Психологиялық сананың тұжырымдамасы. Сана-сезім



бет2/2
Дата26.05.2022
өлшемі20,94 Kb.
#145203
1   2
Байланысты:
Сана

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сөзіну) өтеді. "Баланың өзін-өзі аңғаруынан кейін, есейген соң өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. Адамның өзін-өзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа 2 жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-құлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.
Өз басының қасиеттеріне берген өз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу- шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.
Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым- қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге көмектеседі екен. Өзін-өзі байқау арқылы өзін-өзі тану. Тікелей өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау формасында көрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Өзін-өзі бақылау осыған негізделген Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.
Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тану - адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс- әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам өз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол өз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруына көмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам өз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.


Үйге тапсырма: Тақырып бойынша презентация жасау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет