Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы



бет8/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак

Қабылдау туралы жалпы ұғым
Қабылдау дегеніміз – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп,тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Түйсіктер біздің өзімізде болатын болса,ал қабылданатын заттардың қасиеттері мен бейнелері кеістікте шоғырланады. Түйсіктерден ерекшелейтін қабылдаудағы бұл процесс объективация деп аталады. Егер түйсіктер қандай да бір анализаторға «байланып қалған» сияқты болып және шеткі органдары рецепторларға стимул әсер еткенде олар бірден пайда болатын болса, ал қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейне бірден бірнеше анализатордың өзара әрекеттесіп,үйлесімді жұмыс атқаруының нәтижесінде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуір белсенді жұмыс атқарып ,едәуір мәнді қасиеттер жөнінде ақпаратты көп берсе,соған байланысты қабылдау түрлері де ажыратылады: көру,есту,тері және қозғалыстық қабылдаулар. Қабылдаудың түйсіктерден едәуір дамығандығын көрсететін тағы бір ерекшелігі ,егер,түйсіктердің нәтижесінде белгілі бір сезім (ашықтық,аштылық,тепе-теңдік,суықтық,дыбыстың жоғарылығы) пайда болатын болса,ал қабылдауың негізінде адам санасының затқа,құбылысқа,процеске жатқызатын өзара байланысты түйсктердің жиынтығы ретіндегі бейне қалыптасады. Бірақ қабылдау міндетті түрде түйсіктерге негізделеді. Түйсіну мен қабылдау дың маңызды ұқсастығы - екуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыру керек.Сонымен, қабылдау – түйсікке қарағанда , едәуір күрделі әрі жоғары сатыда тұрған психикалық процесс. Түйсіну мен қабылдау процестері болмайынша , дүниедегі заттарды білу мүмкін емес. Қабылдау процесінде адамның өткен тәжірибесі ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелікті апперцепция деп атайды.Әр адам айналасындағы заттарды өз бетінше қабылдайды.
Қабылдаудың физиологиялық негіздері
Қабылдаудың физиологиялық негізі П.К.Анохин бойынша – функционалдық жүйе жұмысына бірігетін көптеген психофизиологиялық жүйелердің үйлесімді жұмысы. Оған шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру схемасы да кіреді. Қабылдауда түйсік тәрізді рефлекторлық физиологиялық процесс. И.П.Павловтың көрсетуі бойынша,қабылдаудың негізіне рецепторларға қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуі нәтижесінде үлкен ми сыңарларының қабығында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары,яғни шартты рефлекстер жатады. Түйсіктермен салыстырғанда қабылдау ми қабығының күрделі аналитикалық-синтетеикалық іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Қабылдаудың негізінде екі түрлі жүйкелік байланыстар жатады: бір анализатордың шегінде қалыптасатын байланыстар және анализатораралық байланыстар. Біріншісі, организмге бір модалдылықтағы комплекстік тітіркендіргіштің әсер ету нәтижесінде пайда болады. Мұндай тітіркендіргіш ретінде белгілі бір әуенді алып қарастыруға болады. Оның өзі есту анализаторына әр түрлі жеке дыбыстардың ерекше үйлесімі ретінде әсер етеді. Осының нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығында интеграция мен күрделі синтез процесі жүреді. Байланыстың екінші түрі – әр түрлі анализаторлардың шегінде пада болатын байланыстар. Осы ретте, И.М.Сеченов зат пен кеістікті қабылдауды көру,кинестезиялық, сипап сезу және т.б. түйсіктердің ассоциациясымен түсіндірді. Бұл ассоциацияларға,сонымен қатар берілген зат немесе кеңістік қатынас белгіленетін сөздің есту бейнесі де қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет