1.3. Пунктуацияны бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту әдістемесі қарастырады.
Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытудың мақсаты – оқушылардың пунктуациялық саутаттылығын, жазуда, тыныс белгісін дұрыс қою іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: толық және біршама сауаттылық. Толық сауаттылық – пунктуациялық норманы толық игеру, ал біршама сауаттылық – пунктуациялық ережелердің белгілі бір бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық қалыптасты. Біршама сауаттылық деңгейін оқылатын пунктуациялық ережелердің саны мен бағалау нормасының талабы айқындайды. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытуда: танымдық және практикалық мақсат қойылады. [22]
Танымдық мақсат. Пунктуациялық норманы меңгеру үшін пунктуациялық іскерлікті қалыптастыратын пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда:
- пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу;
- пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру;
- тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу;
- бағдарламадағы пунктуациялық ережелерді меңгеру.
Практикалық мақсат:
- оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
- оқылған ережелерге сай белгілерін қоя білуге үйрету;
- тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу;
- тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге үйрету.
Пунктуация: логикалық, синтаксистік және интонациялық принциптерді басшылыққа алады. Қазіргі пунктуация негізінен семантика-грамматикалық принципке негізделеді. Бұның компоненттері – сөйлемнің мағынасы мен грамматикалық құрылысы (А.Әбілқаев).
Жеке әдістемелік принципке: пунктуацияны синтаксистік құрылымы болады. Құрылымына қарай бір сөзді (қаратпа, қыстырма сөздердің тыныс белгісі: Кел, балалар, оқылық), сөз тіркесі және сөйлем, текст ыңғайында келеді. Тыныс белгісін қоюда мағыналық бөлшектің морфологиялық (одағай, шылау) синтаксистік (үш құрамды, сөйлемдер, қаратпа, қыстырма, бірыңғаймүше т.б.) дыбыстың, интонациялық, мағыналық ерекшелігі (себеп, қарама-қарсылық) болады. [24]
Тыныс белгісі бір ережеге сай қойылады. Әрбір пунктуациялық ережеге тыныс белгісімен бөлінетін мағыналы бөлшек сай келеді. Тыныс белгісін қоюда позитивті және негативті жағдайлар болады. Мысалы: бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу керек (позитив) егер олар шылаулармен (және) байланысса, (негатив) қойылмайды. Пунктуациялық ұғымдарға: тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қызметі, пунктуациялық-мағыналық бөлшек, тыныс белгісін қоюдағы белгілер, пунктуациялық норма, пунктуациялық қате жатады.
Пунктуациялық норма - ережеге байланысты тыныс белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан оқушы. Сызықшаның қойылуы пунктуациялық норма, егер қойылмаса нормадан ауытқу.
Тыныс белгісі – жазуда қолданылатын графикалық тәсіл.
Пунктуациялық қырағылық – сөйлемнен тыныс белгіні қажет ететін мағыналық бөлшекті таба білу: Ол үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Пунктуациялық қате тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |