Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология



бет7/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы
болашақ компьютер, қозғалмалы ойындар (копия) (копия)
Сауда психологиясы– ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.
Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы –соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.
Салыстырмалы психологияпсихиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
Заң психологиясы құқыққа қатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді.

  1. Психологияның әдіснамалық принциптері

Психологияның негізгі қағидаларының бірі детерминизм қағидасы болып табылады. Детерминизм қағидасы дегеніміз адамның барлық іс-әрекеті, қылығы сыртқы әсердің себептік жағдайына тәуелділігі. Бұл қағиданың мәні, біріншіден, барлық психикалық құбылыстар, оның ішінде психика объективтік шындықты бейнелейтін себептік жағдайларға байланысты болып табылады. Екіншіден, бұл қағиданың мәні мен барлық психикалық құбылыстар мидің қызметімен байланысты қарастырылады. Үшіншіден, қарастырылып отырған қағида психикалық құбылыстарды зерттеуде бұл құбылыстардың себебін міндетті анықтауды қажет етеді.
Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет бірлікте қарастырылады. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сонымен қатар ғылымның бастапқы қағидаларының бірі болып табылады. Аталған қағиданың мәні мынада: іс-әрекетті адам санасының пайда болу шарты, қалыптастыру факторы және қосымша нысаны деп түсінуіміз керек. Екіншіден, іс-әрекетті сананың белсенділігінің түрі ретінде түсінеміз. Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қағидасы сана адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің реттеушісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет