Психология


ТҰ Л ҒА Л Ы Қ М ІН Е З Қ ¥Б Ь ІЛ Ы С Ы



Pdf көрінісі
бет300/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   322
5. ТҰ Л ҒА Л Ы Қ М ІН Е З Қ ¥Б Ь ІЛ Ы С Ы
1. Мінез жөніндегі түсінік. 2. Мінез жөніндегі білімдер.
3. Мінез бітістері. 4. Мінез түрлері мвн типтері. 5. Мінез ік
бітіс асцынуы. 6. Мінездің үлттъщ ерекшеліктері. 7. 
шез
жэне адамның жас сатылары.
5.1. М інез ж өнінде т үсінік
М інез 
— тұлғаның өзіне тэн кылык-эрекетінде, тіл қатына 
сында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілділігіне ораи 
сипатталмайды, аталған сапалар — әртүрлі жағдайларды көрініс 
беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның 
алдағы ықтималды эрекеттері мен кылыктарын күні шгері ар 
ластырумен оларға тиісті реттеулер жэне түзетулер ендіруге о 
лады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмаи,
дэл айтуға болады. 

.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардын эрі 
де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші 
адам 
ның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақта 
латын тандаулы қасиеггері. Егер адам кандай да дау дамаилы 
жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылык пен ұстам 
сыздық осы адамның төл қасиеті деу жөН емес- Жайдары мінезді, 
көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі 
мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақгы адамның 
өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен аиқын 
далады. Тұрмыс қалпы эр адамнын ойлау, сезім, ниет, әрекет си 
патын бірлікгі анықтап барады. МұнДа адамның үкіл өмірін 
жан-жақты қамтыған коғамдық шарттар мен элеуметтік жағдаи 
лар маңызды келеді. Дегенмен, мінездің нақты қалыптасуы 
эртүрлі деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сыньіп, 
спорт командасы, еңбек ұжымы және т. б.) қалыптасады. 
сы 
топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғам 
дық кұбылыстарға тәуелді мүшелерінін мінез ерекшеліктері 
орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге түлғаның от асын


дағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына бай- 
ланысты тұрақталып не аса кажет болса, өзгеріске түседі. Жо- 
ғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды 
бітістерінің қалыптасуына оң эсер етеді. Жақсы мінезді адам 
қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.
Қоғам эсерлері мен ықималдарын бейнелейтін мінез маз- 
мұны тұлғаның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның 
заттай жэне рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-се- 
німдеріне, мұраттарына және т. б. негіз болады. Бағыт-бағдарға 
сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жос- 
парды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. 
Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мэні, белгіленген 
мақсат-мүдделерінің, эрекет қьшықтарының себептері ашылады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық 
құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешуші мэнге 
ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мэнді міндеттері бо­
лады. Міне, осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалып- 
тасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады, сон- 
дықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік, 
т. б.) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мэні бар іс-әре- 
кетке болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Осыдан мінездің 
тыңғылықтылығы, біркелкілігі адамның өмірлік бағыт-бағдары 
негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасуындағы ба- 
сты шарт — өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың 
болмауы не оның шашыраңқылығы — босбелбеулік, мінезсіз- 
діктің белгісі. Солайда болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт- 
бағдары екіталай нэрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген 
адамның бірі — ізгі ниетті де, ал екіншісі -жауыз болуы мүмкін. 
Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із бе- 
реді. Әрдайым қылық «осылай болсын» деген ниеттен ғана емес, 
адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл 
жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне бел- 
гілі сипат ендіреді.
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі 
жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас — наным адамның өз іс- 
әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсатқа 
жетуде жігерліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды 
екеніне сенімділік туғызады.


Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байла- 
нысты, бірақ оның бұл қызығулары мэнді эрі тұрақты болуы 
шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дер- 
бестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам 
еліктегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез тендігін аңдат- 
пайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұнды, 
кішіпейіл не өзімшіл тұлғаларды айыруға болады.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзі қалай 
шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай қызуғалар 
тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді. Мы­
салы, ұлы ғалым — химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудар- 
машылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерінің небір 
эйгілі көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткізген; 
атақты тіл ғалымы Әбдуәли Хайдари демалыс уақытында қазақы 
ер-тұрман, қамшы жэне т. б. заттарды оюлап, жолдастарын таң 
қалдырған; ғұлама-түркітанүшы академик Рахманқұл Бердібай 
қолы босаса, күйшілік өнермен айналысады. Адамның рухани 
немесе заттай қажеттіліктерінің қайсысының басым болуына 
қарай оның тек ой, сезімдерінің ғана емес, сондай-ақ іс- 
эрекетінің де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада аса ма- 
ңызды нэрсе — іс-эрекеттің алға қойылған мақсатқа тікелей 
сай болғаны, себебі адам не істеп жатқаны немесе не істейті- 
ніне қарай бағаланбайды, эңгіме сол істі қалай орындайты- 
нында. Осыдан мінез қалпы адамның бағыт-бағдары мен іс- 
әрекет кейпінің бірлігінен келіп шығады.
Мақсатка жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі 
болғанымен, эр 
адам өз жолын тандайды, өзіне қолай, қайталанбас әдіс-тәсіл- 
дерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі 
көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері эрекет немесе қы- 
лық түрін тандауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан түлғаның 
табысқа жету кажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің 
деңгейін (табандылық, шешімділік, жүректілік немесе еріксіз- 
дік, қорқақтық, күдікшілдік жэне т. б.) 
мінез бітісі
деп тануға 
болады. Осыған байланысты кей адамдар күмәнсіз табыс қам- 
тамасыз ететін әрекеттерді (ынта білдіру, жарысқа түсу, тэуе- 
келге бел байлау жэне т. б.) таңдап алады, ал екіншілері —
сәтсіздіктен қашуды кездейді (жауапкершілік алмайды, жүрек- 
сінеді, ықьшасы мардымсыз жэне т. б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет