек адам психологиясында темперамент пен мінез ажырағысыз. Сонымен қатар темперамент қасиеттері әлеуметтік ортадағы адамдардың әрекеттерімен тығыз байланысты. Темперамент түрлерін жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиник тез реакциялы, өмірдің өзгеруіне тез бейімделеді, жұмыстың басталу кезеңінде жоғары жұмыс қабілеттілігі басым, бірақ соңына қарай қызығушылығының тез өгеруінен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабілеттілігі төмендеп кетеді. Меланхоликтер, керісінше, жұмысқа баяу кірісіп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзімділігін сақтайды. Олардың жұмыс қабілеттілігі жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меданхоликтер жұмыстарының сапасы бірдей, айырмашылықтары әр кезеңдегі жұмыс динамикасында.
Холерик аз уақыттың ішінде ойы мен әрекетін жинақтай алады, бірақ ұзақ уақыт жұмыс барасында төзімді емес. Флегматиктер, керісінше, тез жинақтала алмайды, бірақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсенді бола алады.
Неміс психолгы В.Вундт темпераментті екіге бөледі:

  1. Эмоциясы күшті темпераменттер.

  2. Эмоциясы әлсіз темпераменттер.

Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болып келуі жүйке
жүйесінің тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп айтты.
Риимнің атақты дәрігері К.Гален темпераменттің физиологиялық ерекшеліктерімен қатар, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты салалармен баланысты деп түсіндіреді.
В.Д. Неббылицин темпераменттің үш негізгі компоненттердің бөдіп қарастырады. Олар:
1) индивидтің белсенділігі;
2) оның моторикасы;
3) эмоционалдылығы.
Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көріну формалары жағынан әр түрлі. Бұл жерже үлкен орынды индивидтің белсенділіг алады. Оған шаршау, инерттелік, енжарлық, т.б. Ал моторикаға қозғалыс тездігі мен күштілігі, эмоционалдылық көңіл-күй, аффект, сезім, т.б. жатады.
Темпераменттің мәнді қасиеттеріне жататындар:

  1. Эмоционалды қозу. Бұл қасиет өте әлсіз сыртқы және ішкі әсерлерге

жауап беру қабілеттілігі арқылы түсіндіріледі.

  1. Зейіннің қозуы индивид психикасының икемделу қызметін

көрсетеді. Олар әсер ететін тітіркендіргіштердің қарқыныдылғының аз ғана өзгеруін ббайқауға қаббілетті.

  1. Эмоция күші. Б.М. Тепловтың айтуы бойынша, ол мотивтердің

қанағаттануына және қанағаттанбауныа тәуелді «іс-әрекет энергизациясынан» көрінеді.

  1. Үрейлілік. Б.М. Тепловтың түсінуінше үрейлілік дегеніміз – қатерлі

жағдай кезіндегі эмоционалды қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлікті бөледі. Эмоционалды қозу тітіркендіргіш күшіне тәуелді емес, ал үрейлілік тітіркендіргішке тікелей тәуелді.

  1. Ырықсыз әрекеттердің реактивтілігі. Жағдай мен

тітіркендіргіштерге икемделу реакциясының қарқындылығының күшеюімен сипатталады.

  1. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекет белсенділігі. Б. М. Тепловтың

айтуы бойынша нақты қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жлолымен икемдеу белсенділігінің жоғарылауы кезінде көрінеді.

  1. Икемділік-икемсіздік. Іс-әрекеттің өзгертетін талаптарына

икемділік.

  1. Резитенттілік. Басталған іс-әрекетті әлсірететін және жүргізбейтін

ішкі және сыртқы талаптарға қарсы тұра алу қабілеттілігі.

  1. Субъективизация.

Кеңес психофизиологя Русалов жүйке жүйесі қасиеттерінің жаңа
тұжырымдамасына сүйене отырып, темперамент қасиеттерінің ерекшеліктерін ұсынады. Темпераменттің компоненттері: төзімділік, жылдамдылық, сезімталдылық, икемділік. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент – психофизиологиялық категория, себебі ол толық туа біткен де емес, ортамен байланыста емес. Темпкрамент қасиеттері заттылық іс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлі, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастырумыз кеоек.
Танымдық процестер бойынша:

  1. белсенділік (ойлау, қабылдау, қиял, зейін қою, есте сақтау): адам белгілі бір объектіні қаншалықты тез сақтай алады, қабылдай алады, оған зейінін қоя алады. Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.

  2. Өнімділік: белгілі уақыт ішінде танымдық процестер арқылы нәтижеге жету.

  3. қазу мен тежелудің ауысуы: танымдық процестердің бір объектіден екінші объектіге көшуде немесе бір әрекеттен екінші әрекетке көшуде пайда болуын, сақтауын немесе ауысу жылдамдығын көрсетеді. Мысалы: бір адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске түсіреді, бір адамдарға бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысу үшін ұзақ уақыт қажет. Бұл қасиеттер адам қабілеттілігін анықтамайтынын айта кету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет