Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология



бет9/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы
болашақ компьютер, қозғалмалы ойындар (копия) (копия)
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. 
Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

  • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

  • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

  • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

  • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

  • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.

  1. Психика туралы жалпы ұғым. Ми және психика.

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін қүрайтын іргетас. Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізілген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И. П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болатындығын ашып көрсетті.«Сигнал - латын тілінде — «сигнум» - қазақша - белгі, таңба деген сөз. И. П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді. Жоғары жүйке қызметінің заңдары – И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкізаңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жергешоғырланатынын (концентрация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді. Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы.
И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс – қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді.
Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзегеасып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.
Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. Организм бейнелеуінін, дәлдігі мен тендігі сезім органдарының және жүйке жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын бейнелеу арқылы калыптасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет