Өмірді сақтандыру саласы бойынша көрсеткіштер (ӨСК) 2019 жылы ӨСК сақтандыру сыйақыларының көлемі 56% -ға өсіп, 197 млрд теңгеге жетті. ӨСК нарығындағы драйвер аннуитетті сақтандыру болды, сыйақы сомасы 71 млрд теңге, өсімнің 107%-ы, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйақы 132%-ға өсіп, 65 млрд теңгені құрады. Өмірді сақтандыру сыйақыларының көлемі 77 млрд теңгеге жетті, бұл 2018 жылға қарағанда 41%-ға артық; еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 39 млрд теңге, өсім – 41%. Сақтандыру секторы активтерінің көлемі 439 млрд. теңгеден асты, өсім – 33%. Міндеттемелер 28%-ға артты, 360 млрд теңгеге дейін.
Сақтандыру резервтері көлемінің өсімі 28%-ды құрады, яғни, 338 млрд. теңгеге дейін артты. Жеке капитал – 79 млрд теңге (өсім – 59%).
ӨСК бойынша төлем көлемі 22 млрд. теңгені құрады, өсім – 44%. Қызметкерді жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру (ОС НСР) бойынша төлем көлемі 4 млрд теңгені құрады, өсім 32%. Сондай–ақ, сақтандыру төлемдерінің айтарлықтай өсімі өмірді сақтандыру бойынша- 2,8 млрдтеңге көлемінде, 2 есе өсім, аннуитеттік сақтандыру бойынша – 14,5 млрд теңге көлемінде, өсім – 44%.