Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады



бет6/8
Дата25.01.2017
өлшемі5,78 Mb.
#7841
1   2   3   4   5   6   7   8

2.6.4 ЖА қолдану ерекшеліктері

Жартылай автоматты басқаруы бар жинақтама таймерлі басқару жиынтығынан (БЖ) және тұйық ұштастыруларымен басылымы бекітілмейтін «пуск» түймесінен тұрады. Бұл вариант жүргізушіге жүйені қосқаннан кейін ЖА қайта қуаттауды басқару туралы ойланбауына жол береді. Бірақ бұл вариант та кейде жүргізуші талабымен термосты қайта қуаттаудың шұғыл қосылуын қиындатады, әсіресе жүру уақыты алдын-ала іске қосу циклынан кейінгі уақыт аралығы 10-12 мин. аз уақытты құрайтын болса.

Қол басқару жинақтамасы, БЖ орнына басылымы бекітілетін «Пуск» түймесінен және электрсорғыны (ЭС) тікелей басқару үшін ағытатын реледен тұрады. Бұндай жинақтама жүргізушіге ЖА қайта қуаттауды өз талабы бойынша және әр аралықтағы уақытқа қосу немесе сөндіруге, сонымен қатар жүйеден БЖ деген сенімсіз элементті алып тастауға мүмкіндік береді. ЖА қол режимінде дұрыс жұмыс жасау үшін нақты автокөліктегі құрама элементтер байланысуының нақты пішіндемесінде ЖА қайта қуаттауға қажетті бір уақытты анықтау керек.

Қозғалтқыштың салқындату қаптамасының көлемі (алдын-ала іске қосуды қыздыру кезінде негізгі жылу алмасуы өтетін) ескерілген жалпы құйып беру көлемінен 30-40% құрайды. Осылай, 8-9 л дейінгі салқындату жүйесіне ЖА-0,2-3 (3,7 л), ал 12-13л дейінгісіне - ЖА-0,2-2 (5,1 л) қолданылуы жеткілікті болады. Жүйе тиімділігінің біршама қорын ескере отырып, біз, 8 л дейін - ЖА-0,2-3, ал 12 л дейін - ТА-0,2-2 жұмыс сәйкестігін қабылдаймыз. Егер біркапотты кеңістіктің жинастырылуы үлкен көлемді термостың орнатылуына мүмкіндік берсе, онда нағыз «үлкен» термос қолдану керектігін біруақытта айта кету керек. Бұл қозғалтқыштың біраз сезілетін қызып кетуіне және ЖА-да жылудың, әсіресе, көлденең күйіне жақын күйде сақталу мерзімінің ұзақтығына әкеледі.

Егер бір ЖА агрегаты істен шықса, онда автокөлік қозғалтқышы «қайнап» кетпейді. ЖА контуры мотордың салқындату жүйесінің үлкен шеңберін қолданбайды және оны басып алмайды. Осыдан, моторды штаттық радиатор арқылы салқындатуға ешбір кедергі жоқ екенін көре аламыз. Қоса айтқанда, Термостағы СС температурасы жиынтық бастиектерінен едәуір төмен болғандықтан, қыздырғышты әрбір қайта қуаттау кезінде мотор оңай әрі жеңіл салқындатылады. Бұл кезде оның қалыпты жұмыс температурасы үнемі сақталып отырады.

Қол басқару кезінде қайта қуаттаудың уақытын анықтау үшін:

- құралды түйме арқылы 1-2 минутқа қосып, жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш үстінде ЖА-ды ыстық СС-мен алдын-ала толтыру керек;

- моторды қосқанға дейінгі ұзақ уақтты тұрақтан (4 сағаттан астам) кейін құралды «пуск» түймесімен қосып, біруақытта секундомерді қосу керек;

- ЖА шығарушы тармаққа (ЖА шығарушы келтеқұбыры, ГР, құбыршек жалғанған жердегі үш тармақ) қолыңызды, өзіңізге ыңғайлы жерге қойып, таңдалған элементтің суытуының басталуын сезетін сәтті күту керек;

- суытудың басталуын көрсеткен сәтте секундомерді тоқтату.

Алынған көрсеткіштер нақты бұл а/к ЖА толық қайта қуаттау, дәл айтқанда, құралдың нақты осы конфигурациясының қосылу уақытының аралығы болып саналады. Келесіде қыздырғыштың алдын-ала іске қосылу циклі кезінде ЖА бұл аралықтан аспайтын уақытқа қосу қажет, әйтпесе, ЖА шыққан (термостан салқын болып шыққан) СС «екінші айналымға» кетіп, қыздыру тиімділігі төмендейді.

Егер қозғалтқышты 3,5 л мұзды тосолмен бір минутқа толтырса (қайта қуаттаудың іске қосудан кейін бірінші ретте), онда ол 20-30˚С градусқа суып кетеді. Түзу мотор 10-15 мин. жұмыс ішінде жұмыс температурасына шығып кету қажет, сондықтан осы кезде температура білінбей төмендейді, ал 1-2 мин. соң ол (егер мотор одан әрі жұмыс істеп тұрса) қайтадан жұмыс температурасына дейін көтеріледі. Бірақ ЖА «параллельді» қосылу сызбасында бұл мәселе орын алмайды, себебі бұл сызбада ЖА контурын мотордың (ЭС жұмыс істемейді) штаттық помпасының қысымымен біршама қуа айдау бар, іске қосудан кейін жұмыс істеп тұрған моторға ЖА келіп түскен салқын СС өте баяу ағып, оның жұмыс температурасына дейінгі қыздырылудың жалпы уақытын (10-20 пайызға) бәсеңдетеді.

Осылай, ЖА бірінші қайта қуаттау (15мин.) кезінде қыздырылған мотор және ЖА келіп түскен аздап жылынған СС бар болады. Бұл жағдайда қайта қуаттау кезінде түскен температура білінбей қалады. Қозғалтқыш үшін ешқандай зиян келтірілмейді, себебі біруақтта жұмыс істейтін помпа мен электрлік сорғының «ауыстыру» процессі, «араластыру» процессіне ауысады. Бірақ тоқтатылған мотор кезінде де салқын СС келіп түсуі өте бірқалыпты болып, «термосоққыға» әкелмейді. Осыған қоса, ЖА қайта қуаттау кезіндегі ағым бойындағы температуралардың ауысуы (ең нашар кезінде) 50-60˚С аспайды. Бұл 1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ЖА-ға өткізілген стендтік және нақты сынақтармен дәлелденген.

Цилиндрдегі жұмыс қоспасының жарқылы кезінде температура кенет 1500˚С (кейде 2000˚С ) дейін ұлғаяды, яғни кенет айырма 1400˚С және одан да жоғары температураны құрайды, бұл кезде ЦЖБ металлы және жиынтықтың жоғары бөлігі 700-800˚С және одан да жоғары жылулық соққы алады!



2.6.5 ЖА құнын анықтау

2.2 кесте



 ЖА ЖИНАҚТАМАЛАРЫ (НДС бағалар, тенге.)

Позиция №

Позиция сипаттамасы

жиынт.

1


жиынт. 2-3

жиынт.

4 жоғ.


жиынт.

8 жоғ.


жиынт.

15 жоғ.


жиынт.

20 жоғ.


1

ЖА-3 (3,7л) қолды түймелі басқаруы бар жиынтық

30100

29980

29280

28060

25620

24400

2.3 кесте



ЖА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚТАРЫ (НДС бағалар, руб.)

Позиция №

Позиция сипаттамасы

Бірлік бағасы

1

ЖА-3 (3,7 л) жылулық аккумуляторының баллоны

19500

2

ЖА ложемент

2060

3

3375

675

4

Гидроүйлестіруші

2810

5

Сым ширағы (түймен немесе таймер үшін)

2060

6

Резеңке тетіктер (жиынтық)

1010

7

Ағызба саңылау үшін байланысу жалғастық (штуцер)

560


3. Құрылымдық бөлігі

3.1 Қозғалтқышты қыздыруды қолдану дәлелдемесі

Іске қосу кезінде қызбаған ІЖҚ майының тұтқырлығы үлкен компрессия төмендейді. Ал +12˚С температурасына дейін суып қалған 6-цилиндрлік дизельдің іске қосылуы кезінде цилиндрлік-піспек тобының майлы ашығу 7 минутқа дейін созылады, ал +18˚С температура кезінде – минутқа дейін созылады. Сондықтан да, едәуір қуаттылық цилиндрлік-піспек тобында үйкелесуді жеңіп шығу үшін жұмсалады. Іске қосудан кейінгі кезеңде жартылай сұйық үйкелесу режимі пайда болады [3] және сығылысу ырғағында картерге піспек пен цилиндр арасындағы, әсіресе піспек сақиналарының құлыбындағы саңылаулар арқылы 20-45% таза ауа жылыстайды.

Осылайша, ІЖҚ қыздыру кезінде салқындатқыш сұйықтығының және жағын майдың температурасы жүктеме мен жылдамдықтың өзгеруінен қалып қояды, бұл тиімді қуаттылықтың жоғалуына, отынның артық шығынына, экологиялық көрсеткіштердің төмендеуіне, артық тохуларға, моторесурстың төмендеуіне және ӨСА қозғалыс жылдамдығының төзуіне әкеліп соғады, ал бұл жағдайлар ӨСА өрт немесе ТЖ орнына бару уақытын ұлғайтады.

ӨСА қысқы пайдалану мәселелері салқын түскен кезінен ұштарлана түседі. Статистика, өрт жағдайлар санының үнемі өсуін, зардап шегушілердің және материалдық шығындардың көбеюін дәлелдейді.

Қоршаған ортаның төмен температураларында ІЖҚ жылу бергіштігі күрт жоғарылап, оның қыздырылу уақыты созылады. Ауа ағымының термодинамикалық әрекеті 293 К (+20°С) ден 233 К (-40°С) дейін салқындаған кезде 1074 ауа тығыздығы ¼ астам ұлғаяды, динамикалық тұтқырлық 1,2 есеге төмендейді, ал оның кинетикалық тұтқырлығы еке есе азаяды. Осының салдарынан, ауаның ІЖҚ қыздырылмаған тораптарынан жылуды алу және тығыздықсыздығы арқылы өту қабілеті ұлғаяды. Сондықтан, ӨСА күштеу агрегаттының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мәселесі төмен температуралар кезінде өте маңызды.

Аталған мәселені келесі тәсілдермен шешуге болады.

Көп жылдар бойы атақты отандық және шетелдік автотехорталықтарымен және зерттеу сарапшы ұйымдармен жүргізілген сынақтар сыртқы келбеттегі сәттілік артынан күрделі және соңына дейін шешілмеген мәселер бар екенін дәлелдейді. Қатаң қысқы кезеңі бар елдер үшін ең маңыздысы – суып қалған қозғалтқышты оталдыру, яғни «суық старт».

Салқын мотордың қиындатылған оталдырылуы – қыста жие кездесетін жағдай. Бұндай мәселе отандық қана емес, сондай-ақ шетелдік автокөліктеріне де таныс жағдай. Бірақ өздігінен бұл қиындық – мәселенің тек көзге түсетін сыртқы бөлігі. Автотехникаға жақын емес адам үшін мәселенің астыртын жағы бейтаныс.

Бірақ:

- Мотордың әрбір суық оталдыру тоздығы бойынша қалыпты температуралық жағдай кезіндегі 200-400км жорыққа тең (Сізде, қыста күнде неше рет осындай оталдырулар болады?)



  - орта жеңіл автокөліктің оталдырудан кейінгі жорықтың бірінші шақырымдарында отын шығыны 40(!)л/100км дейін жете алады, және тек жорықтың 5-10 шақырымынан кейін зауыттың берілген шығынына жақындай бастайды;

- осы кездегі СО және СН лақтырындысы, тіпті жақсы реттелген қозғалтқышта (жаңа екі сатылы каталитикалық бейтарапқышты автокөліктерден басқалары), ұйғарынды норманы 10-20 есе асырады;

Қыздырылмаған қозғалтқышты оталдырғанда отын цилиндр бетінде сұйықталып, майлы үлдірді шайып, осымен үйкелесуді ұлғайтып, цилиндрлік-піспектік топ бөлшектерінің шапшан тозуына әкеледі.

Бұл жағымсыз жағдайдан шығу, ол моторды оталдыру алдында қыздыру қажет. Дәл осы мақсат үшін алдын-ала іске қосу қыздырғыштар қажет.

Бірқалыпты климат орналасқан аумақта, мысалға, жылына 180 күн бойы температура +5˚С төмен және 100 күн бойы - 0˚С төмен. Норвегиялық технология бойынша алдын-ала іске қосу қыздыруды термометр көрсеткіші +5˚С төмендеген кезде қолдану қажет. Осылайша, біздің климат жағдайында алдын-ала іске қосу қыздырғыштарының қолданылуы, моторесурстардың жылдық үнемддеуіне әкелетініне көз жеткізе аламыз.

3.2 ӨСА қозғалтқыштарында электрқыздырғыштарды пайдалану

Біздің жүргізушілердің көбі картер табандығына өздігінен тұрмыстық электржелісінен жұмыс жасайтын электрқыздырғыштарды орнатады да, солармен майды қыздырады. Алайда, бұл жағдайда май ғана емес, бүкіл қозғалтқыш та қызады. Бұл тәсіл көп жылдар бойы қолданылып келеді, бірақ кейбір қауіпсіздік талаптарды ұмытпаған жөн:



  • Ұшқындану орын алмас үшін бүкіл электрикалық байланысулар берік болуы қажет.

  • Қыздырғыш желіге қыздырғыш арқылы ағып келген номиналды токты 50% аспайтын максималды токқа есептелген ерігіш сақтандырғыш арқылы қосылу қажет.

  • Қыздырғыш қуаттылығы 200...300... Вт болу қажет, бірақ ешбір жағдайда 0,5 кВт аспау тиіс. Одан да қуатты қыздырғыштар өртқауіпті, майды қайнатып кетуі мүмкін, ал бұл моторды майдың қасиеттеріне кері әсерін береді.

  • Қозғалтқышты қосар алдында қыздырғышты желіден ажырату керек, бірақ кейде бұл жағдай ұмытылып қалады.

ЭПД автокөлігінің салқындату жүйесінің қыздырғышының басқа қыздыру құралдары алдында біршама ерекшеліктері бар. Біріншіден, арнайы бекітулерді қажет етпейтін қондыру мен құрылымның қарапайымдылығы. Екіншіден, электрқуаттылығының тиімді үнемдеуі. Үшіншіден, арзандығы. Қыздырғыштың не үшін қажетті екенін білу үшін, қоршаған ортаның автокөлік қозғалтқышына тиетін жағымсыз температура әсерін (аяз) біліп алуымыз қажет. Ал бұл өте жауыздық ой. Көбісі, аяз кезінде қоюланған мотор майы қозғалтқышқа айналуға мүмкіндік бермейцді деп ойлайды. Әрине, бұл да бір кедергі келтіреді, бірақ бұл басты кедергі емес. Барлық мәселе, әртүрлі металлдан жасалған цилиндрлік-піспек тобында. Бұл жердегі металлдардың сызықтық кеңейту коэффиценті әртүрлі. Аязда піспектік қысылған жағдайда болады да, іске қосылу кезінде оның қарқынды тозуы орын алады.

Сұйықтықтың жұмыс жасау қағидаты. Бұл үйдегі электрлік немесе газдық қазандықпен бірдей. Ыстық сұйықтық үстіге көтеріліп, салқын сұйықтық астыға түседі. Бар болғаны осы. Сіздің қозғалтқышыңыздың қаптамасы әр уақытта жылы болып тұрады.

Орнату тәсілі. Қыздырғышты кез-келген жүргізуші орната алады. Ол салқындатқыш сұйықтықты ағзып алып, паспортта көрсетілген жерде келтеқұбырды кесіп, керек жерінен қиып алып, қыздырғышты орнатып, бұрандалы қамытпен тартырып тастау керек. Сұйықтықты құйып, ауаны шығару үшін қозғалтқышты оталдыру керек.

Суық моторды көп уақыттай қыздыру керек, ал қыздырылған моторды оталдырып, май қызсын деп 5 минуттай қыздырып, жүріп кете беруге болады.



Мақсаты: 0,5кВт - 220в, 0,75 - 220в, 1000кВТ - 220в, 1500кВт - 220в. Ескертпе: ЭПД орнату кезінде қозғалтқыштың моторесурсы, аккумулятордың, стартердің қызмет көрсету мерзімі ұлғайып, атмосфераға шығатын зиянды лақтырындылар мөлшері азаяды.

3.3 Тосол мен майдың автокөліктік электрқыздырғышы

Қолайсыз температура кезінде автокөлікті оталдырар алдында тосол мен майды қыздыру үшін қолданылады. Қыздырғыш жүк автокөліктері мен тракторлардың цилиндр жиынтығының табандықтарына қондырады.

Жұмыс жасау қағидаты: қыздырғыш ішінде цилиндр жиынтығынан келіп түсетін тосол бар (кіргенде – суық, шыққанда – ыстық тосол). Тосол 220В желіден ТЭН-м - 2кВт; 2,5кВт қыздырылады. Ыстық тосол қозғалтқыш жиынтығы (қозғалтқыш қызады) арқылы айналады. Ол өз кезегінде, маймен бірге табандықта болып, тосол арқылы майдың күйімін болдырмай, оны қыздырады. Жылу қозғалтқыш ішінде қала береді. Қыздырғыш жорық алдында жүргізушінің қалауымен сыртқы температураға қарай, түнге немесе 1-2 сағатқа қосыла алады. Қыздырғыштың түзу жұмысы ТЭН-ге байланысты болады. ТЭН орташа жұмыс атқарымы 5000 сағаттан аспайды. ТЭН жаңасына, алдын-ала тосолы құйылып алынып, оңай ауыстырылады. Қандай да температуралық жағдай болмасын қыздырғыш автокөліктің 100%оталдырылуын қамтамасыз етеді. Сіз, уақытты, автокөлік ресурстарын, автокөлік саулығын үнемдейсіз. ЭН-1.0-220 , ЭН-1.5-220, ЭН-2.0-220, ЭН-2.5-220. Қыздырғыш маркілері.



19 сурет. Тосол мен майдың автокөліктік электрқыздырғыш

1. Цилиндр жиынтықтарының табандығы; 2. Ыстық тосол шығару келтеқосқышы; 3.ТЭН; 4. Тығын; 5. Тосол ағызу келтеқосқышы; 6. Салқын тосол енгізу қелтеқосқышы.
КамАЗ автокөлігін пайдалану нұсқамасында электршырақтық құрылғы қоршаған ортаның -25˚С төмен температурада қозғалтқыштың сенімді оталдырылуына кепіл береді деп жазылған. Бірақ, жұмыс тәжірибесіне қарап, бұл ақиқатқа сәйкес келмейтініне көз жеткізе аламыз, ал жүргізушілердің көбісі «шырақты» құрылғыны сенімсіз және қауіпті деп санап, онымен өте сирек пайдаланады және олар дұрыс жұмыс жасайды. Себебі электршырақтық құрылғы қозғалтқыш цилиндріне түсетін ғана ауаны қыздырады, ал салқындатқыш сұйықтық және май сол суық күйінде қала беріп, қозғалтқыш ресурстарын едәуір төмендетеді. Суық қозғалтқышты оталдыру кезінде бірінші кезекте картердегі майды қыздыру керектігін ұмытпау қажет.

Баяғыда, осыдан қырық жыл бұрын жүргізілген сынақтар, қыс мезгілінде суық қозғалтқышты оталдыру кезінде май сорғысынан ең қашық орналасқан үйкелесетін беттерге май, қозғалтқыш жұмысының 3 минутынан кейін түсетінін көрсетті. Май сорғысы майлау сызбасы бойынша салқын қоюлатылған майды тез қуа айдап шыға алмайды. «Құрғақ» үйкелесу кезінде бөлшектер тез тозатыны туралы түсіндіру қажет емес деп ойлаймын. Сондықтан да қоршаған ортаның -10˚С не одан да төмен температура кезінде оталдыру қыздырғышымен қолдану керек.

КамАЗ автокөлігінің оталдыру қыздырғышы (ПЖД-30) айтарлықтай сенімді әрі қауіпсіз, жеңіл қосылып, салқындатқыш сұйықтықтың да қозғалтқыш картеріндегі майдың да тез қыздырылуын қамтамасыз етеді. -10˚С дейін температурада салқын қозғалтқыш қыздырусыз да, бірақ қиындықпен оталады. Алайда, басты майлы магистральдағы май қысымы өте баяу көтеріледі, ал бұл жағдай бөлшектердің тозуын көп есе арттыра түседі. КамАЗ үшін ең көп жайылма М-8-Г2(К) қысқы моторлық майы, ол -7...-10˚С аяз температурасында қоюланады. Қозғалтқышты қыздырмай оталдыру да төмен температураларда мүмкін, бірақ үйкелескен бөлшектердің тозбауы үшін, май жүйесі қымбат синтетикалық немесе жартылай синтетикалық майлармен толтырылуы болу керек, ал бұл жағдай жүргізушілерге беймәлім.

Іске қосу қыздырғышты қолданар алдында, оның жұмысы кезінде қанша жүргізуші аязда тонбаса да, көлікті қараусыз қалдырмау керектігін ұмытпау керек.қыздырғыштардың ақаулықтары өрт жағдайына әкеліп соққан жағдайлар танымал.



