Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы



бет12/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, thesis134512, №4 лекция
3.Естің негізгі түрлері
Естің түрлерін жіктеуінің белсенділікке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негізгі психикалық әрекеттің сипатына, есте сақтау мерзіміне орай келесі түрлері болады: 1) Ерікті және еріксіз ес түрлері.Сонда белгілі мақсат қоймай-ақ арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғыртуды еріксіз ес деп атайды. Ал мақсат қойып, арнайы әрекеттерді қолданып жатып есте сақтағанды ерікті ес деп атайды. Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауда келесі ес түрлері болады: Механикалық ес. Мұндай есте қалдыру ешбір өзгеріссіз, дәлме-дәл қайталауды көздейді.Мысалы,түрлі ережелерді жаттау барысында. Логикалық ес. Бұл есте сақтау амалында логикалық түсіну,жүйелеу, негізгі логикалық компоненттерді бөліп шығару,солардың араларында мәндік байланыстарды табу жасалады. Сонда есте сақтау 20 есе өседі. Бейнелі-көрнекілік ес. Мәліметтерді бейнелерге, схемаларға, графиктерге, суреттерге айналдыру. Бейнелеуде естің бірнеше түрін ажыртуға болады: көру, есту, дәм, сипап-сезу, иіс естері болып бөлінеді. Эмоциялық ес – бастан кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. Бұл естің түрлерін басқалармен салыстырғанда әлде қайда күшті болып табылады. Адам есіне ең күшті сақталатыны ең қуанышты немесе ең қайғырған кезі болып табылады. Естің бұлардан басқа қысқа мерзімді, оперативті, ұзақ мерзімді, түпкілікті ес деген түрлері бар.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін,көбіне ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау процесі естермен де тығыз байланысты. Ойлау проблемасын қарастырған А.А.Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз, олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Ойлау шығу тегі мен пайда болуына байланысты келесідей түрлерге жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет