Психология


-бөлім. ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322
1-бөлім. ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МӘН-МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ БАРША ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1. Психология пәні және оның міңдеттері. 2. Психиканың
рефлекторлық сипаты. 3. Қазіргі заман психологиясының мін-
деттері. 4. Психологияның гылымдар жүйесіндегі орны.
5. Психология салалары.
1.1. Психология пэні жэне оның міндеттері
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерт- 
теу нысаны болып келді. Өзінің тарихы мен калай пайда бол- 
ғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге 
деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным 
жолында жантану ғылымьның алатын орны аса ерекше. Адам 
балмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде 
өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен 
карым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология да- 
муының негізінде жатқан кызығу уақыт озуымен бірге өрістей 
түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын 
жэне спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық 
заңдылықтарды түсініп, танып білмей, тиімді орындалуы мүмкін 
емес. Адамның даму заңдары мен оньң болмысының жасампаз- 
дык мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның 
кемелденуі үшін өте қажет. Адам эртүрлі ғылым тұрғысынан 
жан-жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тэн 
ерекше көкейкесті мэселелермен айналысады. Солардың ішінде 
қоғамдық ғылымдар әлеуметтік үдерістерді зерттеуде пси- 
хологиялык жағдаяттарды айналып өтуі тіпті мүмкін емес. 
Солай болса да, әрқандай ғылым басқасынан өз пэнінің ерек- 
шелігімен ажырап тылады. 
Л. С. Рубинштейн
«Жалпы пси­
хология негіздері» (1940) атты еңбегінде «Психология зерт- 
теуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр, олар 
біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ыкылас-ниеттеріміз


бен тілектеріміз, т. б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын 
құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамас- 
тай болып сіңген 
цұбылыстар жиыны,
— деген. Психологиялык 
дүниенің бірінші ерекшелігі — 
эрбір тек өкілініц
(индивид) өз 
меншік толғанысының болуы — 
ол түйсік сезімінен
ғана 
көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қан- 
шалықты әдемі, нэрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулы- 
ғын сезінуі қиын; керең — тікелей қабылдамаған соң, эн-күй 
эуенін танымайды; махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға 
ол жөніңдеғі эңгіме-дастан да түкке де түрмайды.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам 
ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым қүбылыс 
болуында. Себебі эрқандай нақты заттың өзі мен оның қабыл- 
данған кейпі бір-бірінен ажыралып тұратыны даусыз. 
«Жан
ерекше, тэннен бөлек жасайтын цүбылысы
» деген нанымның 
санаға терең ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адам- 
ның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс 
көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тэн­
нен жэне көрінбейтін жаннан, бірінен-бірі дербес екі бөліктен 
тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның 
тэнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шыгып кетеді-мыс. Ал адам 
үйқыдағы кезде жан оньщ тэнінен уақытша ажырап, қандай да 
бір басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық үдерістер, 
қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауга түсіп, зерттелгенге 
дейін адамдардың бірінің екіншісі жөніндегі қарапайым түрмыс- 
тық психологияға тэн пайымдаулары жинақтала берді. Адам 
психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негі- 
зінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында 
түсінісуге, бірлікті түрмыс құруга, іс-эрекет арқылы адамды 
тануға кажет болудан жинақталған жай психологиялық пайым- 
даулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын қүрады. 
Осы біршама біліктер эр адамға қоршаған ортада жол тауып, 
өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға кө- 
мегін тигізді. Бірақ мұның бэрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен 
танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжі- 
рибемізден ғана үйренбестен, көркем эдебиеттен, халық ауыз 
әдебиеті үлгілерінсн (мақал-мэтел, ертек, эпсана) ұғып, түсініп


келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен психология 
салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан 
үрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мэні неде? Онын 
ғылыми пэні (предмет) не?
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан 
іздеп, психологияның эр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пэніне 
деген квзкарасының өзгеріп барғанын байқаған жөн. 
Психоло­
гия өте ежелгі де, өте жас та гылым. Мың жылдыц тарихы-
ның барына қарамастан, оның бар болашагы әлі алда. Пси-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет