Мем- лекеттік тапсырыс жэне арнайы тэрбие болмаган жерде болымды «Мен» қалыптаспайтынын Ч. Кули ескермеді.
Америкалық ғалым- психолог
Дж. Mud баланың әлеуметтік
кемелденуінде элеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адам-
дармен араласу барысында қолданылатын рәміздер жэне ым-
ишараларды түсініп, эрі пайдаланудың үлкен маңызды болаты-
нына баса назар аударды.
Өзара түсінісу мен элеуметтік қатынастарға келуде Дж. Мид
балалық шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне
байланысты екеніне ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында
балалъщ шацтагы ойындар маңызды болатынын алға тартты.
Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі рөлді атқаруға кіріседі,
соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға қатысқан бір-
неше адамдардың рөлін орындауға тырысады.
Сонымен бірге, оның ақылы, өзіндік санасы дамиды, келе-
келе элеуметгік топ қалыптары мен құндылықтарын меңгере
бастайды, өзіне болған талаптар мен ұстанымдардың мэнін
түсінетін болады.
Кемелге жетіп, «Мен» дәрежесіне көтерілген түлғаның
көрсеткіші —