5.2. Мінез жөніндегі білімдер
Мінез кұбылысын зерттейтін ғылым —
характерология
ұзақ
даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы
мінездер типін саралап, адамның эртүрлі өмір жагдайларындағы
әрекет-қылығын болжастыру мақсатында эрқандай мінез сипа-
тын нақтылаумен шұғылданып келді. Адамның туа емес, өмір
барысында қалыптасатын қасиеті болғандықтан, мінез типтерін
жіістеу көбіне түлға дамуындағы сыртқы, жанама жағдаяттарға
негізделеді. Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез
танып, әрекет-қылық болжастырудың психологиялық жолдары
бар. Солардың кейбіріне қысқаша түсінік берейік:
Ж үлды знам а
(гороскоп) — адам мінезін туған күнімен бай-
ланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданган уақыт өлшемдері
белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты
белгі, рэміз беріледі. Осы рэмізге (ағаш, от, су, жануар, т. б.) тэн
эртүрлі қасиеттерге орай адам мінезі суреттеледі. Мысалы,
кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында
туылған — алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкімді, ақ жар-
қын, көңілшек. т. б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда атал-
ған күндері туылғандар — таутешкі, ягни мұндайлар — өжет,
түрақты, төзімді, тұйық, сыршыл келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |