Тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.
Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиялогиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адамның төрт деңгейі ғылыми зерттеулері үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
"Тұлға" ұғымының анықтамасы мен мазмұны. Адам ұйымдасуының иерархиялық деңгейі. "Индивид", "субъект","тұлға", "жеке даралық" ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрлымы: бағыттылық, қабілеттері, темперамент, мінез-құлық. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі Э.Эриксон сол ғалымның кестесі бойынша қарастырсақ олар мынадай болады. Сонымен қатар тұлғаның дамуын т.б ғалымдар қарастырған.
Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізіеді.
Қабілеттердегеніміз – бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент – адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның қатынасын басқы адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамның наным-сенімдері.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға ұғымына ерік пен эмоция ұғымын қосады. Психикалық құбылыстардың құрдымына психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастыруға лайықты.
Алайда осы құбылыстарды тұлға құрлымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы; сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтары болып реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылап отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселлер: адам ұйымдасуы құрлымның иерархиясы, тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтіліктің қатынасы.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуын қандай заңдылықтарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені,тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін түсіндіру мүмкіндіктері әртүрлі түсінгдіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы; психоаналиктикалық тоерия даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизімдерінің пайда болуын, қажеттіліктерін қанағаттандыружолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалптасады, олардың туындау, қайта түзілужәне тұрақтану процестерібиологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекетінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе гуманистік және басқа феномонологиялық теориялар оны "Мен" деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды иниституттарының бірі – жанұя. Отбасында, жақын адамдарының арасында адам негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірінің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірбие мен өзін-өзі ұстауы тәрбиесін алады.
Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі – тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуалиизация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы қазіргі заман концеппциялары үшін маңызды болып табылады. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын болып табылады
Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарттары болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші – түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін-өзі дамыту қажеттіліктері. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немсе белгілі әлеуиеттік статус алу маңыздырақ .
Келесі мәселе – тұлағ қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым – тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оныңқадамдарының заңдылықтарына сипат береді.
Лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35жыл жүргізілген осындай зерттеулерлің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамалардың жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35 – 45 жас шамасында тексерілген.
Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталған анықтама. 30 жыл бойы жүргілген зерттеулердің нәтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31%-ы сақталатынын көрсетті