3.4 ӨСА қозғалтқышының жылулық жағдайының тұрақтылығы

Аталған құрал салқындатқыш сұйықтықтығы бар ішкі жану қозғалтқыштарына жатады және олардың қалыпты жағдайын сақтау үшін арналған. ІЖҚ сұйықты салқындату жүйесі цилиндр жиынтықтың салқындату қаптамасынан, жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасынан, штаттық термостаттан, радиатордан, гидравликалық сорғыдан, құбыржолдардан, термометрден және оның ойлап шығарылуына сәйкес, штаттық термостатпен бірге гидравликалық контур бойынша жылу тасушыны (су, антифриз, тосол) бағыттайтын қосымша термостаттан тұрады: жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы – штаттық термостат – гидравликалық сорғы – қосымша термостат – қосымша құбыржол – цилиндр жиынтық бастиектерінің қаптамасындағы төменгі деңгей. Бұл иіндік біліктің айналу білігінен әртүрлі қашықтықта орналасқан қозғалтқыштың әртүрлі деңгейлері арасындағы және цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейіндегі температураны реттейтін қосымша термометрмен жылу алмасуды қамтамасыз етеді және штаттық термометрмен қоса қозғалтқыштың жылу жағдайын әлі бағалауға мүмкіндік береді. Құрал салқындату жүйесінің құрылымын, қоршаған ауаның жоғары температуралары кезінде радиатордағы судың қайнап кетуінің жойылуын қамтамасыз етеді.

Иіндік біліктің айналу білігінен әртүрлі аралықта орналасқан ІЖҚ деңгейлері арасындағы массалық жылу алмасуды ұйымдастыру жолымен қалыпты жылулық жағдайды сақтайтын сұйықтық салқындату жүйесі бар (патент 2108469).

Қозғалтқыштың аталған салқындату жүйесінің артықшылықтары: оның қалыпты жылулық жағдайын үнемі сақтап отыру мүмкіндігі және қоршаған ортаның төмен температуралары кезінде радиатордағы судың мұздап қалу қаупін жою болып табылады, кемшіліктері – қосымша сорғының бар болуы және қатты аяз кезінде радиатордағы судың мұздап қалудың біршама мүмкіндігі.

Жұмыс мақсаты – салқындату жүйесінің құрылымын жақсарту:

а) қосымша сорғыны жоқ қылу;

б) қатты аяз кезінде радиатордағы судың мұздап қалу мүмкіндігін азайту;

в) қоршаған ауаның жоғары температура кезінде радиатордағы судың қайнап кету мүмкіндігін жою;

г) қозғалтқыштың жылулық деңгейін бақылануын жақсарту.

Аталған мақсаттарға, салқындату жүйесі қосымша термостат пен термометрмен жабдықтау, ал қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайын сақтау және шығарылған газдардың жылулық қуатын судың мұздап кетпеуі үшін қолдану арқылы жетуге болады. Бұл кезде жүйедегі судың қайнап кетпеуі үшін оның газдармен қыздырылуы тоқтатылуы мүмкін.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 суреттерінде ұсынылған салқындату жүйесі көрсетілген.

Бұл жерде: 1 – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы; 2 – цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы; 3 – жылу тасушының (су, антифриз, тосол және т.б.) мәжбүрлі және термосифондық айналымының аймақтары арасында шартты аумағы; 4 - термостат (негізгі); 5 – радиатор; 6 - гидравликалық сорғы; 7 - қосымша термостат; 8 – термостат кеңісітігі 7 мен цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейі арасындағы құбыржол; 9 – цилиндрдің жиынтық баститектерінің салқындату қаптамасындағы 2 жылу тасушының температурасын тіркеу үшін термометр (негізгі); 10 - цилиндрдің жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейіндегі 1 жылу тасушының температурасын тіркеу үшін термометр (қосымша); 11 – шығарылған газдардың жылуымен суды қайнатудың жылутасушысы; 12 - жылутасушы 11 мен цилиднр жиынтығының салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі арасындағы құбыржол; 13 – ауыстырып қосқышы 18 бар жылутасушыға 11 шығарлыған газдарды жіберуді сөндіру құралы (4 фиг. және 5 фиг.); 14 – ауыстырып қосқышы 19 бар жылутасушының гидравликалық элементтеріне су берілуін сөндіру құралы.

Берілген салқындату жүйесі келесі тәсілмен жұмыс жасайды. 85˚С және одан да жоғары температура кезінде (сурет 1) жылу тасушы гидравликалық контур бойынша айналады: цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату 2 қаптамасы – термостат 4 – радиатор – гиравликалық сорғы 5 – термостат 6 – піспектің жоғарғы бос нүкте саласының шартты шегінен жоғары (жылутасушының мәжбүрлі айналым аумағы – бағыт 15) цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасы 7.

Цилиндр жиынтығының шартты шегінен төмен салқындату 1 қаптамасында аз қарқынды термосифондық айналым (термосифондық айналым аумағы) өтеді.

Бұл аумақтар арасындағы массалық жылу алмасу онша көп болмайды және қозғалтқыштың жұмыс режиміне және қолдану талаптарына сәйкес келеді.

Термометр 9 көрсеткіштері қозғалтқыштың шартты шектен жоғары 3 аймақтарының жылулық жағдайын, термометр 10 – цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейдегі аумағын көрсетеді.

Қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайы (жылу тасушысының және майдың температурасы, майлау жүйесіндегі қысым, оның қуаттылығы, иіндік біліктің айналым жиілігі, отын көрсеткіштері және т.б.) кезінде термометрлердің 9 және 10 көрсеткіштерінің әртүрлілігі төмен болады.

69˚С температура кезінде термостаттар 4 және 7 қосылып, барлық жылу тасушының гидравликалық контур бойынша қозғаласын қамтамасыз етеді: жиынтық бастиектерінің салқындату 2 қаптамасы – термостат 4 – гидравликалық сорғы 6 – термостат 7 – құбыржол 8 – цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейі (16 бағыт).

Бұл кезде цилиндр жиынтық бастиектері мен піспектің жоғары бос нүктесі аумағындағы цилиндр жиынтығының шайылатын ішкі беттерінен қызған жылу тасушы жылуды цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейіне ауысады. Цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасындағы айналымның қарқындылығы, негізінде, сорғы өнімділігімен анықталады, жылу тасушының жылуымен берілген цилиндр жарларының температурасы піспектің жоғарғы бос нүктесі бағытына қарай көтеріліп, қозғалтқыштың жылулық жағдайы жақсарады.

Термометр 9 бұл кезде температураны цилиндр жиынтығының жылулық жағдайының деңгейін есептеп отырып тіркейді, ал термометр 10 тек цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейіндегі қозғалтқыштың жылулық жағдайын тіркейді.

65˚С-дан 85˚С-ға дейінгі температура аралығында термостат 4 радиаторға 5 жылу тасушыны жарым-жарты жіберіп отырады, ал термостат 7 мәжбүрлі айналым ішіне жібереді. Гидравликалық контур бойынша: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – құбыржол 8 – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы 1, ағатын жылу тасушының мөлшері оның температурасымен белгіленеді.

Термостат 7 пен құбыржол 8 қозғалтқыштың әр-түрлі жылулық жағдайы бар және иіндік біліктің айналым білігінен түрлі аралықа орналасқан деңгейлері арасында ұйымдасқан массалық жылу алмасуды қамтамасыз етуін көреміз.

Термометр 10 қозғалтқыштың жылулық жағдайын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Қосымша сорғының қажеттілігі түседі, ал бұл – оның қосылуына, қалыңдатуына және үйкеленген бөлшектеріне және т.б. қуаттың жұмсалуы.

Салқындату жүйесінің жылу алмасумен 11 қамтамасыз етілуі қоршаған ортаның төменгі температуралар жағдайында ІЖҚ ұзақ уақыт қолдану кезінде оның ішінде суды қолдану мүмкіндігін береді.

65˚С төмен температура (термометр 9 көрсеткіштері) кезінде термостат 4 гидравликалық контур бойынша суды: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – жылу алмасушылық 11 – құбыржол 12 – салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі (16 бағыт). Жылу алмасудағы су шығарылған газдармен қыздырылып, оны цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының жуылатын беттері бойынша береді (17 бағыт). Қозғалтқыштың жылулық жағдайы қаптаманың төменгі деңгейінен 1 мәжбүрлі айналым аймағына қарай қарқынды жоғарылауы орын алады.

85˚С және одан да жоғары температура кезінде термостат мәжбүрлі айналым аймағынан бүкіл суды радиаторға 5 жіберіп, бұл жерден су сорғыға 6, термостат кеңістігіне 7 және мәжбүрлі айналым аймағына келіп түседі.

65˚С-дан 85˚С-ға дейінгі температура аралығында термостат 4 радиаторға 5 жылу тасушыны жарым-жарты жіберіп отырады, ал термостат 7 шектен жоғары цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасына жібереді. Бұл судың мөлшері оның температурасымен белгіленген.

