ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


батырдың есімі гидронимге берілген. Жәнібек  ауданының батысында Еділге құятын  Ертарғын



Pdf көрінісі
бет27/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
батырдың есімі гидронимге берілген. Жәнібек 
ауданының батысында Еділге құятын 
Ертарғын 
өзені ағып жатыр. Ол өзенді Ресей жеріндегі 
халық 
Таргынка
деп атап жүр.
Моңғолдар үстемдігі салдарынан қазақ жеріне, оның ішінде, батыс өлкесіне де моңғол 
атаулары ене бастады. Алайда қазақ топонимиясының моңғол тілінен енген атаулармен 
толығуын жоғарыда көрсетілгендей, тек осы шапқыншылық болған кезеңмен ғана шектеуге 
болмайды. Батыс Қазақстан территориясында кездесетін кейбір атаулар қазақ тілі мен моңғол 
тілдері арасындағы байланыстың тарихи тамырының тым тереңге кететінін дәлелдеуге негіз 
бола алады. Облыс топонимиясы құрамындағы 
Бұлдырты, Сайқын, Қотантал, 
Қалдығайты, Жымпиты, Аңқаты 
секілді атаулар моңғол шапғыншылығы дәуірінен де 
бұрын, түркі - моңғол тіл бірлестігі кезеңінде пайда болған деп топшылаймыз. Демек, 
топонимдер құрамындағы моңғол тілінен енген сөздердің семантикасын Ә.Әбдірахмановтың, 
К.Қоңқобаевтың, О.Т.Молчанованың, А.В.Суперанскаяның классификацияларына сүйене 
отырып, екі негізгі лексико-семантикалық топға бөліп қарауға болады.
1. Түркі - моңғол тіл бірлестігі заманында қалыптасқан атаулар;
2. ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан атаулар.
Батыс Қазақстанның жер-су атауларында моңғол тілінен енген сөздердің көп болуы - 
сонау ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығымен байланысты болған болу керек. Тарихта із 
қалдырған моңғол шапғыншылығы Азия мен Шығыс Европа секілді Қазақстанның батыс 
аймағын да көп қырғынға ұшыратқан. Сөйтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
даму процесін ұзақ уағытқа бөгеді. Шыңғыс әскері зобалаңынан қазақ даласындағы көптеген 
қалалар қиратылып, олардың талай ғасырлық тарихы қираған қорғандар астында қалып, 
атаулары жойылды. Бұл шапқыншылық сол кездегі Орта Азиядағы түркілердің гүлденген 
мәдениетін жермен-жексен етті. «Моңғол шапғыншылығы моңғолдарға қарағанда, түркі тектес 
халықтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне ерекше әсерін тигізді» деп тұжырымдаған 
академик В.В.Бартольдттың пікірін моңғол шапқыншығына берілген баға деп есептеуге 
болады (51, 189).
Моңғол тілінен енген топонимдер Қазақстанның барлық аймағында кездесетіні сияқты, 
Батыс Қазақстанда да бар деп есептеледі
(5, 4). Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет