Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет32/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Шығармашылық диктанты

Шығармашылық диктантқа әр түрлі жаттығулар жатады. Бұл жаттығулардың мақсаты, біріншіден орфографияны үйрету болса, екіншіден, оқушылардың тілін ұстарту. Шығармашылық диктант – оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін өте бір тиімді әдіс. Шығармашылық диктантты мұғалім оқушылардың өздігінен жазған жазба жұмыстарында қате жібермеуге, өз ойларын сауатты жазуға төселдіру үшін қолданады. Мұнда мұғалім тақтаға жазған жеке сөздер мен сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрап жазуды тапсырды. Сонымен қатар көрген, оқыған, естіген нәрселері мен белгілі бір тақырып құрастырып, ойларын өз сөздерімен жазады.

Шығармашылық диктанттың мынадай жолдары болады:


  1. Белгілі бір ережеге сәйкес бірнеше сөздер, сөйлем, мәтін ойлап табу.

  2. Белгілі сөздер сөйлем, мәтін қай ережеге сай екендігін анықтау.

Мысалы, мұғалім зат есімдегі байланысты бірнеше сөздерді күні бұрын дайындап келеді де сол сөздерді тақтаға жазып қояды (саябақ, жеделхат, ұжымшар, көл т.б. ). Оқушылар осы сөздерді қатыстырып белгілі сөйлемнің мағыналы түріне байланысты құрайды: Мысалы: Мен саябаққа бардым т.б.

Мұнда әр оқушы өз бетімен жазады. Сондықтан олардың жазған сөйлемдері де әр түрлі болмақ.

Шығармашылық диктантты мына жүйемен өткізуге болады. Мұғалім сабақ басталысымен, тақтаға бір орфографиялық ережені жазып көрсетеді де, сол ережеге сай мысалдарды оқушылар өздері ойлап табады. Сол сөздердің бірнешеуін тақтаға жазып қояды. Оқушылар сол сөздерді қосып өз беттерімен сөйлем құрайды. Шығармашылық диктант орфографиялық ережелерге жаттықтыру үшін ғана емес, грамматикалық формалар, сөйлем түрлерін, стиль жөнінде де оқушыларды төселдіруге, олардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдем береді. Белгілі грамматикалық формаға байланысты бірнеше сөз тақтаға жазып, сол сөздерді қатыстырып, тұтас шағын шығарма жазуға да болады. Мысалы, етістік сөздер беріледі;қоюлана, көріп, сүйеніп, еңіреп, күшейіп, сипалап, келіп, салып, шыққалы, біле деген көсемше формаларын тақтаға жазып, осы сөздерді қатыстыра отырып, кейбіріне дара, кейбіріне күрделі етістік сөздерді келтіріп мәтін құрастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет