Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы



бет11/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, thesis134512, №4 лекция
2.Естің психологиялық теориялары
Естуралы көптеген теориялар бар. Ол ес құбылысын әр түрлі жағынан қарастырған әрі түсіндірген.Солардың ішінде алғашқы рет Аристотель ұсынған,бірақ өзінің көкейкестілігін осы күйге дейін жоғалтпаған асоциациялық теория бар. Аристотель біздің естеріміздің бір-бірімен байланысуына мүмкіндік беретін принциптерді табуға тырысқан. Артынан психологияда «ассоциация принипі» деп аталған бұл принциптер мыналар: 1)Іргелес ассоциациялар. 2)Ұқсас ассоциациялар. 3)Контрастық ассоциациялар. ХІХ ғ 80-жылдарына қарай неміс психологы Г.Эббингауз ойлау іс-әрекетінен тәуелсіз «таза» естің заңдарын зерттеуге болатын әдісті ұсынды. Ол мағынасыз буындарды жаттау әдісі. Ал ХІХ ғ аяғында ассоциацияның орнына гештальттеория келді. Бұл теорияны жақтаушылар пікірінше, ес процестері гештальт қалыптасуымен анықталады. «Гештальт» сөзі «тұтастық», «құрылым», «жүйе» деген мағынаны береді. Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүреді. Адам үшін сол мезетте өзекті болатын кейбір күйлер есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгілі нұсқаулар туғызады. Сәйкес нұсқау адам санасында белгілі тұтастық құрылымдарды белсендіреді. Өз кезегінде олардың негізінде материал есте сақталады немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау есте сақтау мен қайта жаңғыртудың жүру жолын бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды. Ал, ХХғ басында естің мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкілдері сәйкес процестердің жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуын тәуелді деп пайымдады. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері А.Бине мен К.Бюлер болды. Естің физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анюхин зерттеулері бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады, мұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүцке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзінің клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жанасуы іске асады. Мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейді. Сондай-ақ есті нерв клеткаларының ішіндегі биохимиялық реакциялармен түсіндіретін биохимиялық теорияда бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет