Қалдығайты -
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы өзен атауы және
кеңшар орталығы. Сөз түбірі моңғолдың
Хандағай
сөзі болуы ықтимал. «Моңғолша -қазақша
сөздікте»
хандағай
-
бұлан - (бұғының бір түрі)
деп түсіндіріледі
(55, 261). Демек,
Хандағай
сөзі
мен осы гидронимдегі
қалдығай
сөздері тым жағын, айырмасы
н~л
дыбыстарының
алмасуында ғана (57, 25).
Проф. С.Аманжолов мұндай дыбыс алмасуларының батыс
говорларына тән екендігін айта келіп,
ғандел-ғанден, жамалдат-жамандат
болып айтылуы
н~л
дыбыстарының алмасуының белгісі деп есептейді. Ендеше,
хандагай~қалдығай
алмасуын
да осы негізде түсіндіруге болады. Қазақша
бұлан
деп аталатын бұл жануардың Батыс
Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарында кездесуі
(58, 521) аталған
гидронимге мұндай аттың қойылуы заңды екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, Қалдығайты
бассейніне жағын аймақта
Бұлан
деп аталатын
елді мекеннің болуы да бұл жерлерді
бұландардың мекендегенін дәлелдей түседі. Ал сөз соңындағы
-ты
тұлғасы - түркі тілдеріне
тән туынды сын есім жасайтын көне жұрнақ. Бұл жұрнақтың Батыс Қазақстан облысындағы
кейбір гидронимдерге буын үдестігі заңына бағынбай жалғануы да
Хандығай~Қалдығай
атауының көне екендігін білдіреді. Сонымен Қалдығайты атауының этимологиясы
Хандыгай+ты ~ Қалдығай+ты ~ Бұланды.
Шаған -
Жайық өзенінің оң жақ саласы.
Қазақстан территориясына кең таралған моңғол
атауы. Е.Қ ойшыбаев «
Достарыңызбен бөлісу: |