Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда


-тарау. ҚАЗАҚ ПУНКТУАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет5/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

1-тарау. ҚАЗАҚ ПУНКТУАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Пунктуацияның мектепте оқытылу жүйесі, мақсаты мен мазмұны

Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, қалыбына (формасына) да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. [3]

Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:



  • себеп-салдарлық;

  • аналитико-синтетикалық; - орындалымдық.



Яғни жазу әрекеті, біріншіден, белгілі бір ақпаратты екінші адамға жеткізудің нәтижесі ретінде санада пайда болып, алдымен оның себебі анықталады.

Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді, санада сөйлеу әрекетінің болжамдық жоспары жасалады.

Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін (текст) пайда болып, жазу орындалады. Сондықтан тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көп салалы болды:

1)қажеттіліктен пайда болатын себеп;

2)себептің ойда, санада бейнеленуі;

3)ойдың сөз арқылы тізбектелуі;

4)сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;

5)жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды жаткізудің орындалуы.

Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:


  1. Графика;

  2. Орфография;

  3. Жазбаша сөйлеу әрекеті. [3]

Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді.

Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе – орфография мен пунктуация. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Сондай-ақ сауатты жазудың негізі - пунктуация. Мәселен, жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:



  1. Жеке лексикалық бірліктерді сөздерді дұрыс жаза білу ережесін;

  2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті,сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазып, тыныс белгілерді орынды қоя білу.

Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз-оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, оған диктант жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен, мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болып түзіледі.

Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесін тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді дұрыс байланыстырып жазу, әңгіменің жоспарын құрап жазу, сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең бастысы, берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуды ойластырады. Сондықтан жазудың әдістемелік ерекшелігіграфика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлеуді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жаттықтыру, оқыту. [4]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет