Д ерм атоглиф ика
— бармақ, алақан терісіне тумадан түсетін
өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Граф ология
— мәнерлі эрекет — жазу таңбасына орай адам
мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
5.3. Түлгалық мінез бітістері
Адам мінезі сан алуан. Бүл іс-эрекетте айқын көрінеді: біреудің
барша қимылы — шапшаң, екінші — асықпайды, бірақ ісі тың-
ғылықты; үшінші — іске ойланбастан косыла салады, кейін ба-
рып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мі-
незінде көрінетін мұндай ерекшеліктер — мінез бітістері деп
аталады. Қандай да бітіс әрекет-қылықтың түрақты, қайталанып
отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдай-
лардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекі-
лік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда
орынды көрінген қылықтың түрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты
оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі
бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам
мінезінің түрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықти-
малды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез
бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана
бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен эдеттер арасында
жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік
адамның ұқыптылық эдетінде кѳрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне
ѳте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты таныта
ды. Мінез бітістері ѳз ішінен ойлау, түсіну эдістерін қамтиды.
Қайсы бір тұлғаға тэн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал
эдет мұндай психикалық үдерістердің бірімен де байланыспай-
ды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол
қылық-әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітісте-
рінің қалыптасуын әрекет-қылық сеп-түрткілерінен айыра қа-
рауға болмайды. Қандай да қылық сеп-түрткісі әрекетте іске
аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мэнді, тұрақталған сеп-
түрткі болашақ мінез бітісі.' Мінез бітістері сеп-түрткіге алғаш-
қыда ниет түрінде көрініп, ал кеиін оны эрекет тұрақты қасиет-
ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптас-
тыру қажет болған қылық-әрекет сеп-түрткілерін түзіп, оларды
бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық
қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-элсіз, қатал-жұмсақ,
тыңғылықты — өзара қайшы, кең-тар жэне т. б. Егер мінез
күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергі-
лерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтық-
тан, ниет тұрақсыздығынан, т. б. байқалады. Мінез қаталдығы
өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал оның жұмсақтығынан
адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға
ұмтылады. Мінездің тыңғылыктылығы мен қайшылығы оған тэн
бітістер арасындағы жетекші жэне екінші деңгейлі қасиеттер-
дің дэрежесімен анықталады. Қасиеттердің бэрі өзара үйлесімді
келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе
— қайшьшықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен
ұмтылыстарының, іс- әрекеттерінің жан-жақты дамығандығы
мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай тұлға
элемдегінің бэріне қызығып, бэріне араласқысы келеді. Ал
бұларға қарсы — мінезі «тар» адамдар өзін-өзі шектеуге бейім,
ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тарапты-
лығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де эрқилы, тіпті
қарама-қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам
бірдей өте нэзік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшыл
болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның
қырлары айқын көріне түседі. Көп жағдайда
мінез
жэне
тем
перамент
салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына
бірі алынады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның психологиялық
ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне тәуелділіктен. Қандай да
мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатқа не темпера
мент үлкен маңызға не. Сонымен бірге, темперамент жете
дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент —
мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық — ұстамсыздық,
қозғалғыштық — салғырттық жэне т. б. тікелей темпераментке
байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес.
Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері
болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді
дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке
қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті да-
рытуы қиынға соғады. Ал тежелуі қиын қызба қанды холерик
флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангви
ник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т. с. с.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрі-
нісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай эрекет-қылықтардын
іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез жэне
темперамент бітістері адамның біртұтас келбет-кейпінде өзара
байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипатта-
масын береді.
Мінез
бен
ерік
арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда
«мінезді адам» жэне «еркі күшті адам» сөз тіркестерін бір
мэнде түсенеміз. Ерік, көбіне, мінез күшімен, қатандыгымен,
табандылығымен жэне т. б. байланысты. Адам мінезінің күш-
тілігін айта отырып, ондағы еріктік сапалар мен мақсат берік-
тігін ескереміз. Бұл тұргыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет
ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді.
Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда әрқилы
өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы
мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады
эрі көрінеді, адам үшін маңызды жайттарды ерік мінезге ауысып,
тұрақты қасиет түрінде бекиді; кейін осы қасиет адам қылығы
мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет эруақыт
максатына орай нық, тұракты жэне табандылығымен ерек-
шеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда «мі-
незсіз» деп сипатгайды. Психологаялық тұрғыдан бұлай бол-
мауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері
баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік жэне т. б. Мінезі
айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала
болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әреке-
тіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның
эрекеттерінің бэрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға
тәуелді келеді.
176-21
Мінез
ерекшеліктері адамның сезімдік үдерістерімен бай-
ланысты эрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, ина-
баттық, эстетикалық, интеллекттік сезімдердің даму деңгейі
адамның іс-эрекеті мен қатынасына жэне бұлар негізінде
қалыптасқан мінезге тәуелді. Екіншіден, осы сезімдердің өз-
дері түлғаға тэн тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін кұ-
райды. Борыш сезіну, эзілді көтеру, т. с. с. күрделі сезімдердің
болуы жоғары дамыған тұлғаның сипатын танытады.
Адамның
мінез
бітістерінде
ацыл-ой
(интеллект) үлкен ма-
ңызға ие. Ой терендігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселе-
лерді қоя біліп жэне оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта
мен сенім — бэрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі.
Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт тандау — тікелей мі
незге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жа-
рамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтін адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар дара-
лап, шектеуге келе бермейді (өшпенділік, күдікшілдік, саки-
лык, т. б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік (жүректілік, дер-
бестік, т. б.), сезімдік (жайдарылық, көңілділік, т. б.), ақыл-са-
налық (ой терендігі, сындарлық, т. б.) адам мінездерінің ерекше
құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітіс-
тері өзара зандылықты байланысқан: батыр адам — сақи да та-
банды; ашық адам — жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты. т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |