«Көмекшілердің» сақтандырутөлемдерін алуы Сақтандыру нарығына жеке сақтандыру төлемдерін алу мақсатында зардап шегушілермен, әсіресе жәбірленушілердің қайтыс болуы жағдайлары бойынша, қызмет көрсетуге шарттар жасасу жолымен құқықтық қатынастарды белгілейтін белсенді «көмекшілер» де бар. Олар сақтандыру төлемдерінен өз сыйақысын 50% - ға дейінгі мөлшерде ұстап қалады.
Бұл тұлғалар қызмет көрсетуге арналған шарттарға жәбірленушілерді жаңылыстыратын және олардың сақтандыру төлемдерін толық көлемде алу құқығын шектейтін тиісті шектеулі талаптарды қосады. Сақтандырушылардың пікірінше, тұлғалардың өз сақтандыру төлемдерін шын мәнінде толық көлемде алуы үшін делдалдар тарапынан осындай іс-әрекеттерді заңды түрде алып тастау қажет.
Осылайша, сақтандыру институтының әлеуметтік рөлі орындалады.
«Көмекшілермен» күресу үшін бір жолғы ірі сақтандыру төлемдерін төлеу мүмкіндігін алып тастау керек және жалпы сақтандыру бойынша компаниядан (ЖСК) өмірді сақтандыру компаниясы (ӨСК) арқылы қызметкерді оның еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында қолданылатын міндетті сақтандыру сияқты төлемдерді жүзеге асыруды енгізу ұсынылады.