Шығарылған газдардың суға берілген жылулық қуатының көлемі, радиатордағы 5 су мұздап кету қаупін жоқ қылады.

Термостат 9 және 10 көрсеткіштері қозғалтқыштың жылулық жағдайы туралы объективті көрініс бере алады.

Салқындату жүйесін құралмен 13 жабдықтап, ауыстырып қосқыш 18 көмегімен жылу алмасуға 11 шығарылған газдардың берілуін сөндіруге болады. Гидравликалық контур: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – құрал көмегімен шығарылған газдардың берілуі сөндірілген жылу алмасу 11 – құбыржол 12 – 69˚С төмен температура кезінде шектен жоғарыда орналасқан аумақтан жылы судың салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының 2 төменгі деңгейіне ауысады.

Жылу алмасудағы 11 судың қыздырылу мүмкіндігін құрал 14 көмегімен жоққа шығаруға болады, ол үшін 69˚С төмен температура кезінде ауыстырып қосқышты 19 тиісті қалыпқа орнатып, цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейіне құбыржол 8 бойынша суды жіберу керек(20 бағыт).

Құралдар 13 және 14 қоршаған ауаның жағымды температура жағдайында қозғалтқышты қолдану кезінде жылу алмасумен 11 жабдықталған салқындату жүйесінде судың қайнап кетпеуін қамтамасыз етеді.

Салқындату жүйесінің бұндай орындалуы шығарылған газдардың қуатын қолданып, қатты аяз кезінде радиатордағы 5 судың қатып қалу және жылдың жылы мезгілдерінде оның қайнап кету қаупін жоқа шығарады.

Құралдар 13 және 14 қоршаған ауаның температурасына қарай, қолмен немесе автоматты түрде басқарылады.

Ұсынылған салқындату жүйесінің негізгі артықшылықтары:

- ол ішкі жану қозғалтқышының қалыпты жылулық жағдайын сақтау жүйесі болып шығады;

- оны қазіргі ІЖҚ қолдану үшін қаржылық шығын қажет емес, себебі цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы 1 және цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы 2 ешбір өзгертілмейді;

- қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайының үнемі сақталуы, оның цилиндрлік-піспектік тобының тозуын, отын шығынын, қоршаған ортаның шығарылған газдардың зиянды компоненттерімен ластануын, құрал мен еңбектің пайдалану шығындарын азайтады;

- автокөліктің кабина мен салондағы температуралық режимді үнемі сақтау мүмкіндігі жылу тасушыдан жылуды айыру көмегімен пайда болады;

- термометр 9 және 10 көрсеткіштері қозғалтқыштың жылу жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді;

- бұнымен қозғалтқыштардың күрделі жөндеу кезінде де жабдықтауға болады.

ІЖҚ сұйықтық салқындату жүйесі: цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасынан, жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасынан, штаттық термостаттан, радиатордан, гидравликалық сорғыдан, құбыржолдардан, қосымша термостатпен ерекшеленген термостаттан тұрады. Ал қосымша термостат штаттық термостатпен бірігіп су тасушыны (су, антифриз, тосол) гидравликалық контур бойынша бағыттайды: жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы – штаттық термостат – қосымша құбыржол – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейі. Бұл қозғалтқыштың иіндік біліктің айналым білігінен әр-түрлі аралықта орналасқан әр-түрлі деңгейде және қосымша термометрмен массалық-жылу алмасуды қамтамасыз етіп, цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейінде температураны тіркеп, штаттық термометрмен бірігіп, қозғалтқыштың жылулық деңгейін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Сұйықтық салқындату жүйесі 1 п. бойынша, оның қосымша термостат пен цилиндр жиынтық қаптамасының салқындату қаптамасындағы төменгі деңгейі арасындағы гидравликалық контур ішіне қозғалтқыштың шығарылған газдар жылуымен қыздырылатын жылу тасушысымен ерекшеленеді.

Сұйықтық салқындату жүйесі 1 п. және 2 п. бойынша, қоршаған ауаның жағымды температуралары кезінде жылу тасушы жүйесінде қайнап кетуді болдырмау үшін оның жылу алмасудағы қыздырылуы тоқтатылуымен ерекшеленеді.







20 сурет. Қосымша термостаты бар қозғалтқышты салқындату жүйесі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет