Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет30/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Іздету диктанты


Бұл диктанттың басқа диктанттардан айырмасы – мұнда оқушылар барлық мәтінді не сөйлемді түгел жазбайды, мәтіннің ішінен өтілген анықтамаға, не ережеге байланысты жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді тауып, теріп жазады.

Іздету диктантын жаздырудың өзіндік әдіс-тәсілдері бар:

Мұғалім өтілген категориялар мен формаларды немесе орфографиялық ережеге байланысты мәтінді оқиды. Оқушылар сол мәтіннен тиісті нысан сөздерді теріп жазады. Немесе сөйлемді, мәтінді жазып болған соң, сол нысан таптырылып анықталады. Мысалы, Ботакөз Кенжетай мен Балтабектің арасына отырды деген сөйлемді оқымастан бұрын, біріккен сөздердің емлесін қайталап, өткенді естеріне түсіреді. Сонан соң осы сөйлемді жайлап келесі әр сөзді кідіріс жасап оқиды. Оқушылар мұғалімнің тапсыруына қарай: мәтіннен біріккен сөзді теріп жазады немесе түгел сөйлемді жазып, біріккен сөздің астын сызады. Соңынан бұл сөйлемдегі біріккен сөздің жазылу емлесі талданады.

Іздету диктанты өтілген және қайталанып, пысықталған ереже, анықтамаларға байланысты жазылды. Мысалы, С, З, дыбыстарының Ш дыбысымен қатар келгенде жазылу емлесі; сан есім емлесі, шылаулардың емлесі, құрмалас сөйлем тыныс белгілері т.б.

Бұл диктант уақытты үнемдеу мен оқушыларға материалды сапалы игертудің ұтымды әдістерінің бірі болып табылады.

Іздету диктантына алынатын мәтіндер, материалдар күнделікті оқытылып, үйретіліп отырылған категория мен формаларға, ереже мен анықтамаларға, емлеге байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет