ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет26/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Базаршолан -
«қақпа алдындағы елді мекен, сарай». 
Шолан 
сөзінің елді мекен атауы 
бола алатынын
 
осы маңайдағы
Ақшолан 
атауымен салыстыруға болады. Облыс 
территориясында дәл осылай аталатын елді мекен бар. Осы атау құрамындағы 
Шолан 
сөзі 
Сырым бабаның жетінші атасы деген де дерек бар. Мүмкін адам атынан елді мекен атына 
ауысуы немесе керісінше трансоминизация процесі арқылы елді мекен атынан адамға қойылуы 
болуы әбден мүмкін. 
 
Шайтанкөпір-
 
Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
Шайтан- 
діни ұғым бойынша, «көзге 
көрінбей өмір сүретін жын, ібіліс»
(49,184) деген мифтік ұғымдағы араб тілінен енген сөз.
1.2.4. Моңғол қабаты 
 
 
Әр түрлі көшпенді бірлестіктер негізінде пайда болған Қазақстанның байырғы 
халқының құрамында араласу процесі бұрынғыдан да күшейе түскен ХІ ғасыр мен ХІҮ ғасыр 
аралығында монголоидтық қоспа Батыс Қазақстанның (Еділ-Жайық өңірлерінде) шекаралық 
облыстарында байқалады (50, 15).
Бірінші мыңжылдық пен екінші мыңжылдықтың басы әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
даму кезеңі болды. Қазақстанның бірқатар отырықшы және жартылай отырықшы 
аудандарында қалалар саны көбейді, алыс және жағын тайпалық бірлестіктердің ынтымақтаса, 
бірлесе түсу процесі күшейді. Осы дәуірдің халқы, тұтас алғанда, белгілі бір жалпы этникалық 
негіз құруға бағыт алды. Алайда, ХІІ ғасырдың басында моңғолдардың шабуыл жасап, Қазақ 
жерінде моңғол ұлыстарын (Шоны және Шағатай) құруы қазақ халқының жалпы этникалық 


21 
дамуын аяқтау және мәдени жағынан біріге түсу процесін ұзақ жылдар бойына тоқтатып 
тастады. Соның көрініс көзі іспеттес облыстағы Сырым ауданында 
Шағатай 
елді мекені бар.
Моңғолдар билеген кезде Қазақстан территориясына ықпал еткен негізгі фактор 
феодалдық мемлекет пен хандықтың құрылуы болды
.
. ХІҮ ғасырдың басында Ақ Орданың 
орнында екі көлемді көшпелі феодалдық иеліктер - Ноғай ордасы мен Өзбек хандығы пайда 
болды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, Ноғай ордасына Тобылдан Еділге дейінгі жерлер кіріп, 
маңғыт және алшын тайпалары қоныстанды
(50, 55). Бұл тайпалардың осы жерлерді 
мекендегенін батырлар жырындағы деректерден, осы жерлердегі жер-су атауларынан анық 
байқауға болады. Батыс Қазақстанда Ер Тарғын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет