Сана психика дамуының жоғарғы формасы ретінде. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қызметтері. Сана күйлері.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады.Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады. Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады.Жануарларда бірінші сиганл жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда 1-11 сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.
Сана – психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай.Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес,қиял және ойлауды жатқызуға болады.
Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән.Жануарларда сана болмайды.Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді,атап айтқанда ,түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар,ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б. Адамның еңбек іс-әрекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1)еңбек құралдарын пайдалану және жасау,2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен,ұжымдық сипаты.Адам еңбек құралдарын пайдалана отырып,сол арқылы қандай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді.Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.
Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады,ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді.Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді.Демек,адам іс-ірекеті ұжымдық еңбек іс-ірекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі.Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді.Демек,сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.
Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды.
Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды.Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды.Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық-тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық-тарихи сана болып табылады.
Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей, сана,ой,сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.