Әлеуметтік педагог: Таукенов Ринат
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың
алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын
ойнамағандықтан қартаямыз."
Бернард шоу
Қатысушылар: мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: тақта,бор,доп,ватман,фламастерлер.
Жоспар:
1.Жаттығу "Хор"
2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)
3.Оқушы көзімен
4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
5.Жаттығу "Комплимент"
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Жүргізуші:Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін:идеал, үлгі, нәзікке ұқсас,бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.
Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін,залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.
Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.
Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен,яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары, екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып,көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.
Қорытынды: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.
"жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.
Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл,қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл,осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз. Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі». В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде болады.
Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.
Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды.Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!
Психологиялық тренинг
Тақырыбы : Мен таңдаған жол
Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету
Қатысушылыр: 9, 11 класс оқушылары, ата-аналары
Мерзімі: мамыр
Өткізетін жері : физика кабинеті
Құрал-жабдықтар: компьютер, интеоактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер
Тренинг барысы
1 Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана
болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Жоспар:
Есімдер аллитерациясы
Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер
Ең-ең... (ойын)
«Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру
Мамандықты тап (ойын)
Мейірімділік алаңы (жаттығу)
Бос микрофон
2 «Есімдер аллитерациясы» ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір
жағымды қасиетін айтып шығады
3 «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»
Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған
байлаеысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
Қалаған мамндықтың мазмұнына көңіл аудару.
Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ.Лқуды тәмамдап, жұмас істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
Заманның ағымына қарай кейьір мамандықтар тез еакеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.
Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.
(Оқушылар мен ата-аналар арасында ережелер туралыпікір алмасу жүргізіледі)
4 «Ең-ең...» (ойын)
Ата-аналар мен оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа
парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :
ең жасыл мамандықтар
ең ақшалы мамандықтар
ең таза мамандықтар
ең көңілді мамандықтар
ең тәтті мамандықтар
2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек
және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
5 «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы
Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті
тақтада көрсетіледі. Мақсаты – оқушының бейімділігн және кәсіби қызығушылығын
анықтыу. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім
екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем
образдар, адамның өзі.)
6 «Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар
сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу
керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Сварщик
7 «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл
шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға, жасыл шөптерге – ата-аналарға, күннің
шауқтарына - ұстездерға арналған кәсіби бағлар таңдауда ұсыныстар жазылады және
де ақ ватманға бекітіледі.
8 «Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір
бөліседі.
Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың
мақсат – міндеттері.
Оқушының жеке басын, жанұясын жеке зерттеу;
Оқушының физиологиялық – психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
Қиын оқушылармен ақыл – кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
Арнайы комиссияларға апару;
Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
Балаға ілтипатпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
Ата – анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл – кеңес беру.
Диагностикалық зерттеу түрлері
Медициналық тексеру: Аманиязов Танаттың денсаулығы туралы мектеп медбикесі Насырова Зоямен сөйлестік. Оқушының денсаулығы жақсы.
Оқушымен жеке жұмыс: Оқушымен жеке әңгіме өткізілді, одан сауалнама, сұрақтар алында, қызығушылығы анықталды. Мақтау – мадақтау жұмыстары жүргізілді. Ақыл – кеңес берілді.
Заң орындарымен жұмыс: Танат мектеп инспекторының тіркеуіне алынып, ата-анасының қарауынан қалуына байланысты сотқа апарылды.
Ата – анасымен жүргізілген жұмыс: Оқушының ата – анасымен бірнеше рет кездесіліп, үйіне барылды. Әлеуметтік жағдайлары анықталды. Сыныптағы «Ата – ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі» атты ата – аналар оқуына шақырылды. Ақыл – кеңес берілді.
Психологпен жұмыс: Оқушыны психологпен кездестіру, даму ерекшелігін анықтау.
Оқушыны мектепішілік есепке қоюға
арналған есеп картасы.
Оқушының аты – жөні, сыныбы ________________________________________________
Туған жылы, айы, күні _________________________________________________________
Мекен – жайы, телефоны _______________________________________________________
Ата – аналары туралы мәлімет
Деректер
|
Анасы
|
Әкесі
|
Ата – анасының аты – жөні
|
|
|
Жұмыс орны
|
|
|
Қызметі
|
|
|
Байланыс телефоны
|
|
|
Жанұядағы басқа мүшелер туралы мәліметтер: (аты, жасы, жұмыс орны, оқу орны)
Атасы ___________________________________________________________________________
Әжесі ____________________________________________________________________________
Ағалары _________________________________________________________________________
Қарындастары ___________________________________________________________________
Басқалар ________________________________________________________________________
Жанұяға қысқаша мінездеме, бір – бірімен қарым – қатынасы _____________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жасөспірімге жанұяның әсері ___________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Жанұяның әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы, табысы ____________________________
__________________________________________________________________________________
Осы мектепте қай кезден бастап оқиды __________________________________________
Сыныптастарымен қарым – қатынасы __________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мектепке, оқу үлгеріміне, сабаққа қатынасы ________________________________________
__________________________________________________________________________________
Мектеп өміріндегі, сыныптағы белсенділігі _______________________________________
__________________________________________________________________________________
Бос уақытындағы қызығушылығы ______________________________________________
__________________________________________________________________________________
Есепке қойылған себебі, уақыты ________________________________________________
Өзара қарым – қатынас беті.
Оқушының ұжымдағы беделі?
Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар.
Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы?
Жағымды, ынтамен, қинала, бей – берекет, өштесе, селқос.
Достары бар ма?
Тек өзінің сыныбында, сыныптан тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ.
Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады?
Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы ұйымдастырушы, қатыспайды.
Кімдермен кикілжіңге түседі?
Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата – аналармен, туысқандарымен.
Қандай еңбек түрін қалайды?
Ақыл – ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды.
Өзіне деген қатынасы?
Өзіне - өзі сенімді, өзіне - өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін - өзі бақылайды, жетістікке ұмтылады.
Мәдениет дағдыларын меңгерген бе?
Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз.
Ерекше жасаған әрекеттері мен тәртіп бұзушылықтары?
Қашан жасады?
|
Себептері
|
Жүргізілген шаралар, уақыты
|
Нәтижесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жанұямен, ата –аналарымен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |