ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Ақсай атауының семантикасы көпке түсінікті болса да, бұл топонимді  көне атаулар санатына қосуға болады. Ақсу



Pdf көрінісі
бет23/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ақсай
атауының семантикасы көпке түсінікті болса да, бұл топонимді 
көне атаулар санатына қосуға болады.
Ақсу
топонимін Э.М.Мурзаев «
ақ су
- белая, чистая 
вода»
 
деп қарайды (41,43). Бұл пікірді Е.Қойшыбаев қолдамайды (28,35). Шынында да, 
Э.М.Мурзаевтың 
Ақсай, Ақсу
атауларының құрамында түске байланысты «ақ» сын есімі бар 
деп есептеген пікірімен келісуге болмайды. «Ақ» сөзі бұл гидронимнің құрамында түсті емес, 
«ағу» ұғымын, яғни «ағын су» немесе «ағын сай» ұғымын беріп тұр. Осындай пікір 
А.Н.Кононов пен В.Н.Попованың да еңбектерінде берілген (42; 43). Бұл атау көне дәуірде
оғыз-қыпшақ тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. Оның басты дәлелі - 
Ақсу, Ақсай
гидронимдерінің қырғыз, татар, түркмен, азербайжан топонимиясында да кездесуі. Ол тілдерде 
де «ақ» сөзі 
судың ағуы
мағынасын береді. 
Сай 
термині 
жыра, өзен, жылға
мағынасын береді. 
Демек, 
Ақсай - 
ағынды өзен, жылға
деген сөз.
Өлеңті
 
- Батыс Қазақстанның шығысындағы өзен мен елді мекен атауы. 
Өлең
деген 
шөптің (
осока поникшая, осока
ранняя)
көп өсетіндігіне байланысты пайда болған атау. 
Өлең

малға жұғымды шөп. Қазақта «
Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді
» деген 
мақал бар. Осындағы 
Өлеңті
топонимінің шөптің атауы екені түсінікті болса да, бұл сөздің 
құрамындағы -ты жұрнағының бүгінгі тілдік нормаға бағынбай жалғануы, топонимнңң көне 
дәуірде, түркі тілдерінде қосымшалардың варианттары қалыптаспаған кезде пайда 
болғандығын, демек, көне форманың реликтілік көрінісі екендігін білдіреді
2
.
Шідерті 
- Сырым ауданындағы өзен мен елді мекен атауы. Бұл топонимнің алтай 
диалектісіндегі 
сүдерлү
варианты «
имеющий покров, защиту, тень»
мағынасын береді
(44, 
296). В. Радловтың сөздігінде де 
сүдер
сөзіне «
покров, тень
» деген түсінік берілген. Сөйтіп, 
түркі тілдеріндегі көне -
сүдер, 
-
седер, -шідер
сөзі «
жабын, көлеңке
» мағынасын білдіреді де, 
туынды сын есімнің жұрнағы арқылы «
жабынды, көлеңкелі»
ұғымы пайда болған. 
Шідерті 
атауы Қазақстанның басқа да аймақтарында (Павлодар облысында) кездесіп, негізінен жағасы 
қалың, көкорай шалғынды немесе өзенді жер ұғымында қолданылады.
 
Қазақ тілінің топонимикалық лексикасында сол тілде сөйлеуші халықтың қоғамдық 
қатынастарындағы болып жатқан өзгерістер, туыстас тілдер арасындағы белгілі бір атауға 
байланысты 
айырмашылықтардың 
кездесуі 
топонимдердің 
лексико-семантикалық 
өзгермелілігін көрсетеді. Дегенмен түркі тілдерінің көне негіздері топонимдер бойында да 
сақталғаны байқалады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет