ҚР-ғы сақтандыру компанияларының қызметіндегі проблемалары және оны шешу жолдары



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі23,03 Kb.
#82352
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4.ҚР

Проблемалар және трендтер
Қазақстанда онлайн-сақтандырудың басталуы мен электронды полистің енгізілуінен бері бір жылдан астам уақыт өтті. Сатылымдардың жаңа каналының өміршеңдігін тексеру үшін көпшілікке арналған өнім – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру қолға алынды.
Нәтижесі жақсы. Онлайн-сақтандыруды дамытудың екінші қадамы сақтандырудың ерікті түрлеріне жүргізілмек, атап айтқанда, туристер мен мүлікті сақтандыру.
«Коммеск-Өмір» статистикасы бойынша 2019 жылы онлайн-сақтандыру клиенттерінің арасында ерлердің үлесі 56% – ды, әйелдердің үлесі 44% - ды құрады. 25-34 жас шамасындағы сақтанушылардың үлесі – 50%-ы, 35-54 жастағылардың үлесі – 35%-ы, ал 18-24 жас шамасындағы клиенттердің үлесі – 7% құрайды. Жаңа клиенттер жалпы санның 30% –ын құрайды.
Қалалар бойынша алар болсақ, Алматы көш бастап тұр – интернет-сатылым жалпы көлемнің 78%-ы, одан әрі Нұр – Сұлтан қаласы –13%, үшінші орында Шымкент және Қостанай-1,5% -дан.
Клиенттердің 77%-дан астамы десктопты нұсқадан, 22%-ы ұялы нұсқадан, 1% -ы планшеттерден сатып алады. Ұялы нұсқадан сатып алған кезде клиенттер көбінесе Apple iPhone-ды (33%) пайдаланады, Samsung смартфондары арқылы – 20%.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда тарифтерді өзектендіру
Сақтандыру қоғамдастығы сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылайды.Атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңды өзектендіру ұсынылады. Мәселен, заңда мазмұндалған қолданыстағы тарифтік факторлар сақтандыру тәуекелдерінің дұрыстығына қатысты әлеуметтік бағыттылық пен әділеттілік қағидатын көрсетпейді, өйткені тарифтер соңғы рет 2007 жылы өзгерген болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет