деседі: бала ойыншығын тез бұзуға ғана шебер,
оны құрастыру,
бөлшектерін салыстырып, қандайда қорытынды шығару —
сәбидің ойына да келмейді.
Біріктіру
— бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-
қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.
Біріктіру амалын тал-
дау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке зат-
тар мен кұбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөл-
шек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым бірік
тіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын
андатпайды. Мысалы, автокөліктің жүздеген бөлшектерін құ-
растырғандағы мақсат металл үйіндісін
шығару емес, пайдалы
әрекетке келетін машина түрғызу. Оттегі мен сутегін синтездей
отырып жаңа сападағы зат — су алатынымыз баршаға мэлім.
Ой үдерісіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу-үйретім
(үйренім) жұмысында аса үлкен маңызға не. Бала жекелеп тал-
даумен әріптерді
тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген эріп-
тердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан — сөз, сөзден
— сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп — мэтін мазмұнын шығарады.
Талдау мен біріктіру ажыралмас бірлікте жүріп жатады.
Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болтан зат қана талда-
нуы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді:
қандай да бө-
ліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөлік-
тердің өзін жэне олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау
барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, ке-
зекпен алғы шепке шығып тұрады.
Талдаудың не біріктірудің
ойлау кезінде кѳбірек қажет болуы материал сипаты мен орын-
далатын жұмыстың шарттарына, сондай-ақ адамның ақыл-ой
қабілетіне байланысты.
Салыстыру
— бұл эрқандай заттар мен құбылыстардың не
ойлардың бөліктері арасындағы
ұқсастықтар мен айырма-
шылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Күнделікті тұр-
мыстық салыстырулар бір затты екіншісіне беттестіру арқылы
жеңіл-ақ орындалады. Кеңістіктегі өлшеу мен салмақты тара-
зылау да осы салыстырудың көрінісі. Салыстыру түрлері келе-
сідей: 1) бір жақты (бір
белгісі бойынша, толық болмаған);
2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт
жэне тереңдей; 4) тікелей жэне жанама. Салыстыру белгілі бір
176-13
байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-
түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс-эрекетті терең эрі дэл
тану үшін аса қажет ойлау қасиеті — бұл үксас эртүрлі заттар-
дың
айырмашылығын, өзара бөлек заттардың — ортақ, ұқсас
жақтарын сезіне білу.
Достарыңызбен бөлісу: