дегі таңбаларды тендей таныса ғана пайда болады.
Бірақ еске-
ретін жайт, бір сөзге тэн мағынаның өзін біле тұра, адамдардың
бірін-бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі сол
адамдардың эртүрлі әлеуметтік, саяси,
жас ерекшеліктерінің
болуында.
Төртіншіден,
адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл
қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан,
әңгімелесушілердің өзара сұхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни
әр түрлі көзқараста, нанымда, пікірде болуынан,
екінші жағы-
нан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық бітіс-
терінен немесе екеуі арасындағы ортақтасуға мүмкіндік бермей-
тін адамаралық катынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқьшы
беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар -дыбыс, сөз,
сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста,
коғамдық
еңбек желісінде, адамзаттың элеуметтік тарихи дамуывда
калыптасты. Сөйлеу үдерісі санамен ретгеледі де, өз кезегівде,
адамдар арасындағы өртақтасу барысында қалыптасады.
Сана-
ның негізгі қызметі болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен
тіл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгі-
лейді. Болмыс бейнесінің белгісі (танбасы) ретінде сөйлеу де
тілмен бірлікті байланыста. Сөйлеу — тілдесу әрекеті, тіл
негізінде мағына білдіру, ықпал жасау, ақпарат беру, яғни сөй-
леу — әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.
Сонымен, сөйлеу — тек адамға тэн
тіл қатынасының ең же-
тілген формасы. Бұл қатынас айтушы жэне тыңдаушының
міндетгі түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге
қажет болтан сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай
оларды
байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен
дыбыстайды. Тындаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген
ойды түсінуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы ара-
сындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол
ойды өрнектеуге бағытталған екі
тұлғага да ортақ сөздерді
жүйелестіру қүралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал
және ережелер тобы сипатында көптеген эулеттердің өмірі
барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі бір ұлттық
тіл қызмет етеді.